Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi (ҚазТАГ) туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 10 қыркүйектегi N 3629

      Республиканың протез-ортопедия кәсiпорындарының мүгедектердi протез-ортопедиялық көмекпен неғұрлым тиiмдi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. <*>
      Ескерту. 1-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.09.05. N 1146
               қаулысымен. P011146_
      2. Республикалық мемлекеттiк қазыналық: "Алматы тәжiрибе-эксперименттiк протез-ортопедия орталығы" кәсiпорны, Петропавл және Семей тәжiрибе-эксперименттiк протез-ортопедия, кәсiпорындары тиiсiнше Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң республикалық мемлекеттiк: "Алматы тәжiрибе-эксперименттiк протез-ортопедия орталығы" кәсiпорны, Петропавл және Семей тәжiрибе-эксперименттiк протез-ортопедия кәсiпорындары (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) болып қайта құрылсын (бұдан әрi - кәсiпорындар).
      3. Мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi функцияларын жүзеге асыратын орган болып, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi белгiленсiн.
      4. Кәсiпорындардың негiзгi мiндеттерi жаңа әзiрлемелер мен технологияларды енгiзу, мүгедектердi оңалтудың техникалық құралдарын, протез-ортопедия бұйымдары мен аяқкиiмдi жасап шығару мен сату болып белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн, олардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне өзгерiс енгiзу туралы белгiленген тәртiппен ұсыныс енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен кәсiпорындарды мемлекеттiк тiркеуден өткiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi