Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Салық төлеушiлердi салық есебiнде аударым жасау тәсiлiне көшiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы
N 1001
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 28, 251-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "1997" деген сан "1998" деген санмен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзац "салықтарды" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацта:
"салық сомаларын" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
"өсiм" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi