Мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1207

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Президентiндегi кеңесте Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, кәсiпорындары мен ұйымдарының басшы қызметкерлерiнiң қатысуымен қабылданған 1997 жылғы 19 маусымдағы N И-192 хаттамалық шешiмнiң 3-тармағына сәйкес, мемлекеттiк меншiктi және оның жекешелендiрiлу барысын жүйелi түрде есепке алу мен олардың мониторингiн, ақпаратты жинау мен өңдеу тәртiбiн жүйелеудi және әртүрлi мемлекеттiк органдар қалыптастыратын деректер базаларын бiрегейлендiрудi енгiзудi көздейтiн "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл бағдарламасын" орындау мақсатында, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру және оның пайдаланылуына бақылау жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.21. N 246
               қаулысымен. P980246_

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi (бұдан әрi - Департамент) Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн қалыптастыруға тартылған басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, 1997 жылдың 1 қазанына дейiн мерзiмде қолда бар деректер базасына түгендеу жүргiзсiн және жоғарыда аталған Тiзiлiмдi Ережеге сәйкес қалыптастырсын.
      3. Министрлiктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдары ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдардың жартыжылдықтардың нәтижесi бойынша қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы әрбiр кәсiпорынға (ұйымға) шаққандағы есебiн Департаментке және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысан бойынша тұрақты түрде ұсынуын қамтамасыз етсiн.
      Департамент акционерлер жиналысының қарауына акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi шаруашылық серiктестiктерiнiң қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпаратты ұсыну туралы мәселенi белгiленген тәртiппен енгiзсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылдың 15 тамызына дейiн мерзiмде жоғарыда аталған есептердi ұсыну нысандарын бекiтiп, олар туралы министрлiктердi, ведомстволарды және өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды хабардар етсiн.
      4. Департамент және басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Департаменттiң келiсiмi бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұйымдардың) бiрiншi басшыларымен кәсiпорындардың (ұйымдардың) қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiне және олардың республикалық бюджеттiң кiрiсiне жасаған аударымдарына (салық және өзге де мiндеттi төлемдердi қоспағанда) қарай оларға еңбекақы төлеудiң шарттарын белгiлей отырып, келiсiм-шарттар жасауды (бұрын жасалғандарын қайта қарауды) қамтамасыз етсiн.
      Департамент акционерлер жиналысының қарауына осы тармақтан туындайтын өзгерiстердi акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi шаруашылық серiктестiктерiнiң бiрiншi басшыларымен жасалған өз күшiндегi келiсiм-шарттарға өзгерiс енгiзу туралы мәселенi белгiленген тәртiппен енгiзсiн және осындай әдiстi жаңадан сайланған басшылармен келiсiм-шарт жасасуда пайдалануды ұсынсын.
      5. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 2 абзацы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің
               1999.08.13. N 1159 қаулысымен. P991159_
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1504
                қаулысымен. P991504_

      6. Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi қызметкерлерiнiң шаруашылық серiктестiктерiнiң тексеру комиссияларының құрамына 3-қосымшаға сәйкес тұрақты негiзде қатысуын заңдарда белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
      Жоғарыда аталған шаруашылық серiктестiктерiнде жүргiзiлген әрбiр тексерудiң нәтижелерi туралы ақпарат Департаментке ұсынылуға тиiс деп көзделсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi қызметкерлерiнiң мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тексеру комиссиясының құрамында қатысу тәртiбi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн;
      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн ұйымдастыру және оны жүргiзу жөнiндегi 1997 жылға арналған жұмыстарды қаржыландыруға қажеттi қаражатты қарастырсын;
      1998 жылдан бастап тiзiлiм қызметтерiн қаржыландыруға қажеттi қаржыны бөлудi көздесiн.
      8. Департамент Мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып, саудаластыққа бiрнеше рет қойылғаннан кейiн сатылмаған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiзбесiн айқындап, "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамының қатысуымен оларды қайта ұйымдастыру мен таратуды жүзеге асырсын.
      9. Департамент тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулының орындалу барысы туралы есеп ұсынатын болсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


                                            1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1207 қаулысымен бекiтiлген


            Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк қатысу
                үлесi бар шаруашылық серiктестiктерiнiң
                             тiзiлiмi туралы
                                  ЕРЕЖЕ

      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк қатысу үлесi бар шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi (бұдан әрi - Тiзiлiм) - Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан мемлекеттiк меншiк объектiлерi туралы экономикалық, статистикалық және мәтiндiк ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткiштердiң бiрыңғай жүйесi.
      Осы Ереже Тiзiлiмдi ұйымдастыру мен жүргiзудiң негiзгi

принциптерiн, сондай-ақ тiзiлiм деректерiн пайдаланудың тәртiбiн
белгiлейдi.

     I. Жалпы ережелер

     1. Тiзiлiм мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекет қатысатын
шаруашылық серiктестiктерi туралы жиынтық деректердi қамтиды. Бұл
Ереже аталған кәсiпорындарға кiрмейтiн мемлекеттiк мүлiктi тiркеу мен
есепке алудың тәртiбiн белгiлемейдi.
     2. Тiзiлiм есепке алынатын объектiлердi мынадай көрсеткiштер
бойынша құрылымдауға мүмкiндiк беруге тиiс:
     I. Мемлекеттiк кәсiпорындар:
     I.1. Жекешелендiру;
     I.1.1. Жеке жобалар бойынша жекешелендiрiлетiн.
     I.1.2. Жекешелендiруге жатпайтын.
     I.1.3. Басқалар.

     I.2. Орналасқан жерi:
     I.1.1. Шет елде
     I.1.2. Қазақстан Республикасының аумағында.

     II. Шаруашылық серiктестiктерi:
     II.1. ШС мәртебесi:
     II.1.1.Ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдар;
     II.1.2. Жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамдар;
     II.1.3. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер;
     II.1.4. Басқалар.

     II.2. Мемлекеттiң қатысуы:
     II.2.1. 100 процент
     II.2.2. 67-100 процент
     II.2.3. 51-67 процент
     II.2.4. 5-51 процент
     II.2.5. Басқалар.

     II.3. Орналасқан жерi
     II.3.1. Шет елде
     II.3.2. Қазақстан Республикасының аумағында.



      3. Тiзiлiм екi бөлiмшеден тұрады (негiзгi және қосымша). Тiзiлiмнiң негiзгi бөлiмшесi 1-қосымшада көрсетiлген объектiнi бiрегейлендiруге және объект туралы негiзгi статистикалық деректер алуға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштердi қамтиды. Қосымша бөлiмше мемлекеттiк мiндеттердi шешуге қажеттi әртүрлi серпiндi көрсеткiштердi қамтуы мүмкiн.
      4. Тiзiлiмнiң ұйымдық құрылымының екi деңгейi болады, оның бiрiншi деңгейi тиiстi аймақтарда орналасқан және тiркелген объектiлер туралы деректердi қамтитын 14 облыстық тiзiлiмнен және Алматы және Байқоңыр қалаларының тiзiлiмдерiнен (бұдан әрi - аймақтық тiзiлiмдер) тұрады. Тiзiлiмнiң екiншi деңгейi - аймақтық тiзiлімдердiң жиынтық деректерiн қамтитын республикалық тiзiлiм.
      5. Тiзiлiмнiң тапсырысшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi болып табылады.
      Тiзiлiмнiң тапсырысшысы:
      Тiзiлiмнiң қосымша көрсеткiштерiнiң құрамын айқындайды;
      негiзгi және қосымша бөлiмшелердiң бастапқы ақпаратын әзiрлеу мен енгiзудiң тәртiбiн айқындайды;
      Тiзiлiмдi жүргiзу жөнiндегi бiрыңғай нормаларды, ережелердi және әдiстемелiк нұсқауларды бекiтедi;
      Тiзiлiмдi әзiрлеумен және оның бiрыңғай әдiстемелiк және нормативтiк құқықтық базасын құрумен байланысты жұмыстарды ұйымдастырады және бөлiнген қаражат шегiнде қаржыландырады.
      6. Республикалық тiзiлiмнiң Менеджерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi (бұдан әрi - Департамент), ал Аймақтық тiзiлімдердiң менеджерлерi - Департаменттiң аумақтық комитеттерi болып табылады.
      Тiзiлiм Менеджерi Тiзiлiм деректерiн толтырумен, түзетумен, Тiзiлiм ақпаратын пайдаланушыларды және Тiзiлiм деректерiн ұсыну тәртiбiн айқындаумен байланысты Тiзiлiмді тiкелей басқаруды, Тiзiлiмнiң жұмыс iстеуiн қолдаудың ұйымдастырушылық мәселелерiне байланысты басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      II. Тiзiлiм деректерiн толтыру тәртiбi

      7. Республикалық Тiзiлiмнiң негiзгi бөлiмшесiн бастапқы толтыру мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы:
      мемлекеттiк меншiк объектiлерi туралы Департаменттiң;
      тiркеуден өткен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар және эмиссия проспектiлерiн тiркеу туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң;
      эмиссия проспектiлерiн тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының;
      мемлекеттiк статистикалық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистика агенттiгiнiң;
      жекешелендiруге берiлген объектiлер туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң;
      өзiне қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргiзу үшiн берiлген объектiлер туралы "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамның деректерi жиынтығының негiзiнде жүзеге асырылады.
      8. Республикалық тiзiлiмнiң қосымша бөлiмшесiн бастапқы толтыру Департаменттiң талап етуi бойынша министрлiктер, ведомстволар және басқа да уәкiлеттi органдар ұсынатын деректер жиынтығының негiзiнде жүзеге асырылады.
      9. Осы Ереженiң 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген органдар ұсынатын деректер 2-қосымшада көрсетiлген құрылымдарға сәйкес 1997 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша қалыптастырылып, екiншi деңгейдегi Тiзiлiм Менеджерiне 1997 жылдың 1 тамызынан кешiктiрмей берiлуге тиiс.
      10. Деректер жиынтығын және екiншi деңгейдегi Тiзiлiмдi бастапқы толтыруды екiншi деңгейдегi Тiзiлiм Менеджерi жүзеге асырады.
      11. Бiрiншi деңгейдегi Тiзiлiмдер (аймақтық тiзiлiмдер) екiншi деңгейдегi Тiзiлiмдi (Республикалық тiзiлiм) аймақтық белгiсi бойынша бөлшектеп бiрыңғайлау (сегменттеу) жолымен қалыптастырылады, мұнан соң бiрiншi және екiншi деңгейдегi тiзiлiмдердi Департамент бекiтiп, актiлер бойынша аймақтық Тiзiлiмдердiң Менеджерлерiне берiледi.

      III. Тiзiлiм деректерiн өзгерту тәртiбi

      12. Тiзiлiмдегi тiркелген объектi туралы деректердi өзгертуге, сондай-ақ Тiзiлiмдi жаңа объектiлермен толықтыруға осы Ереженiң 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген органдар ұсынатын ақпарат негiз болып табылады.
      13. Аталған мемлекеттiк басқару органдары және олардың аймақтық бөлiмшелерi кәсiпорындар туралы Тiзiлiм үшiн маңызды болып табылатын, Тiзiлiмдердiң негiзгi және қосымша бөлiмшелерiне енгiзiлген ақпаратты тиiстi аймақтардың Тiзiлiмдерiнiң Менеджерлерiне уақтылы берудi (өзгертiлген немесе нақтыланған сәттен бастап бiр апта мерзiм iшiнде) қамтамасыз етуге мiндеттi. Республикалық мәнi бар кәсiпорындарға, шетелде орналасқан кәсiпорындарға, сондай-ақ Департаменттiң арнайы тiзiлiмiнде көрсетiлген кәсiпорындарға қатысты ақпарат екiншi деңгейдегi Тiзiлiм Менеджерiне ұсынылады.
      14. Тiзiлiмдерге өзгерiстер мен толықтыруларды тiкелей енгiзудi Менеджерлер уәкiлеттiк берген адамдар жүзеге асырады.
      15. Аймақтық Тiзiлiмдерге үш жұмыс күнiнiң iшiнде енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар республикалық Тiзiлiмдi күн талабына сай келтiру үшiн республикалық Тiзiлiмнiң Менеджерiне ұсынылуға тиiс. Республикалық Тiзiлiмге аймақтық Тiзiлiмде есепке алынатын объектiге қатысты өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзiлетiн жағдайда аталған өзгерiстер немесе толықтырулар үш жұмыс күннiң iшiнде аймақтық Тiзiлiмдi күн талабына сай келтiруi үшiн тиiстi аймақтың Менеджерiне берiлуге тиiс.
      16. Тiзiлiмдердiң деректерiн толықтыру немесе өзгерту кезiнде деректердiң дұрыс және уақтылы ұсынылуы үшiн мемлекеттiк басқару органдарының және басқа да уәкiлеттi органдардың Тiзiлiмге ақпарат беретiн лауазымды адамдары жауап бередi.
      17. Ұсынылған ақпаратты Тiзiлiмдерге дұрыс және уақтылы енгiзу үшiн Тiзiлiмдер Менеджерлерiнiң лауазымды адамдары жауап бередi.

      IV. Тiзiлiмдердi жүргiзу технологиялары

      18. Тiзiлiмдердi жүргiзу Тiзiлiмдердi басқаруды оңтайландыруға және ақпаратқа қол жеткiзудi басқаруға мүмкiндiк беретiн деректердiң сенiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз ететiн мамандандырылған бағдарламалық-техника кешендердiң негiзiнде ақпаратты жинаудың, өңдеу мен сақтаудың электронды жүйелерi құралдарының көмегiмен жүзеге асырылады.
      19. Тiзiлiмдер ұстаушылар мыналар болып табылады:
      - республикалық деңгейде - "Ақпараттық-есептеу орталығы" (АЕО);
      - облыстық деңгейде - АЕО-ның облыстық бөлiмшелерi (ОАЕО).
      20. Тiзiлiм ұстаушының функцияларына мыналар жатады:
      - бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, енгiзу және жаңарту, сондай-ақ Тiзiлiм жүргiзуге қажеттi жабдықтарды таңдау және сатып алу;
      - Тiзiлiм жүргiзудiң техникалық және бағдарламалық құралдарының толассыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      - Тiзiлiм деректерiнiң базасына қол жеткiзудi Тiзiлiмдер Менеджерлерiнiң нұсқауларына қатаң сәйкестiкте басқару.
                                                     1-қосымша



                    Тiзiлiм бөлiмшелерiнiң негiзгi

                           көрсеткiштерi
     _______________________________________________________________
     N      Көрсеткiш         |       Түсiндiрме
     _________________________|_____________________________________
     1 ОКПО коды              |- Объектiнiң бiрдейлендiрiлген коды
     _________________________|_____________________________________
     2 Мемлекеттiк тiркеудiң  |- Заңды тұлғаның соңғы қайта
       нөмiрi                 |тiркелуi кезiнде берiлген бiрдейлен.
                              |дiрiлген коды
     _________________________|_____________________________________
     3 Мемлекеттiк тiркеудiң  |- Соңғы қайта тiркелудiң датасы
       датасы                 |
     _________________________|_____________________________________
     4 Толық атауы            |
     5 Қысқартылған атауы     |
     _________________________|_____________________________________
     6 Аймақтың коды          |- Объект тiркелген Тiзiлiмнiң
                              |аймақтық коды
     _________________________|_____________________________________
     7 Заңды мекен-жайы       |- Толық заңды мекен-жайы
     _________________________|_____________________________________
     8 Сала (қызмет)          |- ОКЭД-ге сәйкес салалар коды
     _________________________|_____________________________________
     9 Ұйымдастыру-құқықтық   |- Ұйымдастыру-құқықтық нысанының
       нысан                  |коды (КОПФХС-ге сәйкес)
     _________________________|_____________________________________
     10 Басшы                 |- Бiрiншi басшының аты-жөнi
     _________________________|_____________________________________
     11 Бухгалтер             |- Бас бухгалтердiң аты-жөнi
     _________________________|_____________________________________
     12 Тiркеушi              |- Тiркеушi туралы мәлiметтер
                              |(АҚ үшiн)
     _________________________|_____________________________________
     13 Жарғылық қор          |- Жарғылық қордың мөлшерi
     _________________________|_____________________________________
     14 Мемлекеттiк үлес      |- УФ-ден % мемлекеттiк үлес мөлшерi
     _________________________|_____________________________________
     15 Пакет                 |- Акциялар мөлшерi (АҚ үшiн)
     _________________________|_____________________________________
     16 Жүктеме жасау         |- Мемлекеттiк үлестiң басқаруға немесе
                              |үшiншi тұлғаға кепiлдiкке берiлуi
     _________________________|_____________________________________
     17 Жекешелендiру         |- Жекешелендiру тәсiлi
     _________________________|_____________________________________


                                                     2-қосымша
     
            Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгiндегi
                Мемлекеттiк тiзiлiмнiң негiзгi  бөлiмшелерiн
            қалыптастыру үшiн мембасқару органдарына берiлетiн
                                ДЕРЕКТЕР
     _______________________________________________________________
     N      Көрсеткiш         |       Түсiндiрме
     _________________________|_____________________________________

                        Әдiлет министрлiгi

     1 Мемлекеттiк тiркеудiң  |- Заңды тұлғаның тiркелуi кезiнде
       нөмiрi                 |берiлген бiрдейлендiрiлген коды
     _________________________|_____________________________________
     2 ОКПО коды              |- Объектiнiң бiрдейлендiрiлген коды
     _________________________|_____________________________________
     3 Мемлекеттiк тiркеудiң  |
       датасы                 |
     _________________________|_____________________________________
     4 Толық атауы            |
     _________________________|_____________________________________
     5 Аймақтың коды          |- Объект тiркелген Тiзiлiмнiң
                              |аймақтық коды
     _________________________|_____________________________________
     6 Заңды мекен-жайы       |- Толық заңды мекен-жайы
     _________________________|_____________________________________
     7 Ұйымдастыру-құқықтық   |- Ұйымдастыру-құқықтық нысанының
       нысан                  |коды (КОПФХС-ге сәйкес)
     _________________________|_____________________________________
     8 Басшы                  |- Бiрiншi басшының аты-жөнi
     _________________________|_____________________________________
     9  Бухгалтер             |- Бас бухгалтердiң аты-жөнi
     _________________________|_____________________________________
     10 Жарғылық қор          |- Жарғылық қордың мөлшерi
     _________________________|_____________________________________
     11 NSIN коды             |- Бiрдейлендiрiлген эмиссия коды
     _________________________|_____________________________________
     12 Номинал               |- Акциялардың номиналы
     _________________________|_____________________________________
     13 Акциялардың саны      |- Акциялардың эмиссиядағы саны
     _________________________|_____________________________________
     14 Тiркеушi              |- Тiркеушi туралы деректер
                              |(АҚ үшiн)
     _________________________|_____________________________________

                         Ұлттық статагенттiгi

     15 ОКПО коды             |- Объектiнiң бiрдейлендiрiлген коды
     _________________________|_____________________________________
     16 Мемлекеттiк тiркеудiң |- Заңды тұлғаның тiркелуi кезiнде
        нөмiрi                |берiлген бiрдейлендiрiлген коды
     _________________________|_____________________________________
     17 Толық атауы           |
     _________________________|_____________________________________
     18 Сала (қызмет)         |- ОКЭД-ге сәйкес салалар коды
     _________________________|_____________________________________

               Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия
     19 ОКПО коды             |- Объектiнiң бiрдейлендiрiлген коды
     _________________________|_____________________________________
     20 Мемлекеттiк тiркеудiң |- Заңды тұлғаның тiркелуi кезiнде
        нөмiрi                |берiлген бiрдейлендiрiлген коды
     _________________________|_____________________________________
     21 Мемлекеттiк тiркеудiң |
        датасы                |
     _________________________|_____________________________________
     22 Толық атауы           |
     _________________________|_____________________________________
     23 Басшы                 |- Бiрiншi басшының аты-жөнi
     _________________________|_____________________________________
     24 Бухгалтер             |- Бас бухгалтердiң аты-жөнi
     _________________________|_____________________________________
     25 Тiркеушi              |- Тiркеушi туралы деректер
                              |(АҚ үшiн)
     _________________________|_____________________________________
     26 Жарғылық қор          |- Жарғылық қордың мөлшерi
     _________________________|_____________________________________
     27 NSIN коды             |- Бiрдейлендiрiлген эмиссия коды
     _________________________|_____________________________________
     28 Номинал               |- Акциялардың номиналы
     _________________________|_____________________________________
     29 Акциялардың саны      |- Акциялардың эмиссиядағы саны
     _________________________|_____________________________________

                   Жекешелендiру департаментi

     30 Мемлекеттiк тiркеудiң |- Заңды тұлғаның тiркелуi кезiнде
        нөмiрi                |берiлген бiрдейлендiрiлген коды
     _________________________|_____________________________________
     31 Жарғылық қор          |- Жарғылық қордың мөлшерi
     _________________________|_____________________________________
     32 Толық атауы           |
     _________________________|_____________________________________
     33 Мемлекеттiк үлес      |- Жекешелендiру жөнiндегi департамент.
                              |тегi УФ-ден % мемлекеттiк үлес мөлшерi
     _________________________|_____________________________________
     34 Пакет                 |- Жекешелендiру жөнiндегi департамент.
                              |тегi акциялар мөлшерi (АҚ үшiн)
     _________________________|_____________________________________
     35 Жекешелендiру         |- Жекешелендiру тәсiлi
     _________________________|_____________________________________

            "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату
                       жөнiндегi агенттiк" АҚ

     36 ОКПО коды             |- Объектiнiң бiрдейлендiрiлген коды
     _________________________|_____________________________________
     37 Мемлекеттiк тiркеудiң |- Заңды тұлғаның соңғы қайта тiркелуi
        нөмiрi                |кезiнде берiлген бiрдейлендiрiлген коды
     _________________________|_____________________________________
     38 Толық атауы           |
     _________________________|_____________________________________
     39 Мемлекеттiк үлес      |- УФ-ден % мемлекеттiк үлес мөлшерi
     _________________________|_____________________________________
     40 Пакет                 |- Акциялар мөлшерi (АҚ үшiн)
     _________________________|_____________________________________

             Мүлiк пен активтердi басқару департаментi

     41 ОКПО коды             |- Объектiнiң бiрдейлендiрiлген коды
     _________________________|_____________________________________
     42 Мемлекеттiк тiркеудiң |- Заңды тұлғаның соңғы қайта тiркелуi
        нөмiрi                |кезiнде берiлген бiрдейлендiрiлген коды
     _________________________|_____________________________________
     43 Толық атауы           |
     _________________________|_____________________________________
     44 Жарғылық қор          |- Жарғылық қордың мөлшерi
     _________________________|_____________________________________
     45 Мемлекеттiк үлес      |- УФ-ден % мемлекеттiк үлес мөлшерi
     _________________________|_____________________________________
     46 Пакет                 |- Акциялар мөлшерi (АҚ үшiн)
     _________________________|_____________________________________
     47 Жүктеме жасау         |- Жүктеме жасау туралы деректер
                              |(кепiлдiк, басқару)
     _________________________|_____________________________________
     48 Жекешелендiру         |- Жекешелендiру тәсiлi
     _________________________|_____________________________________

     
                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 1 тамыздағы
                                           N 1207 қаулысына
                                              3 қосымша

     Тексеру комиссиясының құрамына мемлекеттiк өкiлдер енгiзiлетiн
акционерлiк қоғамдардың тiзбесi

     1. "Қазақойл ҰМҚ" ЖҮАҚ
     2. "Қазақмұнайқұбыры" ЖҮАҚ
     3. "KEGOS" АҚ
     4. "Эйр Қазақстан" ЖҮАҚ
     5. "Шұбаркөл кенiшi" АҚ
     6. "Борлы" АҚ
     7. "Батыскөлiкгаз" АҚ
     8. "Алаугаз" АҚ
     9. "Павлодармұнайөңдеу заводы" АҚ
     10. "Атакент" АҚ
     11. "Заңғар" Сауда үйi" АҚ
     12. "Балалар әлемi" "Әмбебап дүкенi" АҚ
     13. "405 ГА авиажөндеу заводы" АҚ
     14. "406 ГА авиажөндеу заводы" АҚ
     15. "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ
     16. "Үлбi металлургия заводы" АҚ
     17. "Жезқазғантүстiмет" АҚ
     18. "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" АҚ
     19. "Шалқия кен басқармасы" АҚ
     20. "Соколов-Сарыбай КБӨП" АҚ
     21. "Қостанайхимжiбек" АҚ
     22. "Екiбастұзшахтықұрылыс" АҚ
     23. "Жезкент КБК" АҚ
     24. "Химфарм" АҚ
     25. "Қазақстан алюминий" АҚ
     26. "Қазхром" КҰҚ
     27. "Целинный кен-химия комбинаты" АҚ
     28. "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" АҚ
     29. "Ертiс химия-металлургия заводы" АҚ
     30. "Ақбақай КБК" АҚ
     31. "Суперфосфат заводы" АҚ
     32. "Нодфос" АҚ
     33. "Қаратау" АҚ
     34. "Сарытас" АҚ
     35. "Промтранс" АҚ
     36. "Қазжөндеуэнерго" АҚ
     37. "Ақтөбе ЖЭО" АҚ
     38. "Талдықорған ЖЭО" АҚ
     39. "Теплоцентраль (Қызылорда ЖЭО-6)" АҚ
     40. "Шымкент ЖЭО" АҚ
     41. "Ақтөбе ТЭК" АҚ
     42. "Қызылорда ТЭК" АҚ
     43. "Солтүстiк Қазақстан ТЭК" АҚ
     44. "Батыс Қазақстан ТЭК" АҚ
     45. "Жамбыл ТЭК" АҚ
     46. "Маңғыстау ТЭК" АҚ
     47. "Павлодар ТЭК" АҚ
     48. "Талдықорған ТЭК" АҚ
     49. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" АҚ
     50. "Қазақстан Халықтық Банкi" АБ
     51. "Тұран Әлем" АБ