1. Инвестициялық банктермен келiссөздер жүргiзу жөнiндегi тендер комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Тендер комиссиясы заңдарда белгiленген тәртiппен:
"Жезқазғантүстiмет", "Маңғыстаумұнайгаз", "Қазақтелеком", "Ақтөбемұнайгаз", "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк акциялар пакетiн бастапқы орналастыруды жүргiзу жөнiнде ең жақсы ұсыныстар берген инвестициялық банктерге өкiлеттiк мандаттарын беру жөнiнде келiссөздер жүргiзсiн;
өкiлеттiк мандаттарында акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн отандық
инвестициялардың арасында орналастыруды қарастырсын. 3. "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкi", "Қазақстан алюминийi", "Қазхром", "Борлы", "Соколов-Сарыбай КБӨБ", "Атакент", "Оңтүстiк-Топар кен басқармасы", "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн сату Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi шешiмi шыққанға дейiн тоқтатыла тұрсын. 4. 5. ЕСКЕРТУ. 4-5-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1504 қаулысымен. P991504_ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 қарашадағы N 1588 қаулысына қосымша Инвестициялық банктермен келiссөздер жүргiзу жөнiндегi тендер комиссиясының құрамы Ержанов О.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi, комиссияның төрағасы Айымбетов С.Ғ. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнiң бөлiм бастығы Бектасов Ә.А. - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының төрағасы (келiсiм бойынша) Тойбазаров Б.С. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң басқарма бастығы Дауылбаев А.Қ. - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Утепов Э.К. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң директоры Дәмитов Н.Б. - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы төрағасының көмекшiсi, комиссия хатшысы (келiсiм бойынша) ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.03.21. N 247 қаулысымен. P980247_