Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi бекiтiлсiн (қоса
берiлiп отыр).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 шiлдедегi N 1050
қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 18 қарашадағы
N 1599 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
РЕГЛАМЕНТI
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының атқарушылық билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады.
2. Үкiметтiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығымен, осы Регламентпен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
3. Премьер-Министр мен Үкiметтiң қызметiн ақпараттық-талдаулық, құқықтық, консультативтiк және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi (бұдан әрi - Кеңсе) жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс қағаздарын жүргiзу және Үкiметке келiп түскен хат-хабарларды өңдеу Кеңсеге жүктеледi және Кеңсе айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.
5. Соттарды Үкiмет пен Премьер-Министрдi бiлдiрудi және олардың мүдделерiн қорғауды сондай-ақ прокурорлық жауап беру актiлерiн қарауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.17. N 676 қаулысымен.
P980676_
6. Үкiметтiң құзыретiне кiретiн кадр мәселелерiн шешу Республиканың заңдарында белгiленетiн тәртiбiне сәйкес жүзеге асырады.
II. Жұмыстарды жоспарлау
7. Үкiметтiң мәжiлiстерiнде қарауға арналған мәселелердiң тоқсан сайынғы тiзбесiн Үкiмет мүшелерiнiң, мемлекеттiк органдар басшыларының ұсынысы бойынша кезектi тоқсанға дейiн бiр ай бұрын Кеңсе жасайды. Үкiметтiң мәжiлiстерiнде қаралатын мәселелердiң тiзбесi Республика Премьер-Министрiнiң өкiмiмен бекiтiледi.
Қаралатын мәселелердiң бекiтiлген тiзбесi тiзiм бойынша Үкiмет мүшелерiне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерiне, Кеңсе мен бөлiмдердiң басшыларына, басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға жiберiледi.
Жоспарланған мәселенi тiзбеден алып тастау немесе оны қарауды неғұрлым кейiнiрек мерзiмге ауыстыру туралы шешiмдi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы не Кеңсенiң басшысы ұсынатын анықтаманың негiзiнде, Кеңсе басшысы Республиканың Премьер-Министрiнiң келiсуiмен қабылдайды.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.17. N 676 қаулысымен.
P980676_
III. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәжiлiстерiн
дайындаудың және оларды өткiзудiң тәртiбi
8. Үкiметтiң мәжiлiсi кемiнде айына бiр рет өткiзiледi.
9. Үкiметтiң мәжiлiсiн Республиканың Премьер-Министрi не Президентi шақырады.
10. Үкiметтiң мәжiлiстерiнде Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде - мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдi алмастырушы Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi. Үкiмет аса маңызды мәселелердi қараған кезде оның мәжiлiстерiнде Республиканың Президентi төрағалық етедi.
11. Үкiметтiң мәжiлiсi, егер оған Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, құқықтық күшi бар деп есептеледi. Үкiмет мүшелерi оның мәжiлiстерiне алмастыру құқығынсыз қатысады.
12. Үкiметтiң мәжiлiсi ашық болып табылады. Республика Президентiнiң не Премьер-Министрiнiң бастамашылығы бойынша жабық мәжiлiс өткiзiлуi мүмкiн.
13. Мәселелердi Үкiметтiң мәжiлiсiнде қараудың нәтижелерi бойынша мәжiлiске қатысушы Үкiмет мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен, хаттамалық шешiм қабылданады.
ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.17. N 676 қаулысымен.
P980676_
14. Үкiметтiң мәжiлiстерiне, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерi, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың басшылары, Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметкерлерi, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының ұсынуы бойынша Премьер-Министрмен келiсiлген тiзiм шақырылуы мүмкiн.
ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.17. N 676 қаулысымен.
P980676_
15. Үкiметтiң мәжiлiстерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Бiрiншi көмекшісi, Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiлерi мен кеңесшiлерi. Президент әкiмшiлiгi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары және басқа да жауапты қызметкерлерi қатыса алады.
16. Үкiметтiң мәжiлiсiнде қаралатын мәселелер бойынша белгiленген тәртiппен дайындалған материалдарды, лауазымды тұлғалар, олар қаралуы тиiс мәжiлiске дейiнгi бес күннен кешiктiрмей енгiзедi. Кеңсе мәжiлiстiң күн тәртiбiнiң жобасын жасайды және Премьер-Министрмен де оны алмастырушы адаммен келiсiлгеннен кейiн, оны және мәселелердi қарау жөнiндегi материалдарды Үкiмет мүшелерiне және шақырылған адамдарға, ал қажет болған жағдайда - басқа да лауазымды тұлғаларға жолдайды.
Материалдардың уақытылы ұсынылуы үшiн жауаптылық мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.
Мемлекеттiк органдар белгiленген мерзiмдерде материалдарды ұсынбаған жағдайда, Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы жол берiлген тәртiп бұзушылықтар туралы Премьер-Министрге немесе оны алмастырушы адамға баяндайды.
Үкiметтiң шұғыл мәжiлiсiн өткiзу кезiнде қаралатын мәселелер бойынша материалдар Премьер-Министрдiң Кеңсесiне, ол өткiзiлетiн күнi енгiзiле алады.
ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.17. N 676 қаулысымен.
P980676_
17. Үкiметтiң мәжiлiсiне мәселелер дайындаған кезде мынадай талаптарды сақтау қажет:
Үкiметтiң мәжiлiсiне енгiзiлетiн анықтамаларға, талдау материалдарына, хаттамалық шешiмдердiң жобаларына құжатты енгiзушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы не оны алмастыратын, қолы мемлекеттiк органның ресми позициясы болып табылатын адам, мүдделi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары не оларды алмастырушы адамдар және Кеңсенiң Басшысы виза қояды;
Хаттамалық шешiмнiң жобасы мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы не оны алмастырушы адам қол қойған iлеспе хатпен енгiзiледi;
жоба мен анықтама әдетте екi алшақтық арқылы басылған 5 бет мәтiннен аспауы тиiс;
әрбiр мәселе бойынша жоба мен анықтаманың бiрдей тақырыбы болуы тиiс;
Үкiметтiң мәжiлiсiне енгiзiлетiн материалдарға қажет болған кезде қосымша ақпараттық мәлiмет қоса берiледi;
талқыланатын мәселелер бойынша мәжiлiске шақырылғандардың тiзiмiн анықтауды және нақтылауды мәжiлiстен үш күн бұрын Кеңсемен келiсiм бойынша мәселенi енгiзген мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Шақырылғандардың келуiн Кеңсе қамтамасыз етедi;
облыс әкiмдерiн, ұйымдардың басшыларын Үкiметтiң мәжiлiсiне
шақыруды Кеңсе жүргiзедi;
Үкiметтiң мәжiлiстерiнде Президенттiң төрағалығымен қаралған
жобалар, сондай-ақ қабылданған шешiмдер оларға қол қояр алдында
Президенттiң Әкiмшiлiгiмен алдын ала келiсуге жатады.
ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.17. N 676 қаулысымен.
18.
ЕСКЕРТУ. 18-тармақ алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.07.17. N 676
қаулысымен.
19. Үкiметтiң мәжiлiсi мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде
жүргiзiледi.
20. Үкiметтiң мәжiлiстерiнде оған қатысып отырған лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердiң атауы, баяндамашылар мен талқылау кезiнде сөйлегендердiң фамилиялары көрсетiлетiн хаттама жүргiзiледi. қажет болған кезде мәжiлiстерге қаралған мәселелер магнитофон таспасына (диктофонға) жазылады.
Хаттама бес күндiк мерзiмде ресiмделедi, оған Кеңсенiң Басшысы виза және мәжiлiске төрағалық етушi қол қояды.
Үкiмет мәжiлiстерiнiң хаттамаларына күнтiзбелiк жылға реттiк нөмiрлер берiледi.Хаттамалар немесе олардың үзiндiлерi Үкiмет мүшелерiне, ал қажет болған кезде басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғаларға, сондай-ақ мәжiлiске тиiстi тапсырма берiлген мемлекеттiк органдарға жiберiледi.
Үкiмет мәжiлiстерiнiң хаттамалары қажеттiлiгiнiң аяқталуы бойынша жергiлiктi жерлерде актi бойынша жойылады.
Үкiмет мәжiлiстерiнiң хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ оларға материалдар (оның iшiнде диктофондық жазбалар) Кеңседе сақталады.
21.
ЕСКЕРТУ. 21-тармақ алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.07.17. N 676
қаулысымен. P980676_
IV. Мемлекеттiк органдардың бастамашылығы бойынша
енгiзiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен
Премьер-Министрi өкiмдерiнiң жобаларын дайындаудың
және ресiмдеудiң тәртiбi
22. Жобаларды дайындауды мемлекеттiк органдар осы Регламентке және Үкiмет бекiткен Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады. Республика Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министрi өкiмдерiнiң жобалары мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiлген, бiрiншi басшылар немесе оларды алмастырушы адамдар қол қойған мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынылады. "Ескертпелерiмен" келiсулер болған кезде жобаға қажеттi түсiндiрмелермен бiрге келiспеушiлiк туралы анықтама қоса берiледi. Үкiметтiң қаулысының жобасын әзiрлеуге қатысушы мемлекеттiк органдардың арасында келiспеушiлiк пайда болған кезде Кеңсенiң Басшысы не оның орынбасары, нәтижесi хаттамамен ресiмделетiн кеңес шақырады. Келiспеушiлiк жойылған жағдайда мемлекеттiк орган белгiленген мерзiмде қаулының жобасын пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселе бойынша келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда Кеңсенiң басшысы түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн ол туралы Премьер-Министрге оны алмастырушы адамға хабарлайды. Үкiмет қаулысының жобаларын немесе Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын әзiрлеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның басшысы олардың Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясына сәйкес болуы үшiн жауап бередi.
Орталық атқарушы органдар олардың құзыретiне қатысты мәселелер жөнiнде бiрлескен бұйрықпен ресiмделетiн бiрлескен шешiм қабылдауға құқылы.
Шешуi - бiр мемлекеттiк органның құзыретiнiң шегiндегi немесе осы тармақтың екiншi абзацына сәйкес шешiлуi мүмкiн мәселелер бойынша Үкiметтiң қаулыларының және Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң жобалары ұсынылмайды.
Мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары жобаларды сапалы және уақтылы әзiрлеу және белгiленген мерзiмдерде Үкiметтiң бекiтуiне ұсыну үшiн жеке жауаптылықта болады.
жобалар мiндеттi түрде:
белгiлi бiр жобаны қабылдаудың экономикалық тұрғыда мақсатқа сай екенiн негiздеу бойынша - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен;
белгiлi бiр жобаның қаржылық тұрғыда мақсатқа сай екенiн негiздеу бойынша - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен;
енгiзiлiп отырған жобаның республика заңдарына сәйкестiгiне құқықтық сараптама жүргiзу үшiн - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен келiсiледi.
Үкiмет пен Премьер-Министр актiлерi жобаларының мемлекеттiк тiлден орыс тiлiне аудармасының дәл болуы үшiн жауапкершiлiк-әзiрлеушiге, ал жобалардың құқықтық сәйкестiгi үшiн жауапкершiлiк Әдiлет министрлiгiне жүктеледi.
Мемлекеттiк органдар Үкiмет пен Премьер-Министр актiлерiнiң жобаларымен бiрге қолданылып жүрген заңдарды қабылданатын актiлерге сәйкес келтiру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын енгiзедi. Егер актiлердiң жобалары заңдарды осы актiлерге сәйкес келтiрудi талап етпесе, онда бұл туралы ақпарат жобалардың түсiндiрме жазбасында көрсетiледi.
Жобаны дайындаған мемлекеттiк органдар оны бiр уақытта мүдделi мемлекеттiк органдарға келiсуге жолдай алады.
Әрбiр мемлекеттiк органмен келiсу мерзiмi жоба келiп түскен сәттен бастап жетi жұмыс күнiнен аспайды.
Әдiлет министрлiгi қолданылып жүрген заңдарды Қазақстан Республикасының Президентi бастамашалық жасаған және қабылдайтын, Үкiметтi заңдарды осы актiге сәйкес келтiру жөнiндегi тапсырманы орындаушы деп белгiлейтiн актiге сәйкес келтiрудi көздейтiн, нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын әзiрлеу жөнiндегi мемлекеттiк органды (мемлекеттiк органдарды) жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етiп белгiлеу жөнiнде Үкiметке ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс Президенттiң актiсi күшiне енген күннен бастап үш күндiк мерзiм iшiнде енгiзiледi.
ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң
1998.07.17. N 676 қаулысымен. P980676_
23. Енгiзiлетiн актiнiң жобасына аталған актiнi қабылдаудың қажеттiлiгiнiң негiздемесi, оны қабылдаудың әлеуметтiк-экономикалық салдары, оны жүзеге асыруға байланысты болжалып отырған қаржы шығындары, сондай-ақ осы мәселе бойынша Үкiметтiң бұрын қандай актiлерi қабылданғандығы және олардың қалай атқарылғандығы туралы мәлiметтер бар анықтама қоса берiледi.
көлемi екi парақтан асатын Үкiмет шешiмдерi жобаларының және олардың қосымшаларының әр бетiне жобаны енгiзетiн мемлекеттiк органның осы мәселеге жауапты орындаушысының қолы қойылуға тиiс.
ЕСКЕРТУ. 23-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.07.17. N 676
қаулысымен. P980676_
24. Мемлекеттiк органдар әзiрлеген жобалар сараптық қорытынды дайындалатын Премьер-Министрдiң Кеңсесiне енгiзiледi.
Сараптама жүргiзудiң мерзiмi жоба Премьер-Министрдiң Кеңсесiне түскен күннен бастап он жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
Премьер-Министрдiң Кеңсесi сараптама жүргiзгеннен кейiн мынадай:
1) жобаның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеуi;
2) осы Регламенттiң талаптарын бұза отырып ұсынылуы жағдайларында жобаны қайтаруға құқылы;
3) сараптамадан өткеннен кейiн жобалар Премьер-Министрдiң орынбасарларымен олардың құзыреттерiнiң шегiнде, Премьер-Министр мен оның орынбасарларының арасында белгiленген мiндет бөлуге сәйкес келiсiлдi.
Жобалар Үкiметке енгiзiлгеннен кейiн Премьер-Министр орынбасарларының мазмұндық сипаттағы ескертулерi пайда болған кезде Премьер-Министрдiң орынбасарлары қажет болған жағдайда кеңес шақырады, оның нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Премьер-Министрдiң жобаны қарайтын орынбасарлары, Премьер-Министрдiң Кеңсесi жобаны қарау барысында пайда болған ескертулер мен ұсыныстарды хаттамалық шешiммен ресiмделгенде ғана (кеңес өткiзiлген жағдайда) немесе жазбаша тапсырмамен ғана жобаларды пысықтауға қайтаруға құқылы.
Басқа да себептер бойынша терiс сараптық қорытынды жобаны қайтару үшiн негiз бола алмайды.
Жобаны қайтарған жағдайда Премьер-Министрдiң Кеңсесi Кеңсенiң басшысы қол қоятын негiздi хат дайындайды.
Осы Регламенттiң талаптарын бұза отырып енгiзiлген жобаларды қабылдап алғаны үшiн Премьер-Министрдiң Кеңсесi жауаптылықта болады.
Жоба Кеңседе сараптамадан өткеннен кейiн Кеңсенiң басшысы шешiм қабылдау үшiн Республиканың Премьер-Министрiне не оны алмастырушы адамға хабарлайды.
Қажет болған кезде жобаны Премьер-Министр не оны алмастырушы адам пысықтау және (немесе) қосымша келiсу үшiн тиiстi мемлекеттiк органға жолдауы мүмкiн.
ЕСКЕРТУ. 24-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң
1998.07.17. N 676 қаулысымен. P980676_
25. Үкiметтiң қаулысы мен Премьер-Министрдiң өкiмiне Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Министр болмаған жағдайда, оның тапсырмасы бойынша, оларға Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары қол қояды.
ЕСКЕРТУ. 25-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.17. N 676
қаулысымен. P980676_
26. Қол қойылған Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң қосымшаларымен бiрге Кеңсе жөнелтедi. Шешiмнiң түпнұсқасына қол қойылғаннан кейiн түзету енгiзуге болмайды.
Құжаттардың уақтылы шығарылуы және жөнелтiлуi үшiн Кеңсе жауаптылықта болады.
ЕСКЕРТУ. 26-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.17. N 676
қаулысымен. P980676_
27. Қажет болған жағдайларда Үкiмет қаулыларының, Премьер-Министр өкiмдерiнiң қосымша даналары Кеңсе Басшысының рұқсатымен ғана берiледi.
28. Техникалық қателер кезiнде Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң бұрын жiберiлген даналарын ауыстыру Кеңсе Басшысының рұқсатымен ғана жүргiзiлуi мүмкiн, бұл жағдайда бастапқы жiберiлген құжаттар Кеңсеге керi қайтарылып алынуы тиiс.
V. Республика Үкiметi енгiзетiн Қазақстан Республикасының
Президентi актiлерiнiң жобаларын дайындау
29. Үкiмет енгiзетiн, Республика Президентi актiлерiнiң жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 2751 өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнде iс жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулыққа және осы Регламентке сәйкес тиiстi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
Президент актiлерiнiң жобалары Үкiметтiң қаулысымен енгiзiледi.
30. Республика Президентi актiлерiнiң жобалары мен Үкiмет қаулыларының жобаларына оны дайындау үшiн жауапты мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы, тиiстi Үкiмет мүшелерi, Кеңсенiң басшысы, Премьер-Министр виза қояды.
Қазақстан Республикасының Президентi актiсiнiң жобасы туралы Үкiметтiң қаулысына Республиканың Премьер-Министрi немесе оны алмастырушы адам қол қойған iлеспе жазба қоса берiледi.
VI. Үкiметтiң заң жобалары жұмыстарының жоспары
мен Үкiметтiң заң жобалары жұмыстарының жоспарына
енгiзiлген заң жобаларын дайындаудың тәртiбi
31. Үкiметтiң заң жобалары жұмыстары жоспарының жобасы мемлекеттiк органдардың ұсыныстарының негiзiнде қалыптастырылады және Үкімет қаулыларының жобаларын енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен Әдiлет министрлiгi Үкiметке ұсынады.
Тиiстi жылға арналған Заң жобалары жұмыстарының жоспарын Қазақстан Республикасының Президентiмен келiсу "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламенттiк Мәжiлiсiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 19 маусымдағы N 3044 U963044_ Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
32. Мемлекеттiк органдар заң жобалары жұмыстарының жоспарына сүйене отырып, белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде заң жобаларын әзiрлейдi және Республика Үкiметiне ұсынады.
Заң жобаларын сапалы, уақтылы әзiрлеу және ұсыну үшiн тиiстi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары жеке жауаптылықта болады.
33. Заңдардың жобалары Республика Үкiметiнiң қарауына мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiлгеннен кейiн Үкiметтiң қаулысының жобасымен бiрге енгiзiледi.
Көрсетiлген жобаларды ресiмдеудiң және енгiзудiң, сондай-ақ олар бойынша келiспеушiлiктердi қараудың тәртiбi - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң Регламентiнде және осы Регламентте көзделген ерекшелiктермен бiрге, үкiмет қаулыларының жобаларын енгiзу үшiн белгiленген тәртiпке ұқсас.
Заңдардың жобалары Кеңседе сараптамадан өткеннен кейiн Кеңсенiң Басшысы шешiм қабылдау үшiн Премьер-Министрге хабарлайды.
Қажет болған кезде заңдардың жобалары заң жобасын ұсынған мемлекеттiк органға пысықтауға қайтарылады.
34. Үкiмет Республика Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзетiн заңдардың жобаларын Президенттiң Әкiмшiлiгiмен келiсу "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 19 маусымдағы N 3044 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Республика Үкiметi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары бастамашылық жасаған, сондай-ақ мемлекеттiк кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығыстарды арттыруды көздейтiн заң жобалары бойынша Парламентке қорытынды ұсынады.
Заң жобасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiне, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдарға қорытындыға жiберiледi.
Қорытындыға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi не оның орынбасары қол қояды және ол Парламент Палаталарының Төрағасына жолданады.
35. Үкiметтiң қарауына ұсынылатын мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындалатын заң жобасы жөнiндегi материалдар мыналарды қамтуға тиiс:
1) заң жобасы және Үкiметтiң жоба жөнiндегi қаулысы;
2) жобаны қабылдау қажеттiгiнiң негiздемесi, қабылданатын заңдардың мақсаттарының, мiндеттерiнiң, негiзгi ережелерi мен болжалып отырған салдарлардың егжей-тегжейлi сипаттамасы бар түсiндiрме жазба;
3) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу парағы;
4) егер тәуелсiз немесе ғылыми сараптама жүргiзiлген болса, жоба бойынша сараптық қорытындылар;
5) негiзгi жобаның қабылдануына байланысты өзгертiлуге немесе күшi жойылған деп танылуға тиiстi заң актiлерiнiң жобалары және жобаны iске асыру үшiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу туралы ұсыныстар мен олардың тiзбесi;
6) егер заң жобасы шығыстарды талап ететiн болса қаржыландыру көзi көрсетiлсе отырып, қаржылық-экономикалық есептер;
7) қолданылып жүрген заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы енгiзiлген кезде баптардың бұрынғы және жаңа редакцияларының салыстырма кестесi ұсынылады;
8) белгiленген нысандағы анықтама парақ.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бастамашылығы бойынша Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлетiн заң жобалары бойынша түсiндiрме жазбаны заң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган дайындайды, оған оның бiрiншi басшысы не оны алмастырушы адам, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Кеңсенiң Басшысы виза және Премьер-Министр не оны алмастырушы адам қол қояды.
ЕСКЕРТУ. 35-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.17. N 676
қаулысымен. P980676_
VII. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн
жариялаудың тәртiбi
36. Үкiметтiң азаматтардың құқықтарына, бостандығына және мiндеттерiне қатысты барлық актiлерi мiндеттi жариялануға жатады.
Өзге қол қойылған құжаттарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы шешiмдi Премьер-Министр мен оның орынбасарлары қабылдайды.
37. Мемлекеттiк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны бiлдiретiн мәлiметтерi бар актiлер жариялануға жатпайды.
38. Үкiметтiң қаулылары Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi актiлерiнiң жинағында, сондай-ақ "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Заң", "Юридическая газета" газеттерiнде, өзге де баспасөз органдарында жарияланады және теледидар мен радио бойынша халыққа жеткiзiледi.
ЕСКЕРТУ. 38-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.17. N 676
қаулысымен. P980676_
VIII. Атқаруды бақылау мен тексерудi ұйымдастырудың
тәртiбi
Президент актiлерiнiң, Үкiмет шешiмдерiнiң және
халықаралық келiсiмдердiң атқарылуына бақылау жасау туралы
39. Республика Президентiнiң актiлерi, Республика Үкiметiнiң шешiмдерi және Премьер-Министрiнiң өкiмдерi бақылауға алынады.
40. Республика Президентi актiлерiнiң, Үкiметi шешiмдерiнiң, Премьер-Министрi өкiмдерiнiң уақытылы және сапалы атқарылуы үшiн жауаптылық оларға атқарылуға жiберiлген мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.
41. Президент актiлерiнiң атқарылуы үшiн жауапты мемлекеттiк органдар 3 күндiк мерзiм iшiнде оларды жүзеге асыру жөнiндегi ұйымдастыру шараларының тiзбесiн жасайды және оны Премьер-Министрдiң бекiтуiне ұсынады.
42. Бақылаудағы құжаттың атқарылуының нақты мерзiмдерi болмаған кезде мемлекеттiк органға атқарудың құжат келiп түскен күннен бастап есептелетiн бiр айлық мерзiмi белгiленедi.
43. Премьер-Министрдiң Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi актiлерiнiң, Премьер-Министрi өкiмдерiнiң атқарылу мерзiмiне бақылау жасау жөнiндегi қызметiн ақпараттық-талдаулық қамтамасыз етудi Премьер-Министрге олардың орындалуы барысы туралы жүйелi түрде хабарлап отыратын Премьер-Министрдiң Кеңсесi жүзеге асырады.
Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы Үкiметтiң iс-қимыл жоспары және тиiстi жылға арналған Заң жобалары жұмыстарының жоспары жөнiндегi шараларды орындалуы туралы Премьер-Министрге ай сайын хабарлап отырады.
44. Бақылаудағы құжаттың атқарылу мерзiмiн мемлекеттiк орган басшысының белгiленген тәртiппен енгiзiлген жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде Премьер-Министр немесе оның орынбасарлары ұзартуы мүмкiн.
Президенттiң Үкiметке қатысты актiлерiн бақылаудан алу және олардың атқарылу мерзiмдерiн ұзарту мәселелерiн Президенттiң Әкiмшiлiгi қарайды.
45. Құжат тиiстi мемлекеттiк органдардың белгiленген тәртiппен енгiзiлген негiздi хаты бойынша Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарларының қарарымен бақылаудан алынады.
46. Мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдердегi тапсырмалар бақылаудан Үкiметтiң қаулыларында қамтылған тапсырмалар сияқты тәртiппен алынады.
Президенттiң, Премьер-Министр мен оның
орынбасарларының және Премьер-Министрдiң Кеңсесi
Басшысының тапсырмалары бар құжаттардың атқарылуына
бақылау жасау туралы
47. Президенттiң, Премьер-Министрдiң және оның орынбасарларының тапсырмаларының атқарылуына бақылау жасау және оны атқару тапсырылған мемлекеттiк органға жүктеледi.
Тапсырмаларда, әдетте, құжаттардың атқарылу мерзiмдерi белгiленедi. Олар болмаған жағдайларда атқарудың құжат түскен күннен бастап есептелетiн бiр айлық мерзiмi, ал "шұғыл" деген белгi болған кезде - атқарушы оны алған күннен бастап он күндiк мерзiм белгiленедi.
Егер құжат белгiленген мерзiмде орындала алмайтын болса, атқарушы жазбаша түрде кешiктiрiлуiнiң себептерi туралы хабарлауы және оны кейiнге қалдыру туралы сұрауын дәлелдеуi тиiс.
48. Тапсырманы атқаруды бақылаудан алу не оны кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдау тиiсiнше Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады.
49. Кеңсе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне Президенттiң, Премьер-Министрдiң тапсырмаларының орындалу барысы туралы жүйелi түрде хабарлап отырады, Премьер-Министрдiң олардың атқарылуына бақылау жасау жөнiндегi қызметiн қамтамасыз етедi.
50. Премьер-Министр Кеңсесiнiң басшысы Үкiмет шешiмдерiн әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бөлiгiнде бақылауға алынатын тапсырма бередi.
51. Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының тапсырмалары бойынша белгiленген мерзiмдерде енгiзiлген материалдар жазбаша өтiнiшсiз бақылаудан алу үшiн негiз болып табылады.