Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 9 шiлдедегi N 1088

      Мемлекеттiк статистиканың сапасын арттыру мақсатында, оның экономиканы реформалау талаптарына, айрықша беймемлекеттiк қаржылық емес құрылымдар, елдiң төлем балансы, экономиканың аграрлық секторы, үй шаруашылықтары секторы, мемлекеттiк меншiктi есепке алу жай-күйiнiң нақты көрiнiс табуы бөлiгiнде сәйкессiздiгiн атап көрсете отырып: 
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Үкiметтiң, орталық мемлекеттiк органдардың, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты әрi есеп беретiн ведомстволар өкiлдерiнiң қатысуымен Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңестi құрып, оның қызметi туралы Ереженi бекiтетiн болсын. 
      2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi: 
      - мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру процесiне ғылыми-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
      - статистикалық есептiлiктiң жаңа әдiстемелерi мен нысандарын қарау;
      - мемлекеттiк статистиканы жетiлдiруге байланысты iс-шаралар жоспарын әзiрлеу болып белгiленсiн.  

      Қазақстан Республикасының
      Президентi