Ауыл шаруашылығы ұйымын қайта ұйымдастырудың немесе таратудың нәтижесiнде құрылған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге тұрақты жер пайдалануға тегiн берiлетiн жер учаскелерiнiң жер үлестерi мен мөлшерлерiн айқындаудың тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 7 тамыздағы N 1232

Қолданыстағы
      "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 U952717_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 159-құжат) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы ұйымын қайта

ұйымдастырудың немесе таратудың нәтижесiнде құрылған шаруашылық
жүргiзушi субъектiлерге тұрақты жер пайдалануға тегiн берiлетiн жер
учаскелерiнiң жер үлестерi мен мөлшерлерiн айқындаудың тәртiбi
бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 7 тамыздағы
                                          N 1232 қаулысымен
                                             бекiтiлген

          Ауыл шаруашылығы ұйымын қайта ұйымдастырудың
             немесе таратудың нәтижесiнде құрылған
         шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге тұрақты жер
          пайдалануға тегiн берiлетiн жер учаскелерiнiң
         жер үлестерi мен мөлшерлерiн айқындаудың тәртiбi

     I. Жалпы ережелер



      1. Осы тәртiп ауыл шаруашылығы ұйымын қайта ұйымдастырудың немесе таратудың нәтижесiнде құрылған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге тұрақты жер пайдалануға тегiн берiлетiн жер учаскелерiнiң (шартты жер) үлестерi мен мөлшерлерiн айқындауға қатысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
      2. Таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кеңшарлардың мүшелерi, мемлекеттiк еместiк болып қайта құрылған мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлердi, сондай-ақ зейнеткерлер мен осы шаруашылықтардың өндiрiстiк және әлеуметтiк-мәдени салаларындағы қызмет көрсетумен айналысатын және олардың аумақтарында тұратын адамдар заңдарға сәйкес белгiлi бiр шартты жер үлесiне құқығы бар.
      3. Шартты жер үлестерiн бөлуге реформаланған ауыл шаруашылығы ұйымдарының ауыл шаруашылығы жерлерi олардың жер пайдалану шекараларының шектерiнде:
      елдi мекендердiң шегiне кiрген;
      ауданның арнайы жер қорының құрамына қосылған;
      нормадан тыс радиациялық ластануға душар болған немесе халықтың өмiрi мен денсаулығына өзгедей түрде қатер төндiретiн;
      пайдалы қазбаларды игеру кезiнде бүлiнген және оларды арналған мақсаты бойынша пайдалану үшiн жарамды күйге келтiрмеген;
      уақытша пайдаланудағы мал шаруашылығы жайылымдарының жер учаскелерiнен басқа ауыл шаруашылығы жерлерi жатады.
      4. Жер үлесiнiң мөлшерi:
      гектарда;
      балло-гектарда есептеледi.
      Гектардағы жер үлесiнiң мөлшерi ауыл шаруашылығы ұйымының жер пайдаланымындағы ауыл шаруашылығы жерлерiнiң жалпы алаңының шартты жер үлесiне құқығы бар адамдардың санына бөлу жолымен есептеледi.
      Балло-гектардағы жер үлесiнiң мөлшерi ауыл шаруашылығы ұйымының жер пайдаланымындағы барлық ауыл шаруашылығы жерлерiнiң балло-гектардағы сомасын шартты жер үлесiн пайдалануға құқығы бар адамдардың санына бөлумен есептеледi.
      Егер жекелеген жер учаскелерi мен ауыл шаруашылығы жерлерiнiң түрлерi топырағының сапасы бойынша құндылығы салыстыруға келмейтiн болған және шаруашылықтағы алған жерлердi пайдалануға әсер етпейтiн жағдайда (жем-шөптi дайындаудың шектеулi көздерiмен суарылатын егiншiлiк аймағында, жайылымдарды пайдаланудың оқыс көрiнiстегi маусымдылығымен және басқа факторларымен), онда жер үлестерiне шартты бөлуге жеке-жеке алғанда ауыл шаруашылығы жерлерiнiң әрбiр түрi жатады (егiндiк жер, көп жылғы екпе, шабындық, жайылым және басқалар).
      5. Азаматтардың жер (шартты жер) үлесiне құқығы бекiтiлген нысан бойынша жер үлесiне арналған құқық туралы куәлiкпен куәландырылады.
      6. Егер жер үлестерi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған ұлттық бағдарламасы туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 633 қаулысына сәйкес есептелген және белгiленген тәртiппен бекiтiлген болса, оларға қайта есептеу жүргiзiлмейдi.
      7. Жер (шартты жер) үлесiне арналған құқықты iске асыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Ауыл шаруашылығы ұйымын қайта ұйымдастыру немесе тарату нәтижесiнде құрылған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жер үлестерiнiң мөлшерiнде берiлген жер учаскелерi жер пайдалануға аудандық атқарушы органның шешiмi бойынша тегiн берiледi.
      9. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жер пайдалану құқығы оны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (жалпы бөлiм) және "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығында көзделген тәртiппен тiркеуден өткен сәттен бастап пайда болады.

      II. Жер учаскелерiн қайта ұйымдастырылатын ұйымның
          жер пайдалануынан жер (шартты жер) үлестерiнiң
          есебiне беру

      10. Жер учаскесiн шаруа (фермерлiк) шаруашылығын немесе ауыл шаруашылығы өндiрiсiне байланысты өзге кәсiпкерлiк қызмет ұйымдастыру үшiн жер үлесiне сәйкес қайта ұйымдастырылатын ұйымның жер пайдалануынан жер үлесiн иеленушi жер пайдалану құқығын беруге құқығы бар жергiлiктi атқарушы органға және өзi одан бөлiнiп шыққысы келетiн қайта ұйымдастырылатын ұйымның атына өтiнiш бередi.
      11. Өтiнiш "Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 шiлдедегi N 760 P960760_ қаулысымен бекiтiлген жер пайдалану құқығын берудiң тәртiбi туралы ережеге сәйкес, жер үлестерiнiң саны, олардың жалпы алаңы, балло-гектардағы бағаламасы, сондай-ақ сұралып отырған аудан мен жер учаскелерiнiң тiзбесi көрсетiле отырып ресiмделедi. Өтiнiш жасалған учаскелердiң жалпы бағаламасы балло-гектарда жер үлесiне арналған құқық туралы куәлiкте (куәлiктерде көрсетiлген) балло-гектар сомасынан аспауы тиiс.
      12. Егер қайта ұйымдастырылатын ұйымның жер үлестерiн алушы жер учаскелерiн заттық күйiнде бөлу үшiн жер массивi айқындалған болса, оның алаңы барлық өтiнiш берушiлердi қанағаттандыруға жеткiлiктi болса және өтiнiш берушiлер осы массивтегi жер учаскелерiн алуға келiсе және олардың арасында даулар болмаса, онда жер учаскелерi осы массивте бөлiнедi.
      Барлық жағдайларда, осы Тәртiптiң 12-тармағында көрсетiлген жағдайдан басқа ретте, аудандық атқарушы орган немесе оның тапсыруы бойынша тиiстi уәкiлеттi орган жер үлестерiн бөлу туралы өтiнiштi алған күннен бастап бiр апта мерзiмде бұл туралы қайта ұйымдастырылатын ұйымның жер учаскелерiн басқа да иеленушiлерге хабарлайды, сондай-ақ барлық мүдделi тұлғаларға берiлген әрбiр өтiнiш туралы ақпарат бередi.
      13. Жер учаскесiн бөлу туралы өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей жер учаскелерiн иеленушiлердiң немесе олардың өкiлдерiнiң жиналысы болуы тиiс, жиналыс бөлiнетiн жер үлестерiнiң есебiне өтiнiш жасаушыларға берiлетiн жер учаскелерiнiң орналасқан жерi туралы шешiм қабылдайды.
      14. Егер жер үлестерiн иеленушiлердiң немесе олардың өкiлдерiнiң жиналысы өтiнiш жасаушыларға белгiленген мерзiм өткенге дейiн жер үлестерiнiң есебiне берiлетiн жер учаскелерiнiң орналасқан жерi туралы шешiм қабылдамаған жағдайда, ол бөлiнетiн жер учаскелерiнiң орналасқан жерiн айқындаудың тәсiлi туралы шешiм қабылдайды.
      Шешiм хаттамамен ресiмделедi, оған жер үлестерiнiң барлық иеленушiлерi немесе олардың өкiлдерi қол қоюы тиiс.
      15. Хаттама аудандық атқарушы органға ұсынылады және жер үлестерiнiң есебiне жер пайдалану құқығын беру туралы шешiм қабылдауға негiз болып табылады.
      16. Жер үлестерiн иеленушiлердiң және өтiнiш берушiлердiң арасында немесе бiрнеше өтiнiш берушiнiң арасында жер үлестерiнiң есебiне жер учаскелерiн бөлуге байланысты келiспеушiлiктер болған кезде, сондай-ақ осы жер учаскелерiнiң орналасуын айқындаудың тәсiлiнде келiспеушiлiк болмаған кезде дау сот тәртiбiмен шешiледi.