1. "Қазақ ҚСР-iнiң республикалық мәнi бар тарихи және мәдени
ескерткiштерi туралы" Қазақ ҚСР Министрлер Кеңесiнiң 1982 жылғы 26 қаңтардағы N 38 қаулысына (СП Қаз ҚСР, 1982 ж., N 5, 23-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақ ҚСР-iнiң республикалық мәнi бар тарихи және мәдени ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiнен мына жолдар алынып тасталсын: "В.И.Ленинге ескерткiш, 1970 ж., Целиноград қаласы өнер мүсiншiлер А.С.Новиков, А.И.Бельдюшкин сәулетшi А.Н.Котырев Кеңес өкiметiнiң күрескерлерiне Целиноград қаласы өнер арналған мемориал, 1972 ж., Кеңестер үйiнiң мүсiншi Л.П.Колотилина, гүлзары сәулетшi Т.Жанысбеков
2. Ақмола қаласының әкiмi Ақмола қаласының орталық бөлiгiн қайта жаңарту жоспарына сәйкес В.И.Ленин ескерткiшi мен Кеңес өкiметiнiң күрескерлерiне арналған мемориалды орналастырудың жаңа орынын айқындасын және көшiрудi жүзеге асырсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi