Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 қарашадағы N 1389 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 8 тамыздағы N 1240 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.14. N 765 қаулысымен

Күшін жойған

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.14.  N 765 қаулысымен.

        Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 қарашадағы N 1389   P961389_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 46, 450-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      аталған қаулының 1-қосымшасында:
      "Титан-магний шикiзаты" деген жолдағы, "СЭҚ ТН бойынша тауар коды" деген бағандағы "2614 00 900" деген сан "2619 00930" деген сан болып есептелсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi