"Ертiс химия-металлургия заводы" акционерлiк қоғамын қаржылық сауықтыру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 8 қазандағы N 1426 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      "Ертiс химия-металлургия заводы" акционерлiк қоғамын қаржылық сауықтыру жөнiнде кезек күттiрмейтiн шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Ертiс химия-металлургия заводы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Кәсiпорын) дәрменсiз кәсiпорын деп танылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi: 
      Кәсiпорынға қатысты оңалту рәсiмдерiн соттан тыс тәртiппен жүргiзсiн; 
      "Құндыбай" акционерлiк қоғамының оны Кәсiпорынды оңалтушы басқарушы етiп тағайындау туралы ұсынысын қабылдасын;
      Кәсiпорынды оңалту жоспарында оңалту шаралары ретiнде оны санациялау және басқа да қажеттi шараларды көздесiн.
      3. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеевке жүктелсiн.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы