Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк архивi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 28 сәуiр N 672. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.05.07. N 543 қаулысымен

Күшін жойған

      "Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетiлдiру және мемлекеттік органдардың санын қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 29 қазандағы N 3168 U963168_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мыналар бекiтiлсiн:
      Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивi туралы ереже (қоса берiлiп отыр);
      Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивi орталық аппаратының құрылымы 1-қосымшаға сәйкес, сондай-ақ алқаның сандық құрамы - 5 адам болып;
      Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тiзбесi 2-қосымшаға сәйкес.
      2. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк архивi орталық аппараты қызметкерлерiнiң жалпы саны 42 адам, оның iшiнде жауапты қызметкерлер - 15 адам болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк архивiнiң орталық аппараты үшiн 1 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк архивiн қаржыландырудың қолданылып жүрген тәртiбi 1997 жылдың аяғына дейiн сақталсын.
      5. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу (15 жауапты қызметкерден басқа) "Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеудi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 ақпандағы N 170 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр

 

шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.

     7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан

Республикасының Орталық мемлекеттiк архивiмен бiрлесiп, Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн бiр ай мерзiм

iшiнде осы қаулыға сәйкестiкке келтiру туралы Қазақстан

Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                        1997 жылғы 28 сәуiрдегi

                                            N 672 қаулысымен

                                             Бекiтiлген


                Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивi

                                   туралы

                                 Е Р Е Ж Е


     I. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивi архив iсiн және құжаттану саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатын жүзеге асырады, құжаттық материалдарды сақтаудың мемлекеттiк бас сақтаушысы функциясын атқарады, архив саласына, сондай-ақ көзделген заңдар шегiнде салааралық үйлестiруге басшылық жасайды.
      2. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк архивiнiң орталық аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру орталық атқарушы органдарды ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивi орталық аппаратының құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      5. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивi заңды тұлға болып табылады, банкте шоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар.
 
      II. Негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
 
      6. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивiнiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасының Архив қорын қалыптастыру, Қазақстан халқының тарихы жөнiндегi шетелдердегi архив құжаттарының түпнұсқалары мен көшiрмелерiн табу, алу;
      құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      аса құнды iстер көшiрмелерiн сақтандыру қоры мен пайдалану қорын құру;
      құжаттарды орталықтандырылған мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асыру;
      архив құжаттарының құндылығына мемлекеттiк сараптамадан жүргiзудi ұйымдастыру;
      меншiк нысанынан қарамастан заңды тұлғалардың құжаттары мен жеке адамдардың қорларын жинақтау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;
      республика Архив қорының құжаттарын жан-жақты пайдалануды ұйымдастыру мен жариялауға қатысу;
      республика Архив қорының ғылыми-анықтамалық аппаратын дамыту және жетiлдiру;
      құжаттандыру мен ведомстволық архивтер жағдайына ұйымдық-әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру;
      орталық және жергiлiктi мемлекеттiк архивтердегi архив құжаттарын жинақтау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасы Архив қорының құрамына кiргiзуге жататын құжаттары бар ұйымдардың тiзбесiн анықтау;
      республикадағы архив iсi мен құжаттану саласындағы жұмысты мемлекеттiк реттеу;
      өз қызметi саласында заңдарды қолдану практикасын талдау және қорытындылау, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары дайындауға қатысу;
      архив iсi саласында халықаралық байланыстарды жүзеге асыру;
      өз қызметi саласында ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруға қатысу, өзге мемлекеттiк органдарға өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсету;
      Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      7. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивi өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және мiндеттерiн орындау кезiнде:
      республика аумағында меншiк нысанынан қарамастан барлық заңды тұлғалардың архивi iсi мен құжаттарды жүргiзудiң белгiленген тәртiбiн сақтауларына мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      республика аумағында барлық заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы Архив қорының құжаттарын пайдаланудың тәртiбi мен нормасын сақтауларына мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыру;
      заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы Архив қорының құжаттарын және ондағы ақпараттарды пайдалану тәртiбiн белгiлеуге;
      заңда көзделген жағдайларда, сондай-ақ белгiленген тәртiппен заңды және жеке тұлғаларға шарттық негiзде қызмет көрсетуге құқығы бар.
 
      III. Қызметiн ұйымдастыру
 
      8. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивi мен оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы архив қызметiнiң бiрыңғай жүйесiн құрады.
      9. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивi, ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен бiрге республикадағы архив қызметiнiң жұмысын қамтамасыз етедi, Қазақстан Республикасының Архив қорын басқарады және оның жай-күйi мен дамуына жауапты болады.
      10. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Директор басқарады. Директордың бiр орынбасары болады.
      11. Директор:
      Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивiнiң қызметiн басқарады;
      Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивiне жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
      барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда архив қызметiнiң мүдделерiн бiлдiредi;
      Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң белгiленген саны мен еңбекақы қорының шегiнде штат кестесiн, сондай-ақ бекiтiлген бюджет шегiнде оны ұстауға арналған шығыс сметасын бекiтедi;
      Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивi қызметкерлерiн белгiленген тәртiппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      қолданылып жүрген заңдарда және осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      12. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивi ведомстволық бағыныстағы ұйымдар туралы ережелердi бекiтедi және келiседi.
      13. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивiнде

 

мiндеттердi шешу мен функцияларды iске асыру үшiн:

     консультативтiк - кеңесушi орган ретiнде алқа құрылады, оның

жеке құрамын Директор бекiтедi;

     архив iсi мен құжаттану мәселелерiн қарау жөнiндегi әдiстемелiк

кеңес;

     деректердi жинақтауға байланысты және құжаттардың құндылығына

мемлекеттiк сараптама жүргiзу мәселелерiн қарау жөнiндегi орталық

сараптама - тексеру комиссиясы құрылады.

     14. Аталған Кеңес пен комиссия туралы Ережелердi, олардың жеке

құрамын Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк архивiнiң

директоры бекiтедi.


                                        Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                        1997 жылғы 28 сәуiрдегi

                                            N 672 қаулысына

                                             1 қосымша


                Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивi

                             орталық аппаратының

                                  ҚҰРЫЛЫМЫ


     Басшылық

     Үйлестiру-әдiстемелiк бөлiмi

     Құжаттарды сақтауды, мемлекеттiк есепке алуды және олардың

     ғылыми-анықтамалық аппаратын (ҒАП) қамтамасыз ету бөлiмi

     Ведомстволық архивтердi жинақтау бөлiмi

     Ақпарат және құжаттарды ғылыми пайдалану бөлiмi

     Әдебиет, өнер және жеке қорлар бөлiмi

     Жоспарлау-қаржы бөлiмi

     Жалпы бөлiм


                                        Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                        1997 жылғы 28 сәуiрдегi

                                            N 672 қаулысына

                                             2 қосымша


                Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк

                 архивiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың

                                ТIЗБЕСI


     Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк кинофото-құжаттар

мен дыбыс жазбалары архивi (ҚР ОМКҚДЖА)

     Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк ғылыми-техникалық

құжаттама архивi (ҚР ОМҒҚА)

     Мемлекеттiк архивтердiң деректi материалдарын

микрофото-көшiрмелеу және қалпына келтiру орталық лабораториясы (МАОЛ)

     Облыстық мемлекеттiк архивтерi мен филиалдары

     Алматы, Байқоңыр қалаларының мемлекеттiк архивтерi

     Аудандық архивтер

     Құжаттану және архив iсi жөнiндегi ғылыми-техникалық ақпарат

орталығы (ҚЖАIҒАО)


                                        Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                        1997 жылғы 28 сәуiрдегi

                                            N 672 қаулысына

                                             3 қосымша


                Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған

                          кейбiр шешiмдерiнiң

                               ТIЗБЕСI



 
       1. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 2 желтоқсандағы N 1214 P931214_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 47, 571-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң архивi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 25 наурыздағы N 298 P940298_ қаулысының 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 15, 146-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 62-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 23-тармағы.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 P961031_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердiң 14-тармағы.