Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 864 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 22 қыркүйек N 1369

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Жамбыл облысының фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарында соттан тыс тәртiппен оңалту рәсiмдерiн жүргiзу мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 864 P970864_ қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      қаулының атауындағы және кiрiспесiндегi "Жамбыл облысының",

"Жамбыл облысы" деген сөздер "Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан
облыстарының" деген сөздермен ауыстырылсын:
     1-тармақтағы "облысының" деген сөз алынып тасталынып "Жамбыл"
деген сөзден кейiн "және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының "Фосфор"
акционерлiк қоғамында" деген сөздермен толықтырылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары