Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 24 ақпандағы N 260

Қолданыстағы

      Мемлекеттiк ресурстарға астық және оның өңделген өнiмдерiн сатып алу жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп екi апта мерзiмде Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясын жүз процент мемлекеттiк акцияларының пакетiмен "Азық-түлiк контракт корпорациясы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамы етiп заңмен белгiленген тәртiпте қайта құрсын және акционерлеу күнгi кiтаптық қалдығы бойынша мемлекеттiк ресурстар астығы мен оның өңделген өнiмдерiн қабылдап алу-өткiзу актiсiне қол қойсын.
      2. Құрылатын акционерлiк қоғамның негiзгi функциялары:
      мемлекеттiк ресурстардағы астық және оның өңделген өнiмдерiн сатып алу, есепке алу, сақталуын ұйымдастыру, жаңарту және сату;
      бюджеттiк ұйымдар мен арнайы тұтынушыларды астықпен және оның өңделген өнiмдерiмен жабдықтау болып айқындалсын.
      3. ЕСКЕРТУ. 3-тармақ алынып тасталды - ҚРҮ-нің 1999.04.21. N 433 қаулысымен. P990433
      4. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнен рет саны 44-шi жол алынып тасталсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi