Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 465 Қаулысы.

Жаңартылған

      "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
      2. N 1-қосымшаға сәйкес қол қойылған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
      3. N 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң 1997 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
1997 жылғы 2 сәуiрдегi
N 465 қаулысымен   
бекiтiлген     

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. <*>
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.12.27.  N   1406  қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк наградаларымен наградталған азаматтарға берiлетiн жеңiлдiктер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 қыркүйектегi N 783 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 34, 401-құжат) 3-тармағының бесiншi, он екiншi абзацтарындағы "ең төменгi жалақының" деген сөздер "есептi көрсеткiштiң" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      3.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N   1268 қаулысымен.   
      4. "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара есеп айырысу, есепке алу және жұмсау операцияларын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1120 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 42, 455-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара есеп айырысу, есепке алу және жұмсау операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң 13-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке тұлға әрбiр
қызметкер үшiн бiр айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде, ай сайын мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жарнасын төлейдi".

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
1997 жылғы 2 сәуiрдегi
N 465 қаулысына  
N 1-қосымша   

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI

     1. Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1989 жылғы 13 ақпандағы N 28 өкiмi.
     2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 мамырдағы N 643-22-с қаулысы.
     3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 27 маусымдағы N 726 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 шiлдедегi N 966 қаулысының үшiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 277-құжат).

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
1997 жылғы 2 сәуiрдегi
N 465 қаулысына   
N 2 қосымша    

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI

     1. "Қазақ мемлекеттiк басқару академиясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 мамырдағы N 426 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 18, 222-құжат). 
      2.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды, 3-7-тармақтар 2-6-тармақтар болып есептелдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.17.  N 982  қаулысымен.   
      2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк заң институтын ұйымдастыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 мамырдағы N 564 қаулысының 8-тармағының екiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 23, 245-құжат). 
      3. "Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 тамыздағы N 927 қаулысының 3-тармағы. 
      4. "Қазақ ұлттық техникалық университетi мен Қазақ мемлекеттiк сәулет-құрылыс академиясының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1488 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 49, 559-құжат). 
      5. "Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару мектебi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы қаулысының 1-тармағының екiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 2, 19-құжат). 
      6. "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы қаулысының 53-тармағы.