Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивиденттер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістің мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 тамыздағы N 1159 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.25. N 404 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен Жамбыл және Ақмола облыстарының республикалық мемлекеттiк меншiктегi жоғары, орта және төмен қысымдағы газ құбырларын "ЕС Қазақстан энергетикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының балансына берсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен келiсiм бойынша Алматы қаласындағы, Оңтүстiк Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы жоғары, орта және төмен қысымдағы газ құбырларын республикалық мемлекеттiк меншiктiң иелiгiнен шығарудың негiздiлiгiн талдасын.
      Жеткiлiктi негіздемелер анықталған жағдайда заңдарда белгiленген тәртiппен оларды кейiн "ЕС Қазақстан энергетикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының балансына беру арқылы республикалық мемлекеттік меншiкке қайтару жөнiнде шаралар қабылдасын.
      3. Мыналардың:
      1) "Елдiң аймақтарында газбен жабдықтаудың мемлекеттiк желiсiн құру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 қыркүйектегі N 1368 P971368_ қаулысының;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 қыркүйектегi

 

N 1368 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан

Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 9 қазандағы N 1431 


P971431_


  қаулысының

күшi жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Қасымбеков Б.