Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты хауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бөлiмшелерiнiң бiрлестiктерге, кәсiпорындарға, ұйымдарға және басқа да шаруашылық субъектiлерiне ақылы қызмет көрсетуi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 30 қазан N 924. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.04.08. N 505 қаулысымен. ~P970505

      Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында Қазақстан өнеркәсiбiн басқарудың ұйымдық құрылымын әзiрлеу мақсатында:
      1. Өнеркәсiп министрлiгi жанынан республиканың өнеркәсiп салаларын басқарудың жаңа жүйесiн әзiрлеу жөнiндегi орталық құрылсын.
      2. Республика өнеркәсiп кешенiнiң құрамына кiретiн экономиканың мемлекеттiк секторының /корпорация, концерн, бiрлестiк, қауымдастық/ ұйымдық-шаруашылық басқару құрылымының басшылары:
      республиканың өнеркәсiп салаларын басқарудың жаңа жүйесiн

әзiрлеу жөнiндегi орталықпен iскерлiк ынтымақтастық орнатсын және оның 
тiкелей қатысуымен холдинг жағдайындағы ұйымдық құрылым жасауды 
ұйымдастырсын;
     саланы қауымдастық холдинг компаниялары арқылы басқару жүйесiне 
көшу жөнiнде әзiрленген нормативтiк құжаттарды 1992 жылғы 30 қазанға 
дейiн Өнеркәсiп министрлiгiне табыс етсiн.
     3. Өнеркәсiп министрлiгi /Власов, Нұрмұхамедов Ж.Ж./
1992 жылғы 5 қарашада дайындалған материалдарды Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетiнiң Президиумында қарау үшiн 
Үкiметке енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары