Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасына берiлген ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкiнiң бағдарламалық заем қаржылық қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру және "Елдегi селоны және агроөнеркәсiп кешенiн 1996-1997 жылдары мемлекеттiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2693 Жарлығын U952693_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 38, 489-құжат), "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 U973398_ Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 12, 77-құжат) және "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 3589 U973589_ Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.17. N 227
қаулысымен. P980227_
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнiң келiсiмiмен және "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының қатысуымен 1997 жылдың 20 тамызына дейiнгi мерзiмде ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкiнiң бағдарламалық заемы екiншi траншының қаражатынан несиелендiру үшiн басым өндiрiстердiң тiзбесiн анықтап, қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық баспасөзде жарияласын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсiмiмен белгiленген заң тәртiбiнде ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкiнiң бағдарламалық заемы екiншi траншының қаражатына қызмет ету жөнiндегi жұмыстарына "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамын тарту туралы мәселелердi енгiзсiн.
3.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.17. N 227 қаулысымен. P980227_ 4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкiнiң бағдарламалық займын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 74 P960074_ қаулысына: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тоқсан сайын есеп беретiн тоқсаннан кейiнгi айдың 10-на дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне Заемның пайдаланылу барысы туралы есеп беретiн болсын"; ЕСКЕРТУ. 4-шi тармақтың 13-15 абзацтары күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.01.28. N 44 қаулысымен. P980044_ ЕСКЕРТУ. 4-шi тармақтың 3-9, 12-абзацтары күшiн жойды - ҚР Үкіметінiң 2000.06.24. N 934 қаулысымен. P000934_ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 тамыздағы N 1258 қаулысына қосымша
Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму
Банкi бағдарламалық заемын үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңестiң ҚҰРАМЫ Шүкеев Ө.Е. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi, төраға Ақымбеков С.Ш. - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Дәмитов Қ.Қ. - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрiнiң орынбасары (вице-министр) Мыңбаев С.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары (вице-министр) Сәйденов А.Ғ. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша) Азимов Р.Ж. - Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасының президентi (келiсiм бойынша) Мырзахметов А.И. - "Агро-Лизинг" акционерлiк қоғамының бас директоры (келiсiм бойынша)