Елдегi селоны және агроөнеркәсiп кешенiн 1996-1997 жылдары мемлекеттiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2693 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 328 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне Министрдiң 5 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 15 адамнан алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. <*>
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң

орталық аппаратына 6 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
<*>

     Ескерту. 2,3-тармақтарға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
              1996.02.06. N 157 қаулысымен. 
     4. "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi орталық
аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 қазандағы N 1126 қаулысының күшi жойылған
деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                    1995 жылғы 19 желтоқсандағы
                                        N 1814 қаулысына
                                         Қосымша
            Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi
                          орталық аппаратының
                               ҚҰРЫЛЫМЫ
     Халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар
бас басқармасы
     Бас Консул басқармасы
     Бас шарт-құқық басқармасы
     Бас шаруашылық-әкiмшiлiк басқармасы
     Мемлекеттiк Хаттама бас басқармасы
     Атқарушы хатшылық
     Америка елдерi басқармасы
     Еуропа елдерi басқармасы
     Азия елдерi басқармасы
     Таяу, Орта Шығыс және Африка елдерi басқармасы
     Мәдени байланыстар мен гуманитарлық ынтымақтастық және ЮНЕСКО
iстерi жөнiндегi басқарма
     Халықаралық қауiпсiздiк және қару-жараққа бақылау жасау
басқармасы
     ТМД және Балтық елдерi басқармасы
     Кадр басқармасы
     Баспасөз қызметi
     Аймақтық ынтымақтастық бөлiмi
     Аудармамен қамтамасыз ету бөлiмi