Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 1001 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1857

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Салық төлеушiлердi салық есебiнде аударым жасау тәсiлiне көшiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 1001 P971001_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 28, 251-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "1997" деген сан "1998" деген санмен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi абзац "салықтарды" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзацта:
      "салық сомаларын" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      "өсiм" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi