Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 465

Қолданыстағы
      "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737 P961737_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
     2. N 1-қосымшаға сәйкес қол қойылған сәттен бастап Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп
танылсын.
     3. N 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
кейбiр шешiмдерiнiң 1997 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшi жойылған
деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                     Қазақстан Республикасы
                                          Үкiметiнiң
                                     1997 жылғы 2 сәуiрдегi
                                       N 465 қаулысымен
                                          бекiтiлген

             Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
                шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер



      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 565 қаулысының бiрiншi абзацының 6-тармағындағы "консулдық және басқа түрлерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк наградаларымен наградталған азаматтарға берiлетiн жеңiлдiктер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 қыркүйектегi N 783 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 34, 401-құжат) 3-тармағының бесiншi, он екiншi абзацтарындағы "ең төменгi жалақының" деген сөздер "есептi көрсеткiштiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1268
               қаулысымен. P991268_

      4. "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара есеп айырысу, есепке алу және жұмсау операцияларын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1120 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 42, 455-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара

есеп айырысу, есепке алу және жұмсау операцияларын жүргiзу
тәртiбiнiң 13-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке тұлға әрбiр
қызметкер үшiн бiр айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде, ай сайын
мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жарнасын төлейдi".

                                     Қазақстан Республикасы
                                          Үкiметiнiң
                                     1997 жылғы 2 сәуiрдегi
                                       N 465 қаулысына
                                          N 1-қосымша

             Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
                жойылған кейбiр  шешiмдерiнiң
                           ТIЗБЕСI

     1. Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1989 жылғы 13 ақпандағы
N 28 өкiмi.
     2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 
11 мамырдағы N 643-22-с қаулысы.
     3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 
27 маусымдағы N 726 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 
13 шiлдедегi N 966 қаулысының үшiншi абзацы (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 277-құжат).

                                     Қазақстан Республикасы
                                          Үкiметiнiң
                                     1997 жылғы 2 сәуiрдегi
                                       N 465 қаулысына
                                         N 2 қосымша

            Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
            күшi жойылған кейбiр  шешiмдерiнiң
                         ТIЗБЕСI

     1. "Қазақ мемлекеттiк басқару академиясының мәселелерi" туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 мамырдағы N 426 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 18, 222-құжат).
      2. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды, 3-7-тармақтар 2-6-тармақтар
               болып есептелдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.17. N 982 қаулысымен.
               P970982_
      2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк заң институтын ұйымдастыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 мамырдағы N 564 қаулысының 8-тармағының екiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 23, 245-құжат).
      3. "Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 тамыздағы N 927 қаулысының 3-тармағы.
      4. "Қазақ ұлттық техникалық университетi мен Қазақ мемлекеттiк сәулет-құрылыс академиясының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1488 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 49, 559-құжат).
      5. "Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару мектебi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы қаулысының 1-тармағының екiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 2, 19-құжат).
      6. "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы қаулысының 53-тармағы.