Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарында соттан тыс тәртiппен оңалту рәсiмдерiн жүргiзу мәселелерi<*>

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 23 мамырдағы N 864

Қолданыстағы
      Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарының төлем қабiлеттiгiн қалпына келтiру мақсатында және "Банкроттық туралы" Қазақстан Респубилкасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 67 Заңының 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: <*>
      1. Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының "Фосфор" акционерлiк қоғамында фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарында (бұдан әрi кәсiпорын) соттан тыс тәртiппен оңалту рәсiмдерi жүзеге асырылсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. Атауы, кiрiспесi және 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң
               1997.09.22. N 1369 қаулысымен. P971369_
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi Мемлекеттiк комиссиямен келiсiм бойынша белгiленген тәртiптi сақтай отырып, кәсiпорындарды оңалту жоспарын бекiтсiн, мүлiк пен iстердi басқару функциясын оңалтушы басқаруға берсiн, осы мәселе жөнiнде құрылған комиссиялармен жұмысты үйлестiре отырып, кәсiпорындардың төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру бойынша қажеттi шараларды қабылдасын;
      3. "Жамбыл облысының фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарды дағдарыстан шығару жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 ақпандағы N 195 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      аталған қаулының 3-тармағының 2-абзацындағы және оның 1-қосымшасындағы "қайта ұйымдастырылған" деген сөздер "оңалтылған" деген сөздермен ауыстырылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi