Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Астықты және оны қайта өңдеу өнiмдерiн экспорттау және iшкi сату кезiнде қажеттi құжаттарды ресiмдеудiң тәртiбiн оңайлату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 21 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 1, 6-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақтың екiншi және төртiншi абзацтары "сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген басқа да сынақ лабораторияларымен (орталықтарымен)" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары