Импортталатын акцизделетiн тауарларға арналған акциздердiң ставкалары және жеке адамдардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн, акциз салуға жатпайтын акцизделетiн тауарлардың нормалары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң ТМД сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасы туралы үкiметаралық келiсiмiн жүзеге асыру және тауарлардың кодтары мен сипатын оның жаңа редакциясына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1.<*>
      2.<*>
      3.<*>
      ЕСКЕРТУ. 1,2,3-тармақтарының күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1998.10.27. N 1087 қаулысымен
      4. 1997 жылдың 1 маусымынан бастап:
      "Импортқа шығарылатын акцизделетiн тауарларға арналған акциздердiң ставкалары және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалары алып өтетiн акциз салуға жатпайтын акцизделетiн тауарлардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1748 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., ) 53, 517-құжат;
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 қаңтардағы N 41 қаулысының соңғы абзацының;
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1748 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 сәуiрдегi N 553 қаулысының
күшi жойылған деп танылсын.
     5. Осы қаулы жариялауға жатады.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi