Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.15 № 1313 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығын және Машина жасауды болжау жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қаңтардағы N 2 P980002_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының, Қорғаныс министрлiгiнiң және Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық бағыныстағы "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығын "(СFТО)" құру туралы ұсынысы қабылдансын. "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығының (CFTO) мекен-жайы Алматы қаласы болып белгiленсiн";
4-тармақтың екiншi абзацындағы "өнеркәсiп орындары мен тәжiрибелiк өндiрiсi бар конструкторлық-технологиялық бюроларды" деген сөздер "ғылыми-зерттеу және тәжiрибе конструкторлық ұйымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi