Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 ақпандағы N 260 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1185 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 31.12.2015 № 1185 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Мемлекеттiк ресурстарға астық және оның өңделген өнiмдерiн сатып алу жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп екi апта мерзiмде Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясын жүз процент мемлекеттiк акцияларының пакетiмен "Азық-түлiк контракт корпорациясы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамы етiп заңмен белгiленген тәртiпте қайта құрсын және акционерлеу күнгi кiтаптық қалдығы бойынша мемлекеттiк ресурстар астығы мен оның өңделген өнiмдерiн қабылдап алу-өткiзу актiсiне қол қойсын.
      2. Құрылатын акционерлiк қоғамның негiзгi функциялары:
      мемлекеттiк ресурстардағы астық және оның өңделген өнiмдерiн сатып алу, есепке алу, сақталуын ұйымдастыру, жаңарту және сату;
      бюджеттiк ұйымдар мен арнайы тұтынушыларды астықпен және оның өңделген өнiмдерiмен жабдықтау болып айқындалсын.
      3. Алынып тасталды - ҚРҮ-нің 1999.04.21. N 433 қаулысымен. P990433
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi