Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 27 қазан N 1087

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1."Қазақстан Республикасы Жол қорының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 шілдедегі N 623 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 21, 180-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қорының қаражатын қалыптастыру туралы ереженің 33-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші-тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бензин мен дизель

отынынан алынатын алым ставкасы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап мынадай 
мөлшерде белгіленеді:
     бензин бойынша (авиациялықты қоспағанда) - бір метрлік тонна үшін 
4000 теңге;
     дизель отыны бойынша - бір метрлік тонна үшін 1000 теңге.
     Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бензин мен дизель 
отынынан алынатын алым ставкасы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап мынадай 
мөлшерде белгіленеді:
     бензин бойынша (авиациялықты қоспағанда) бойынша - бір метрлік тонна 
үшін 10 000 теңге;
     дизель отыны бойынша - бір метрлік тонна үшін 8000 теңге".
     2. Осы қаулы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап күшіне енеді және 
жариялауға жатады.
     
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі