Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн қор рыногына орналастыру жөнiндегi инвестициялық тендердiң жеңiмпаздарымен келiссөздердiң нәтижелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 21 наурыздағы N 247

      Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн қор рыногына орналастыру жөнiндегi инвестициялық тендердiң жеңiмпаздарына өкiлеттiктер мандаттарын беру жөнiндегi келiссөздердiң нәтижелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Global Menkul Degerler А/S/. Santander Investment Secutities Capital LТD. "Kaskommerts Securities" акционерлiк қоғамының құрамындағы консорциумның арасындағы "Ақтөбемұнайгаз" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн орналастыру жөнiндегi келiсiмнiң шарттары мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi О.С.Ержановқа Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн қор рыногына орналастыру жөнiндегi келiсiмге қол қоюға уәкiлеттiк берiлсiн.
      3. Инвестициялық банктермен келiссөздер жүргiзу жөнiндегi тендерлiк комиссия:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Инвестициялық банктердiң және компаниялардың арасындағы "Маңғыстаумұнайгаз", "Жезқазған түстi металл", "Қазақтелеком" ҰАК акционерлiк қоғамдары акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн орналастыру жөнiндегi келiсiмдi дайындауды жеделдетсiн;

 

     "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамы акцияларының

мемлекеттiк пакетiн орналастырудың баламды нұсқаларын қарасын.

     4. "Инвестициялық тендердiң нәтижелерi туралы" Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 қарашадағы N 1588 


P971588_



қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

     көрсетiлген қаулыға қосымшада:

     инвестициялық банктермен келiссөздер жүргiзу жөнiндегi тендерлiк

комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:


     О.С.Ержанов                - Қазақстан Республикасының

                                  Қаржы вице-министрi,

                                  комиссияның төрағасы болып


     С.Ғ.Айымбетов              - Қазақстан Республикасының

                                  Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк

                                  мүлiк және жекешелендiру

                                  департаментiнiң бөлiм бастығы


     Б.С.Тойбазаров             - Қазақстан Республикасы Қаржы

                                  министрлiгiнiң басқарма

                                  бастығы.


     А.С.Павлов, Е.Ә.Өтембаев, О.Ә.Жандосов, С.М.Мыңбаев, В.В.Соболев

көрсетiлген құрамнан шығарылсын.

     5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi