Банкроттық рәсiмдерiн ауыл шаруашылығы ұйымдары үшiн қолданудың ерекшелiктерi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1816

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Банкроттық рәсiмдерiн ауыл шаруашылығы ұйымдары үшiн қолданудың ерекшелiктерi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 22 желтоқсандағы
                                        N 1816 қаулысымен
                                               бекiтiлген

           Банкроттық рәсiмдерiн ауыл шаруашылығы ұйымдары
                 үшiн қолданудың ерекшелiктерi туралы
                                ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген банкроттық рәсiмдерiн ауыл шаруашылығы ұйымдарына қатысты қолданудың ерекшелiктерiн реттейдi.

                          I. Жалпы ережелер

      1. Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне K941000_ , "Банкроттық туралы" Z970067_ Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес әзiрлендi.
      2. Ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттығы рәсiмдерi осы Ережеде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
      3. Осы Ереженiң күшi ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына қарамастан ауыл шаруашылығы ұйымдарына қолданылады.
      4. Шаруа (фермер) қожалықтарының банкроттығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 21-бабына "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының VII тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      ауыл шаруашылығы ұйымы - жердi өндiрiстiң негiзгi құралы ретiнде тiкелей пайдаланудан кемiнде 50 процент салық салынатын кiрiс алатын коммерциялық ұйым;
      ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң маусымдылық циклы - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру үшiн қажеттi көктемгi егiс және жиын-терiн жұмыстарын қамтитын технологиялық шаралар кешенiн орындау кезеңi;
      саудаластықтың голландиялық әдiсi - бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен саудаластыққа (аукционға) қатысушылардың бiрi сатылатын мүлiктi жарияланған бағасы бойынша сатып алуға келiскен сәтке дейiн төмендейтiн саудаластық (аукцион) жүргiзу әдiсi.
      6. Басқа ұғымдар Ережеде "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қолданылып жүрген айқындамаларға сәйкес пайдаланылады.

             II. Борышкер ауыл шаруашылығы ұйымын банкрот
                        деп тану үшiн негiздер

      7. Ауыл шаруашылығы ұйымын банкрот деп тану туралы iс қозғаған кезде сотқа "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құжаттарға қоса жерлердiң кадастрлық сипаттамасы мен ауыл шаруашылығы өндiрiсi маусымдылығының соңғы циклындағы ауа райы-климаттық жағдайының деректерi ұсынылады.
      8. Борышкер ауыл шаруашылығы ұйымын сот тәртiбiмен немесе соттан тыс банкрот деп тану үшiн оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.
      9. Борышкер ауыл шаруашылығы ұйымының ауыл шаруашылығы өндiрiсi маусымдылығының кезектi циклының iшiнде жалақы төлеу жөнiндегi талаптарды қоса алғанда, кредиторлардың ақшалай мiндеттемелер бойынша талаптарын қанағаттандыруға, сондай-ақ өзiне тиесiлi мүлiктiң есебiнен бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдердi төлеудi қамтамасыз етуге қабілетсiздiгi оны дәрменсiз деп тану үшiн негiз болып табылады. Борышкер ауыл шаруашылығы ұйымының активтерiнiң оның пассивтерiнен шартты түрде асып кетуi борышкердi дәрменсiз деп танудан бас тарту үшiн негiз болмайды.

                 III. Жердi пайдалану құқығының құны

      10. "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының U952717_ 27-бабының 1-тармағына сәйкес жердi тұрақты және ұзақ мерзiмдi уақытша пайдалану құқығы олар банкроттық жағдайды қоса алғанда, өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн заңды тұлғалардың мүлкiнiң құрамына кiредi.
      11. Әкiмгер, оңалтушы және конкурстық басқарушылар ауыл шаруашылығы ұйымының жердi пайдалану құқығы заңдарға сәйкес ресiмделгенiне, оның құны активтерге кiргiзiлгенiне және ауыл шаруашылығы ұйымының балансында көрсетiлгенiне көз жеткiзуге мiндеттi. Жердi пайдалану құқығын ресiмдеу және оның құнын баланста көрсету жөнiндегi заңдардың талаптарына сәйкес келмеушiлiк фактiлерi анықталған кезде әкiмгер, конкурстық басқарушы тиiстi тiркелудi, жердi пайдалану құқығын бағалауды және ауыл шаруашылығы ұйымының активiне кiргiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      12. Жердi пайдалану құқығын тiркеуге және оның құнын айқындауға байланысты шығыстар әкiмшiлiк шығыстарға жатады.
      13. Банкрот ұйымның жердi пайдалану құқығы конкурстық массаның құрамына кiредi.

           IV. Дәрменсiз ауыл шаруашылығы ұйымын сауықтыру
                          жөнiндегi шаралар

      14. Сот дәрменсiз ауыл шаруашылығы ұйымына қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу мақсатқа сай болады деп ұйғарым шығарған жағдайда оңалтушы басқарушы борышкер ауыл шаруашылығы ұйымын оңалту жоспарында көзделген шараларды жүзеге асыруға кiрiседi.
      15. Дәрменсiз ауыл шаруашылығы ұйымын санациялау бағдарламасы ауыл

шаруашылығы ұйымының төлем қабiлетiн қалпына келтiру жөнiндегi нақты 
шараларды (оңалту шараларын) қамтуға тиiс.
     16. Оңалту шаралары дәрменсiз ауыл шаруашылығы ұйымын таратуды 
болдырмауға бағытталған кез келген ұйымдастыру-шаруашылық, техникалық, 
қаржы-экономикалық шараларды қамти алады.
     17. Оңалту рәсiмдерiнiң ұзақтығы 2 жылдан аспауы тиiс. Сот оңалтушы 
басқарушының өтiнiмi бойынша оңалту шараларын жүзеге асырудың мерзiмiн 
ұзартуға, бiрақ ауыл шаруашылығы өндiрiсi маусымдылығының бiр циклынан 
аспайтын уақытқа ұзартуға құқылы.

              V. Конкурстық массаның құнын ұстап тұру
                         жөнiндегi шаралар

     18. Әкiмгер, конкурстық басқарушы "Банкроттық туралы" Қазақстан 
Республикасы Заңының 13, 14-баптарына сәйкес өткiзiлген дауыс берудiң 
нәтижесiнде алынған кредиторлар комитетiнiң (жиналысының) келiсiмiмен 
конкурстық массасының құнын ұстап тұру үшiн қажеттi шараларды жүргiзу 
туралы шешiм қабылдауға құқылы.
     19. Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөнiндегi шараларға:
     1) жерлердi қорғау жөнiндегi шаралар;
     2) егiн егу және жиын-терiн жұмыстары;
     3) материалдық-техникалық базаны дайындау және пайдалану;
     4) өзге де шаралар жатады.
     20. Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөнiндегi шараларды 
жүргiзуге арналған қаражат:
     1) банкрот ұйымның активтерiн мақсатты арналуы бойынша пайдаланудың;
     2) өндiрiстiк алаңдарды жалға берудiң;
     3) жаңа борыштық мiндеттемелер қабылдаудың;
     4) мүлiктiң бiр бөлiгiн сатудың;
     5) өзге де iс-әрекеттiң есебiнен алынуы мүмкiн.


      21. Әкiмгер, конкурстық басқарушы конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру мақсатында кредиторлар комитетiнiң (жиналысының) келiсiмiмен банкрот ауыл шаруашылығы ұйымының атынан шарттар жасасуға құқылы. Жаңадан қабылданған мiндеттемелер жөнiндегi шарттардың қолданылу мерзiмi конкурстық iс жүргiзу мерзiмiнен аспауы тиiс.
      22. Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ жаңадан қабылданған борыштық мiндеттемелер әкiмшiлiк шығыстарына жатады. Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөнiндегi шараларды жүргiзуден қалған қаражат конкурстық iс жүргiзу процесiнде өндiрiп алуға жататын мүлiктiң құрамына кiредi.

           VI. Банкрот ауыл шаруашылығы ұйымының конкурстық
                    массасын бiрыңғай лотпен сату

      23. Банкрот ұйымның конкурстық массасын сату голландиялық әдiс бойынша бiрыңғай лотпен аукционда жүргiзiледi.
      24. Конкурстық массаны жүзеге асыру жөнiнде аукцион өткiзудiң уақыты мен орнын кредиторлар комитетiнiң (жиналысының) келiсiмiмен конкурстық басқарушы айқындайды.
      25. Конкурстық массаны сату кезiндегi бастапқы баға конкурстық басқарушы төлеу үшiн бекiткен төленбеген әкiмшiлiк шығыстар мен жалпы кредиторлық берешектердiң сомасының жүз еселенген мөлшерiнен кем болмауға тиiс. Конкурстық массаны сату кезiндегi ең төменгi баға төленбеген әкiмшiлiк шығыстардың сомасынан кем бола алмайды. Бастапқы және ең төменгi бағаны есептеудi конкурстық басқарушы жүргiзедi және оны кредиторлардың комитетi (жиналысы) бекiтедi.
      26. Конкурстық басқарушы әкiмшiлiк шығыстардың сомасы, әр кезектегi кредиторлардың талап етуiнiң жалпы сомасы туралы ақпаратты, сондай-ақ әкiмшiлiк шығыстардың бiр бөлiгiнiң төленгенi және жекелеген кредиторлардың талаптарының қанағаттандырылғаны туралы ақпаратты аукционға қатысушының талап етуi бойынша ұсынуы тиiс.
      27. Конкурстық массаны сату жөнiндегi аукционға қатысуға қатысушы ретiнде тiркелген жеке тұлғаларға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, шетелдiк жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ банкрот ауыл шаруашылығы ұйымының кредиторларына, оның iшiнде банкрот ұйымның еңбек ұжымның қатысушы болып тiркелген мүшелерiне рұқсат етiледi.
      Банкрот ауыл шаруашылығы ұйымының мүлкiн бiрыңғай лотпен сату кезiнде оны сатудың шарттарының бiрi банкрот ұйымның қызметiнiң негiзгi түрiн сақтау болуы мүмкiн.
      28. Аукционға банкрот ұйымның кредиторы қатысқан және ол жеңiмпаз деп танылған жағдайда, кредитор өзiнiң талабының сомасын егер сату бағасы кредиторлардың бұрынғы кезегiнiң және осы кредитор кiретiн кредиторлар кезегiнiң талаптарын қанағаттандырмаған төленбеген әкiмшiлiк шығыстардың сомасына тең немесе одан асатын кезiнде сатып алынған мүлiк үшiн төленген қаражат ретiнде пайдалануға құқылы және сату, алу бағасы мен оның талабының мөлшерiнiң арасындағы айырма ақшалай түрiнде енгiзiледi. Кредитор енгiзiлетiн ақша қаражатының мөлшерiн кредиторлардың бұрынғы кезегiнiң және талап ету құқығын беру нәтижесiнде алынған өз кезегiнiң талабының төлем қаражаты ретiнде пайдалану есебiнен азайтуға құқылы.
      Осы тармақпен белгiленген ереже, сондай-ақ банкрот ұйымның еңбек ұжымының мүшелерiне қатысты да қолданылады.
      29. Банкрот ұйымның конкурстық массасын сатып алушы болмаған кезде конкурстық массаны бiрыңғай лотпен сату бөлшектеп жүргiзiледi.
      30. Конкурстық массаны бөлшектеп сатып алушы болмаған кезде борышкердi сырттай басқару және конкурстық iс жүргiзу барысында пайда болған мiндеттемелер бойынша (әкiмшiлiк шығыстар) әкiмгер, конкурстық басқарушы және кредиторлар өздерiнiң талаптарын қанағаттандыруды банкрот ұйымның мүлкiнiң есебiнен өздерiнiң талаптарының сомасына бара-бар түрде алуға құқылы.