Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 ақпандағы N 148 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1201

Қолданыстағы
      "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 маусымдағы Заңын және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 шiлдедегi N 1088 P971088_ қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 ақпандағы N 148 P970148_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақтың үшiншi абзацындағы "3400" деген сан "2205.536" деген санмен ауыстырылсын";
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Мемлекеттiк сатып алулар жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3 және 4-тармақтардағы "Экономика министрлiгi" деген сөздердiң "Экономика" деген сөзiнен кейiн "және сауда" деген сөздер жазылсын;
      5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы "Ұлттық статистика агенттiгi" деген сөздердiң алдынан "Экономика және сауда министрлiгiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      осы қаулының 1-қосымшасына:
      "Барлығы" деген жолдағы "259.36", "18.04", "6.702", "2.974" деген сандар тиiсiнше "205.91", "17.79", "1.653", "2.211" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Заем иесi" деген бағанындағы 2-тармақтағы "Мұнайгазминi" деген сөз "Қазақойл" ҰМҚ" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Заем иесi" деген бағанындағы 3-тармақтағы "Суресурскомы" деген сөздiң алдынан "Ауылшарминiнiң" деген сөз жазылсын;
      7 және 9-тармақтар алынып тасталсын;
      8-25-тармақтар тиiсiнше 7-23-тармақтар болып саналсын;
      8-тармақта:
      "1997 жылы қаржыландыру" деген бағандағы "5.278" және "2.443" деген сандар тиiсiнше "0.229" және "1.68" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Заем иесi" деген бағандағы "Семей облысының әкiмi" деген сөздер

"Шығыс Қазақстан облысының әкiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
     12-тармақта:
     "1997 жылы қаржыландыру" деген бағандағы "5.4" деген сан "1.13"
деген санмен ауыстырылсын;
     "Заем иесi" деген бағандағы "Құрылысминi" деген сөз
"Экономсаудаминiнiң Құрылыс агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "Заем иесi" деген бағандағы 13-тармақтағы "Бiлiмминi" деген сөз
"Бiлiм және мәдениетминi" деп жазылсын;
     21-тармақтағы "1997 жылы қаржыландыру" деген бағандағы "1" деген
сан "0,5" деген санмен ауыстырылсын;
     23-тармақтағы "1997 жылы қаржыландыру" деген бағандағы "50" деген
сан "2.3" деген санмен ауыстырылсын;
     осы қаулының 2-қосымшасына:
     1, 2, 5, 6 және 9-тармақтар алынып тасталсын;
     3-15-тармақтар тиiсiнше 1-10-тармақтар болып саналсын;
     "Тапсырыс берушi" бағанындағы 5-тармақтағы "Қызыл-Орда" деген
сөз "Қызылорда" деген сөзбен ауыстырылсын;
     Мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
     "Ауыл шаруашылығы
     II Талдықорған электртиеу
     насостар заводы,
     Талдықорған қаласы
     iске қосу-баптау
     жұмыстары                 -              -        1997";
     осы қаулының 3-қосымшасына:
     қосымшаның мәтiнi бойынша:
     "Қызыл-Орда" деген сөз "Қызылорда" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "Суресурскомы" деген сөздiң алдынан "Ауылшарминiнiң" деген
сөз жазылсын;
     "Көкшетау" деген сөз "Солтүстiк Қазақстан" деген сөзбен
ауыстырылсын;
     "Қостанай" деген сөз "Қостанай" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "Торғай" деген сөз "Қостанай" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "Бiлiмминi" деген сөз "Бiлiм және мәдениетминi" деп жазылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi