Жер салығының базалық ставкаларына коэффициент белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 11 ақпан N 195. Күші жойылды - ҚРҮ-нiң 2001.04.03. N 438 қаулысымен. ~P010438

Күшін жойған

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заң күшi бар Жарлығын Z952235_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Жер салығының базалық ставкаларына 1997 жылға 1,45 тең

 

коэффициент белгiленсiн.



     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.12.02. N 1671

              қаулысымен. 


P971671_




     2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi