Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1982 жылғы 26 қаңтардағы N 38 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 мамырдағы N 895 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 279 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.03.21  N 279 Қаулысымен.

      Кеңес кезеңiндегi тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң тарихи-мәдени мәнiнiң жоғалуына және Ақмола қаласының орталық бөлiгiн қайта жаңарту қажеттiлiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. "Қазақ ҚСР-iнiң республикалық мәнi бар тарихи және мәдени ескерткiштерi туралы" Қазақ ҚСР Министрлер Кеңесiнiң 1982 жылғы 26 қаңтардағы N 38 қаулысына (СП Қаз ҚСР, 1982 ж., N 5, 23-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақ ҚСР-iнiң республикалық мәнi бар тарихи және мәдени ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiнен мына жолдар алынып тасталсын:

     "В.И.Ленинге ескерткiш, 1970 ж.,     Целиноград қаласы өнер
     мүсiншiлер А.С.Новиков,
     А.И.Бельдюшкин
     сәулетшi А.Н.Котырев

     Кеңес өкiметiнiң күрескерлерiне      Целиноград қаласы өнер
     арналған мемориал, 1972 ж.,          Кеңестер үйiнiң
     мүсiншi Л.П.Колотилина,              гүлзары
     сәулетшi Т.Жанысбеков

      2. Ақмола қаласының әкiмi Ақмола қаласының орталық бөлiгiн қайта жаңарту жоспарына сәйкес В.И.Ленин ескерткiшi мен Кеңес өкiметiнiң күрескерлерiне арналған мемориалды орналастырудың жаңа орынын айқындасын және көшiрудi жүзеге асырсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi