Жердi пайдалану жер қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жыл 19 ақпандағы N 235

Қолданыстағы

     "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:<*>
     Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009 қаулысымен .
     1. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң            
1997 жылғы 19 ақпандағы      
N 235 қаулысымен        
бекiтiлген            

Жердi пайдалануға және қорғауға мемлекеттiк бақылауды
жүзеге асыру тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында жер заңдарының сақталуына, жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды (бұдан әрi - жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау) жүзеге асыру тәртiбiн реттейдi.
      2. Мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының Конституциясына, заң актiлерiне және осы Ережеге сәйкес мемлекеттiк органдардың заңды, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың жер заңдарын, жердi тиiмдi пайдалану мен қорғау жөнiндегi шараларды тиiстi түрде орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
      3. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар, жер ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдар мен басқа да өкiлеттi органдар өз құзыретi шеңберiнде жүзеге асырады.<*>
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009 қаулысымен .
      4. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырушы басқа өкiлеттi органдар мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі;<*>
      Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi;<*>
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi;
      Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi.<*>
      Бұл органдар өз қызметiн жергiлiктi атқарушы органдармен және өзара iс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009 қаулысымен .
      5. Осы Ереженiң күшi оларды ұстауға кеткен шығындарды жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырып жергiлiктi атқарушы органдар құрған жер инспекцияларына да қолданылады.
      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жер инспекциясына әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады.<*>
      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009
қаулысымен.
      6. Өз құзыретi шеңберiнде жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырушы органдардың нұсқамаларын орындау жер учаскелерiнiң барша меншiк иелерi мен жердi пайдаланушыларға мiндеттi болып табылады.
      7. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының жерiн пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор, ал оның орынбасарлары мен мемлекеттiк жер инспекциясының бастығы Қазақстан Республикасының жерiн пайдалану мен қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.<*>
      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдардың басшылары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары, ал олардың орынбасарлары - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектордың орынбасарлары болып табылады.<*>
      Қазақстан Республикасының жерiн пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру мен қорғауға дербес жауапкершiлiкте, ал тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың (облыстардың, қалалардың, аудандардың) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары осы құрылымдардың шекараларының шектерiнде жауапкершiлiкте болады.
      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдардың басшыларын - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларын қызметке Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы - Қазақстан Республикасының жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы тағайындайды.<*>
      Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009
қаулысымен .
      8. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жүктелген аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары мен мамандары жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады.<*>
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009 қаулысымен .

II. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырушы
органдардың функциялары

      9. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегi агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң органдары:<*>
      өз құзыретiне сәйкес жер пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      жердiң сапалы жай-күйiнiң өзгеруiн тексередi және сараптама жасауды ұйымдастырады;
      жердiң нысаналы пайдаланылуының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      жер заңдарының бұзылуын жоюға шаралар қолданады;
      жердi пайдалану мен қорғауға қатысты нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысады;
      бұдан әрi пайдалануы адам өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн төтенше жағдайларға, апаттарға, тарихи - мәдени мұралар мен табиғат ландшафтарының бұзылуына, ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен су көздерiнiң ластануына алып келетiн тозған және ластанған жерлердi белгiленген тәртiпте консервациялау туралы ұсыныстар енгiзедi;
      қала құрылысы және жерге орналастыру құжаттарының келiсуiне, суландырылған, қайта қалпына келтiру жүргiзiлген және олардың сапалық жай-күйiн жақсарту бойынша шаралар жүргiзiлген басқа жерлердi, сондай-ақ жердi қорғау мақсатында салынған объектiлердi қабылдау жөнiндегi комиссияның жұмысына қатысады.
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009
қаулысымен .
      10. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары:<*>
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер заңдарының, жер учаскелерiнiң белгiленген режимiн олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануын сақтауға;
      өз бетiнше жер учаскелерiн алуды болдырмауға;
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жердi пайдаланушылардың жердiң құнарлылығын қалпына келтiру мен сақтау жөнiндегi ұйымдастырушылық-шаруашылық, агротехникалық, орман-мелиоративтiк және гидротехникалық эрозияға қарсы шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуге;
      табиғат ресурстарының жай-күйiне, қорғауға және ұтымды пайдалануға керi ықпал ететiн объектiлердi орналастыру, құру және пайдалануға беру кезiнде табиғат қорғау және жер заңдарының талаптарын орындауға;
      жердi су және жел эрозиясынан, су басудан, батпақтанудан, қайта тұздалудан, құрғақтанудан, тығыздалудан, ластанудан және өндiрiс қалдықтарымен, химиялық заттармен қоқыстанудан, бұзылудың басқа процестарын қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
      бұзылған жерлердi қайта өңдеп, олардың құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiруге;
      жердiң бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргiзу кезiнде топырақтың құнарлы қабатын алуға, сақтауға және пайдалануға;
      жердiң жағдайы және пайдалану туралы жер заңдарымен белгiленген мәлiметтердi жер учаскелерiн иеленушiлер мен жердi пайдаланушылардың мемлекеттiк органдарға уақытында беруге;
      меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарын сақтауға;
      жердiң жай-күйiне керi әсер ететiн объектiлердiң жер учаскелерiн таңдауға және қала құрылысын салу үлгiсiн игеруге;
      жерге орналастыру жобаларын және жердi пайдалану мен топырақты қорғау жөнiндегi басқа де жобаларды жүзеге асыруға;
      заңды тұлғалар мен азаматтардың жер қатынастары және жерге орналастыру мәселелерi жөнiндегi арыздарын (өтiнiштерiн) белгiленген қарау мерзiмiн сақтауға;
      шекаралық (межелiк) белгiлердiң қойылуы мен сақталуына;
      жергiлiктi атқарушы органдардың уақытша пайдалануға берген жер учаскелерiн өз уақытында қайтарылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
      Топырақтың құнарлы қабатының шығыны қайтарылмайтын және жердiң сапалық жай-күйi төмендеген жағдайларда жер ресурстарына келтiрiлген зиянды анықтайды.
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009 қаулысымен .
      11. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және оның органдары:<*>
      жердi өндiрiс қалдықтарымен, химиялық және радиоактивтi заттармен ластанудан қорғау;
      химияландыру құралдарын, биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау, залалсыздандыру және көму жөнiндегi белгiленген нормалар мен ережелердi сақтау;
      қорықтардың, заказниктердiң басқа да қорғалатын аумақтардың және сирек ландшафтардың табиғат қорғау режимiн сақтау;
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар өндiрiстiң табиғат қорғау технологиясын қолдануына, қоршаған табиғи ортаға залал келтiрiлуiне және өзiнiң шаруашылық қызметi нәтижесiнде экологиялық жағдайдың төмендеуiне жол бермеу;
      жаңа және қайта жаңартылған үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды және басқа объектiлердi орналастыру, жобалау және пайдалануға беру барысында, жердiң жай-күйiне керi әсер етушi жаңа техникалар мен технологияларды енгiзу барысында экологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету;
      жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен сақтау жөнiндегi ұйымдастырушылық-шаруашылық, агротехникалық, орман-мелиоративтiк және гидротехникалық эрозияға қарсы шаралар кешенiн өз уақытында және дұрыс жүргiзу;
      топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, қорғау мен пайдалану;
      пайдалы қазбалардың өндiрiстiк қорларының өндiрiлуiне және басқа жұмыстарға орай босатылған жерлердi халық шаруашылығында одан әрi пайдалану үшiн оларды жарамды қалпына келтiру (бұзылған жерлердi қайта өңдеу) бөлiгiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
      Жердiң құнарлы қабатының қайтарылмайтын шығыны және сапалы жай-күйi төмендеген жағдайларда жер ресурстарына келтiрiлген залалдарды анықтайды.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009
қаулысымен.
      12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi:<*>
      жер учаскелерiн пайдалану, қорғалатын, санитарлық - қорғаныш, сауықтыру және рекреациялық аймақтарды белгiлеу барысында радиоактивтiк улы материалдарды және өндiрiс қалдықтарын пайдалану, қайта өңдеу және көму жөнiндегi кәсiпорындарды, объектiлердi жобалау мен пайдалануға санитарлық заңдарды сақтауға;
      паразиттiк және жұқпалы аурулардың қоздырушыларымен жердiң ластануының алдын алуға;
      жаңа және қайта жаңартылатын үйлердi, құрылыстарды, ғимараттар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау мен пайдалануға беру, сондай-ақ жердiң жай-күйiне ықпал ететiн жаңа техника мен технологияларды енгiзу кезiнде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауды қамтамасыз етуге мемлекеттiк бақылау жасайды.
      Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009
қаулысымен .
      13. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi және оның органдары:<*>
      сәулет қала құрылысы қызметiнiң және сәулет қала құрылысы құжаттарының аясында заң актiлерiнiң, мемлекеттiк нормативтерiнiң белгiленген талаптарымен жерлердi пайдалану тәртiбiн сақтауға;
      өздiгiнше объектiлер мен кешендердi құруды, қайта құруды, жаңғыртуды, жетiлдiрудi, күрделi жөндеудi және абаттандыруды болдырмауға;
      сәулет - қала құрылысы құжаттарымен белгiленген жер учаскесiнiң, елдi мекендердiң аумақтары мен олардың жүйелерiн ұстау (пайдалану) жөнiндегi талаптарды қамтамасыз етуге;
      тарихи, мәдениет және сәулет ескерткiштерiн қорғау жөнiндегi заңдарды сақтауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009
қаулысымен .
      14. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi ауыл шаруашылық жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруын жұқтырудан, арамшөп, бұта және шiлiктiң басып кетуiнен қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға;
      орман қоры жерiн олардың мақсатты арналуына сәйкес пайдалануына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009 қаулысын қараңыз .
      15. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi:<*>
      кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, меншiк нысанынан қарамастан, су қорғаныш аймақтары мен алқаптарында су қорғау шараларын, сондай-ақ судың зиянды ықпал етуiмен күресу жөнiндегi шаралардың (су тасқынымен, су басумен, су деңгейiнiң көтерiлуiмен, жағалаулардың бұзылуымен және басқа да құбылыстармен) орындалуына;
      Қазақстан Республикасының су қорына кiретiн су қорғаныш аймақтар мен алқаптарының жерлерiн тиiмдi пайдалануға;
      су қорғаныш аймақтары мен алқаптарының аумақтарын пайдалану, сондай-ақ су жинағыштарда су қорғау режимiн сақтауға;
      су объектiлерi мен олардың су қорғаныш аймақтарының жай-күйiне ықпал ететiн өздiгiнше гидротехникалық жұмыстарды, кәсiпорындар, ғимараттар мен басқа да объектiлердi құруға жол бермеуге мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009
қаулысымен .

III. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырушы органдардың
лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi

      16. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi функциялар жүктелген жергiлiктi атқарушы органдардың, жер ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi атқарушы органдардың және басқа да уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғалары өз құзыретiнiң шегiнде:<*>
      а) кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы мәселелердi шешу үшiн жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
      ә) жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға және кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту үшiн тиiстi лауазымды адамдардың қарауына беруге;
      б) қызметтiк куәлiгiн көрсетiп кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға кедергiсiз кiруге, жеке меншiк пайдаланымдағы және жалға алынған жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн оларға кiрудiң белгiленген режимiн есепке алып тексеруге;
      в) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, жер заңдарының бұзылуын жою жөнiндегi мiндеттi орындауға тиiстi нұсқаулар беруге;
      г) жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы олардың меншiктену құқығынан немесе жер пайдаланудан (сапарға кету, басқа жаққа кету, учаскенiң ұзақ пайдаланылмауы немесе басқалар) бас тартуын белгiлi бiр куәландыратын iс-әрекет жасаған кезiнде осы учаскенi иесiз мүлiк ретiнде қабылдауға;
      жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы жер учаскесiн арнаулы бойынша пайдалану жөнiндегi қажеттi шаралар қолданбаған немесе жер учаскесiн пайдаланғанда жер заңдарының бұзылуын жоймаған, сондай-ақ жер учаскесi негiзгi мүлiк ретiнде есепке алынғанына үш жыл мерзiм iшiнде, заңдарда белгiленген мерзiмдер аяқталғанда;
      иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған жер учаскесiн мемлекеттiк меншiкке қайтару туралы;
      арналуы бойынша пайдаланылмаған немесе заңдарды бұзып пайдаланылған жер учаскелерiн жер пайдаланушылардан алып қою туралы материалдар дайындайды;
      д) жер алқаптарын зерттеудi, сараптауды, жердi қорғау жөнiндегi шаралардың орындалуын тексеру үшiн белгiленген тәртiпте мамандарды тартуға;
      е) азаматтық және басқа құрылыстарды, пайдалы қазба кен орындарын әзiрлеудi, объектiлердi пайдалануды, гидротехникалық, орман-мелиоративтiк, геологиялық барлау, iздестiру, геодезиялық және басқа да жұмыстарды, егер олар жер заңдарын, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жерiнiң белгiленген пайдалану режимi бұзылып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бұзылуына, эрозияның дамуына, тұздануға, батпақтануға және басқа да топырақ құнарлылығын төмендететiн, шектес аумақтарды қоса, басқа процестерге әкелiп соқтыруы мүмкiн болса, сондай-ақ бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген немесе терiс қорытынды қабылдаған жобалар бойынша жүргiзiлсе, тоқтату туралы тиiстi атқарушы органдарға ұсыныс енгiзуге құқығы бар.
      Ескерту. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009 қаулысымен .

IҮ. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбi

      17. Мемлекеттiк бақылау жердi пайдалануға, мемлекеттiк жер кадастры мен мониторингiн жүргiзуге байланысты жерлердi түгендеу, зерттеу жүргiзiлген кезде, сондай-ақ жер заңдарын сақтауға бақылау жасау тәртiбiнде жүргiзiледi.
      Жердi түгендеу атқарушы органдардың бастамашылығы бойынша жүргiзiледi.
      18. Жер алқаптарын нақты түрде зерттеу жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнiң, жер пайдаланушылардың қатысуымен, сондай-ақ олар бас тартқан жағдайда оларсыз, зерттеу қорытындылары бойынша жасалған құжаттарда тиiстi белгi қойылып, жүргiзiледi.
      Жерлердi зерттеу, жерлердi пайдалануға байланысты сызбалар мен жобаларды дайындау барысында айқындалған жер заңдарының бұзылуы осы жұмыстарды жүргiзген мамандар қол қоятын алқаптық зерттеу сызбасын қоса актiмен ресiмделедi және атқарушы органға оның құзыретiне сәйкес қарау үшiн табысталады.
      19. Анықталған жер заңдарының бұзылуын уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк-құқық бұзушылық туралы Кодексiнде белгiленген тәртiпте өздерiнiң функцияларына сәйкес қарайды.
      20. Мемлекеттiк инспекторлар мен лауазымды адамдардың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы шешiмi белгiленген тәртiпте сотқа шағымдалуы мүмкiн.
      21. Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жер заңдарының бұзылуларының нақты түрде жойылу, сондай-ақ жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырушы лауазымды тұлғалардың нұсқауларымен ресми өкiмдерiн орындауын қадағалайды.
      22. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, басқа өкiлдiк органдар жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыру туралы мемлекеттiк есеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық статистика агенттiгiнiң бекiткен нысандары бойынша жер заңдарының сақталуын тексерiп, кiтабын жүргiзедi.<*>
      Ескерту. 22-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009
қаулысымен .