Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 8 сәуiрдегi N 505 қаулысы

Жаңартылған

      "Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың көрсеткен қызметтерi үшiн төлемдер алуды ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1745 қаулысын  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 514-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi кейбiр шешiмдерiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес күшi жойылған деп танылсын.
     3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар бұрын қабылданған шешiмдердi осы қаулыға сәйкестендiрсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң            
1997 жылғы 8 сәуiрдегi        
N 505 қалысымен           
бекiтiлген              

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

     1. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1999.04.26. N 476 қаулысымен .
      2. "Жол қозғалысы хауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 23 қарашадағы N 967 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 45, 654-құжат) бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк автомобиль инспекциясы туралы Ережедегi:
      14-тармақта:
      жиырма жетiншi абзацтағы "сондай-ақ жол қозғалысы саласында кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және азаматтарға әртүрлi ақылы қызмет көрсетуге" деген сөздер алынып тасталсын;
      отыз бiрiншi абзац алынып тасталсын.
      3. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшiн жойды - ҚР Үкіметінiң 2003.04.17. N 367 қаулысымен .
      4. "Республикадағы машина-трактор паркiнiң техникалық жайына мемлекеттiк қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 тамыздағы N 735 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 33, 383-құжат) 5-тармағының екiншi абзацы алынып тасталсын.
      5. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк өрт қадағалау мен өрттен қорғауды ұйымдастыру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегi N 430 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 20, 192-құжат) бекiтiлген "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк өрт қадағалау туралы Ереженiң 13-тармағынан "Осы объектiлердi паспорттандыруға байланысты жүргiзiлетiн қызмет көрсетулер ақылы негiзде жүзеге асырылады" деген сөздер алынып тасталсын.
      6. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметi туралы Ереженi бекiту жөнiнде" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 сәуiрдегi N 547 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 14, 166-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметi туралы Ереженiң V бөлiмiнiң бесiншi, алтыншы, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы абзацтары алынып тасталсын.
      7. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.07. N 708 қаулысымен
      8. "Тауарлардың шығу тегi туралы сертификатты беру және куәландыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 маусымдағы N 889 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 22, 257-құжат) 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы және оның облыстық бөлiмшелерi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат) 4-тармағы мынадай редакцияда берiлсiн:
      "4. Лицензиялық алым мынадай сайма-сайлықта енгiзiледi:
      98 процентi жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне және 2 процентi лицензиардың есебiне".
      10. "Стандарттау және сертификаттау мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 қыркүйектегi N 1259 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 30, 377-құжат) 1-тармағының төртiншi, жетiншi-оныншы абзацтары алынып тасталсын.
      11. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысындағы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      2-тармақ:
      екiншi абзацтағы "және бiрге келiсiп шешетiн ұйымдардың тiзбесiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшiншi абзац алынып тасталсын.
      12. "Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 ақпандағы N 225 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 9, 64-құжат) 6-тармағының екiншi абзацы алынып тасталсын.
      13. "Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 ақпандағы N 225 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 9, 64-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы Ереженiң 5-тармағының жиырма алтыншы абзацы алынып тасталсын.
      14. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 наурыздағы N 370 P960370_  қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 13, 106-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы Ереженiң 6-тармағының жиырмасыншы және жиырма екiншi абзацтары алынып тасталсын.
      15. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 маусымдағы N 753 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 28, 248-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi туралы Ереженiң 9-тармағы алынып тасталсын.
      16. "Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 985 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 33, 312-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясы туралы Ереженiң 11-тармағындағы "сондай-ақ осы ережеге сәйкес басқа да қызмет түрлерiнен алынған табыстар есебiнен жүзеге асырылады" деген сөздер алынып тасталсын.
      17. "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жер учаскелерiнiң бағалық құнын белгiлеу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қазандағы N 1203 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 40, 378-құжат) бекiтiлген Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жер учаскелерiнiң бағалық құнын белгiлеу Тәртiбiнiң 8-тармағындағы "жер учаскесiнiң бағалық құнын белгiлеу жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын.
     18. <*>
     ЕСКЕРТУ. 18-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінiң 2002.03.29. N 373 қаулысымен .

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
1997 жылғы 8 сәуiрдегi     
N 505 қаулысына        
қосымша              

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI

     1. "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бөлiмшелерiнiң бiрлестiктерге, кәсiпорындарға, ұйымдарға және басқа да шаруашылық субъектiлерiне ақылы қызмет көрсетуi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 924 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 43, 639-құжат).
      2. "Табиғат қорғау Заңдарын сақтау жөнiндегi бақылау - инспекциялық қызметтен алынатын қаржыны қалыптастыру тәртiбi мен жұмсау бағыттары жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 қазандағы N 112 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 41, 447-құжат).
      3. "Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларын сараптау мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 желтоқсандағы N 1395 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 46, 517-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылыс, кеңейту, қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру және объектiлер мен кешендердi күрделi жөндеуге арналған сәулет-қала құрылысы құжаттамаларын сараптау мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне енгiзiлiп отырған өзгерiстердiң 3-тармағы.