1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Ертiс химия-металлургия заводы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Кәсiпорын) дәрменсiз кәсiпорын деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi:
Кәсiпорынға қатысты оңалту рәсiмдерiн соттан тыс тәртiппен жүргiзсiн;
"Құндыбай" акционерлiк қоғамының оны Кәсiпорынды оңалтушы
басқарушы етiп тағайындау туралы ұсынысын қабылдасын; Кәсiпорынды оңалту жоспарында оңалту шаралары ретiнде оны санациялау және басқа да қажеттi шараларды көздесiн, 3. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеевке жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң мiндетiн атқарушы