"Қазақ ақпарат агенттiгi" республикалық қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 30 қазан N 1467

Қолданыстағы

      "Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi (ҚазМАА) туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қыркүйектегi N 3629 Жарлығын U973629_ iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚАА)" республикалық қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - қазыналық кәсiпорын) құрылсын. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi қазыналық кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.
      Қазыналық кәсiпорынның орналасқан жерi - Ақмола қаласы, оның өкiлдiгiнiң орналасқан жерi - Алматы қаласы.
      2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi:
      жоғарыда аталған Жарлыққа сәйкес қазыналық кәсiпорынның Жарғысын бекiтiп, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiп бойынша оны тiркесiн;
      қазыналық кәсiпорынның басшысын тағайындасын.
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi қазыналық кәсiпорынды тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi:
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жойылған Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгiн (ҚазМАА) тарату жөнiндегi тарату комиссиясын тағайындасын;
      белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорынға өз қызметiн жүзеге асыруына қажеттi Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгiнiң мүлкiн беретiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1997 жылға арналған бюджетте "Мәдениет саласындағы демалыс пен қызметтi ұйымдастыру" функционалдық тобы бойынша "Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi" мекемесiне көзделген қаражатты аталған функционалдық топ, "Мемлекеттiк қолдау" бағдарламасы, "Қазақ ақпарат агенттiгi" Iшкi бағдарламасы бойынша "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" мекемесiне беретiн болсын;
      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiн, басқа нормативтiк құқықтық актiлердi және мемлекеттiк органдардың қызметi туралы барлық ресми ақпаратты тегiн тарату жөнiндегi негiздемесiн қарасын және он күн мерзiм iшiнде осы шығыстарды жабудың көзi туралы ұсыныстар енгiзсiн.
      5. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiн, басқа нормативтiк құқықтық актiлердi және мемлекеттiк органдардың қызметi туралы барлық ресми ақпаратты қабылдауды және одан әрi аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына берудi ұйымдастырсын.
      6. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790P960790_


  қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29,

256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

     аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк

кәсiпорындардың тiзбесi мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:

                "Қазақстан Республикасының Ақпарат және

                 қоғамдық келiсiм министрлiгi

                409. "Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚАА)"

                      қазыналық кәсiпорны             Ақмола қаласы"

     7. "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы информациялық агенттiк

(ҚазМАА) туралы ереженi бекiту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң

1972 жылғы 7 сәуiрдегi N 209 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     8. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бiр ай мерзiм

iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне бұрын қабылданған Үкiмет

актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi