"Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3465 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1143 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3465  U973465_  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж, N 16, 125-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi: 
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң 12970 бiрлiктегi, оның iшiнде орталық аппараттың 42 бiрлiгi бар 180 бiр бiрлiктегi орталық аппаратының республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын штаттарын; 
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң Алматы жоғары техникалық училищесiнiң Көкшетау филиалын. 
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жұмысын қамтамасыз ететiн мүлiк пен iстердi басқару жөнiндегi өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiне берсiн.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. N 1788 
               қаулысымен.  P971788_  

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Алматы жоғары техникалық училищесiнiң Көкшетау филиалының базасында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң заңды тұлға құқығы бар Көкшетау жоғары техникалық училищесi (бұдан әрi - Училище) құрылсын.<*> 
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi белгiленген тәртiппен Училищенiң Жарғысын бекiтсiн және тiркесiн. Училище бастығын тағайындап, оқу процесiн ұйымдастыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын. 
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. N 1788 
               қаулысымен.  P971788_  

      3.  (3-тармақтың күші жойылды - Қазақстан Республиксы Үкіметінің 2005.06.30. N 662  қаулысымен .)  

      4.<*>

       ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгердi - ҚР Үкiметiнiң 1997.12.18. N 1788 қаулысымен.   P971788_  
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшiн жойды - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481 қаулысымен.   P990481_  

      5.<*>
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгердi - ҚР Үкiметiнiң 1997.12.18. N 1788 қаулысымен.   P971788_  
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақ күшiн жойды - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481 қаулысымен.   P990481_  

      6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiне:
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң ұсталмайтын қордың санаттарға бөлiнген материалдық құралдары қоймаларын келiсiм-шарт негiзiнде күзету; 
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң Алматы жоғары техникалық училищесiнде келiсiм-шарт негiзiнде кемiнде күндiзгi оқу бөлiмiнде 50 және сырттан оқу бөлiмiнде 50 орын шегiнде "өрт қауiпсiздiгi" мамандығы бойынша жоғары бiлiмдi Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет кадрларын оқыту мен даярлау жүктелсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      "Өртке қарсы кәсiбилендiрiлген мемлекеттiк қызметi Мемлекеттiк әскерилендiрiлген өртке қарсы қызмет етiп кезең-кезеңмен қайта ұйымдастырудың кестесi";
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  P951894_  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      2-абзацындағы 10-тармақтың "өрттен қорғау" деген сөздер "қорғау" деген сөзбен ауыстырылсын, "өртке қарсы автоматиканы" деген сөздер алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 32, мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "32. Қазақстан Республикасының        Өрт сигнализациясы
      Төтенше жағдайлар жөнiндегi          және өртке қарсы
      мемлекеттiк комитетiнiң              автоматтандыру
      Мемлекеттiк өртке қарсы              құралдарын монтаждау,
      қызмет департаментi                  жолға қою және
                                           техникалық қызмет
                                           көрсету"; <*>

      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 657  P970657_  қаулысына: 
      1-тармақтағы "11" деген сан "13" деген санмен ауыстырылсын; 
      аталған қаулыға қосымшадағы "Төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау, өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзу және тау-кен қадағалау" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: 
      "Заңды тұлға құқығындағы Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi". 
       ЕСКЕРТУ. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республиксы Үкіметінің 2005.06.30. N 662  қаулысымен .)  

      8. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi: 
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет туралы Ереженi әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн;
      әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң өзгеруiне байланысты "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегi N 430  P940430_  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 20, 192-құжат) қосымшасына екi апта мерзiмде тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.

      9. Құпия.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
1997 жылғы 22 шiлдедегi 
N 1143 қаулысымен   
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi
комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет
департаментi (Мемлекеттiк өртке қарсы
қызмет департаментi) туралы  <*>

       ЕСКЕРТУ. Атауындағы және мәтiнiндегi "мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. N 1788 қаулысымен.   P971788_  

ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi (бұдан әрi - Департамент) өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк басқару органы болып табылады. 
      2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
      3. Департаменттi ұстауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiн ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады. 
      4. Департамент заңды тұлға болып табылады, оның банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. N 1788 қаулысымен.   P971788_  

II. Негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

      5. Департаменттiң өз қызмет саласындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 
      өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге қатысу; 
      министрлiктердiң, комитеттердiң және Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, меншiк нысанына қарамастан, өртке қарсы қызмет ұйымдары мен бөлiмшелерiнiң өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi жұмыстарын үйлестiру; 
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк өрт қадағалауды қамтамасыз ету; 
      өрт сөндiрудi қамтамасыз ету және жүзеге асыру; 
      өрт қауiпсiздiгi саласында заңдардың қолданылу тәжiрибесiн талдау және тұжырымдау, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу; 
      өз жұмысын жақсарту жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзу; 
      халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу; 
      халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру; 
      өзiне заңдармен жүктелген өзге де мiндеттер. 
      6. Департамент Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң құзыретi шегiнде өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес: 
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi қызметiн ұйымдастыруды және үйлестiрудi қамтамасыз етедi; 
      республикадағы өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiне талдау жасау мен болжауды жүзеге асырады; 
      мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ ұйымдарда өрт қауiпсiздiгi мәселелері жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалуына бақылау жасайды; 
      меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өртке қарсы күреске әзiрлiк жағдайына мемлекеттiк бақылауды, өрттiң алдын алу жөнiндегi жұмысқа бақылауды жүзеге асырады; 
      кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады; 
      өрт қауiпсiздiгi саласында барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар және азаматтар үшiн орындалуы мiндеттi болып табылатын нормативтердi, стандарттар мен ережелердi әзiрлейдi және уәкiлеттi орталық атқарушы органдардың бекiтуi үшiн келiседi, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi саласында мемлекеттiк есеп жүргiзедi; 
      өрттен және өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзушылық туралы iстер бойынша тексерудi ұйымдастырады; 
      "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Қазақ КСР Кодексiнде көзделген iстер бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асырады; 
      өрт қауiпсiздiгi саласында белгiленген тәртiппен лицензиялауды және сертификаттауды жүзеге асырады; 
      өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерi жоқ объектiлердi салуға жобалық шешiмдердi келiседi; 
      өрт қауiпсiздiгi саласында заңдардың қолданылу тәжiрибесiн талдайды және тұжырымдайды, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады; 
      халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады; 
      мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсетедi; 
      заңдарда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 
      7. Департамент өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде: 
      заңды тұлғалардың өкiлдерiнiң (филиалдарының және өкiлдiктерiнiң) және жеке тұлғалардың көзiнше өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтердiң, стандарттардың және ережелердiң орындалуына тексеру жүргiзуге; 
      өрт құзыретi шегiнде министрлiктерге, комитеттер мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарға, жергiлiктi атқарушы органдарға, меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға, азаматтарға орындалуы мiндеттi нұсқамалар мен нұсқаулар беруге; 
      жобалау және құрылыс ұйымдарының ұйымдары, үй-жайлары және ғимараттарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезiнде стандарттарда, нормалар мен ережелерде көзделген өртке қарсы талаптарды орындауын бақылауға, жер учаскелерiн таңдау және ұйымдарды, үй-жайлар мен ғимараттарды қабылдап алу жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысуға; 
      меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың лауазымды адамдары мен басқа қызметкерлерiнен, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамдардан объектiнiң өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн сипаттайтын мәлiметтер мен құжаттар алуға; 
      өрт қауiпiн туғызатын өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзушылық кезiнде, сондай-ақ ұйымдарды, объектiлердi, ғимараттарды, үй-жайларды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобада немесе жобалау нормаларында көзделген өртке қарсы талаптар орындамаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толықтай тоқтатуға, үй-жайды, ғимаратты, электр желiлерiн, жылыту құралдарын пайдалануға тыйым салуға және өртке қарсы жұмыстар жүргiзуге; 
      заңдарда әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзушылық туралы хаттамалар жасауға және iстердi қарауға; 
      төтенше жағдайларда өрт сөндiру және авариялардың, апаттардың және табиғи апаттардың зардаптарын жою үшiн өрт сөндiру және апаттан құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, ведомстволық қатыстылығына қарамастан, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тартуға; 
      қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiрiп әкетуге нұсқау беруге, құтқару жұмыстарын жүргiзу және төтенше жағдайларды жою кезеңiнде цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтата тұруға; 
      белгiленген тәртiп сақталған кезде дипломатиялық иммунитетi бар шет ел мемлекеттердiң өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдарды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйлерi мен өзге де үй-жайларын оларға тиесiлi жер учаскелерiн, үй-жайларды азаматтардың өрт қауiпсiздiгiмен байланысты жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға, оттың өршуiн болдырмауға және өрттi жоюға бағытталған белгiленген шараларды қолдану мақсатында бөгетсiз қарауға; 
      азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға үйлер мен үй-жайларға кiруiн шектеуге немесе уақытша тыйым салуға, белгiлi бiр орынды тастап кетуге мiндеттеуге; 
      өрт сөндiруде және өрттен сақтандыруда, адамдар мен мүлiктi құтқаруда көзге түскен азаматтарды көтермелеуге құқылы. 

III. Қызметiн ұйымдастыру

      8. Департаменттi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Бастық басқарады. 
      Департамент Бастығы лауазымы бойынша сонымен бiр уақытта Қазақстан Республикасының Өрт қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады. 
      Департамент Бастығының орынбасары болады, оны Департамент Бастығының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
      Департамент Бастығының орынбасары лауазымы бойынша сонымен бiр уақытта Қазақстан Республикасының Өрт қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары болып табылады. 
      9. Департамент Бастығы Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап бередi. 
      10. Осы мақсаттарда Департамент Бастығы: 
      өзiнiң орынбасары мен Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi; 
      Департаменттiң орталық аппараты қызметкерлерiн қызметке тағайындайды, орнын ауыстырады және қызметтен босатады, оларға қолданылып жүрген заңдарда көзделген көтермелеу және тәртiптiк жаза шараларын қолданады; 
      Департамент құзыретi шегiнде Департаменттiң орталық аппаратының, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер, бұйрықтар шығарады; 
      Департаменттiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 
      өз құзыретi шегiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Департаменттi бiлдiредi; 
      өз құзыретiне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. 
      11. Департаменттiң аумақтық органдарының басшыларын Департамент Бастығының ұсынуы бойынша және тиiстi облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң келiсуi бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Төрағасы бекiтедi. 
      12. Департамент, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстары бөлiмшелерi белгiленген тәртiппен қаржыландырылады. 
      13. Департаменттiң аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады, олардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады. 
      14. Департаменттiң аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты бөлiмшелерi туралы ереженi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Төрағасы бекiтедi.
      15. Департаменттiң құрылымы мен құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      16. Департаменттiң орталық аппаратының құрылымы мен адам санын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Төрағасы, ал штат кестесiн белгiленген құрылым, адам саны және еңбекақы төлеу қоры шегiнде - Департамент Бастығы бекiтедi.
      17. Департаменттi ұйымдастыру мен тарату қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкiметiнiң
                                            1997 жылғы 22 шiлдедегi
                                                N 1143 қаулысына
                                                     қосымша

       Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi
    комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi
         мен оның ведомстволық бағынысты бөлiмшелерiнiң
                           Штат саны  <*>

       ЕСКЕРТУ. Атауы өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. N 1788 қаулысымен.   P971788_  

___________________________________________________________________
 N |       Атауы             |Мыналардың есебiнен ұсталатын
р/с|                         |         штат саны
   |                         |_____________________________________
   |                         |республикалық|жергiлiктi|оның iшiнде
   |                         |бюджеттен    |бюджеттен |аттестация.
   |                         |             |          |ланған
   |                         |             |          |құрамның
___________________________________________________________________
 1 |            2            |      3      |      4   |     5
___________________________________________________________________
1.  Мемлекеттiк өртке               40           -         39<*>
    қарсы қызмет департаментi
2.  Тыл және қамтамасыз ету         27           -         21<*>
    қызметi (Департамент
    жанындағы басқарма
    құқығында)
3.  Өрт қауiпсiздiгiнiң арнаулы     24           -         24<*>
    ғылыми-зерттеу лабораториясы
4.  Көкшетау техникалық             87           -         72<*>
    жоғары училищесi
<*>
5.  Мемлекеттiк өртке қарсы         -            743       682
    қызметтiң облыстық, Алматы
    қалалық басқармалары
6.  Мемлекеттiк өртке қарсы             -           12047      8852
    қызметтiң қалалық және
    аудандық бөлiмшелерi
     оның iшiнде:
     бiрiншi кезектегi
     авариялық-құтқару
     жұмыстарын жүргiзу
     жөнiндегi мамандандырылған
     өрт бөлiмдерi                  -            674       644
     өрт бөлiмдерi                  -            9729      7315
    техникалық қызмет бөлiмдерi     -            746       192
    оқу пункттерi, Алматы
    кәсiби даярлық мектебi          -            125       101
    "ҚҚ" қоймалары                  -            167       57
    басқа бөлiмшелер                -            543       543
___________________________________________________________________
    Жиыны                          178           12790     9690<*>

       ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. N 1788 қаулысымен.   P971788_