Астықты және оны қайта өңдеу өнiмдерiн экспорттау және iшкi сату кезiнде қажеттi құжаттарды ресiмдеудiң тәртiбiн оңайлату туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 21

Жаңартылған
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, астықты және оны қайта өңдеу өнiмдерiн экспорттау кезiнде құжаттамалар рәсiмiн реттеу және оңайлату, сондай-ақ осы өнiмдердiң экспортына және оны республиканың iшiнде сату кезiнде рұқсат ететiн құжаттарды ресiмдеушi ұйымдардың қызметiне ақы төлеудiң көрсетiлген тарифтерiн белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Астықтың және оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң экспортын кедендiк ресiмдеу үшiн мынадай құжаттар:
      белгiленген тәртiппен тiркелген тауар өндiрушiге (сатушыға) және тұтынушыға (сатып алушыға) тәуелсiз ұйымдар (зертханалар) беретiн сапа сертификаты; <*>
      қажет жағдайларда, сондай-ақ тиiстi контрактiлерде, әкететiн елде қолданылып жүрген ережелерде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнде көзделген талаптарды көрсету кезiнде:
      Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi, ал олар сынақ орталықтарын тiркегеннен кейiн - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазагрэкс" республикалық мемлекеттік кәсіпорны немесе оның облыстардағы бөлiмшелерi беретiн сәйкестiк сертификаты, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген басқа да сынақ лабораторияларымен (орталықтарымен); <*>
       Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы немесе оның облыстық бөлiмшелерi беретiн шығу тегi сертификаты мiндеттi деп белгiленсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.09.16.
               N 1341 қаулысымен. P971341_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.05.23. N 700
               қаулысымен. P010700_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2002.01.11. N 38
               қаулысымен. P020038_
      2. Республиканың iшкi рыногында сатылатын астықтың және оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң сапасын бақылауды күшейту мақсатында барлық, оның iшiнде тауар биржалары мен көтерме сауда базаларында жасалған сауда мәмiлелерi кезiнде сатушыда сатылатын партияға белгiленген тәртiппен тiркелген тауар өндiрушiге (сатушыға) және тұтынушыға (сатып алушыға) тәуелсiз ұйымдар (зертханалар) беретiн сапа сертификаты, бөлiмшелерi беретiн сапа сертификаты болуы мiндеттi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.04.04.
               N 477 қаулысымен. P970477_
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.05.23. N 700
               қаулысымен. P010700_
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2002.01.11. N 38
               қаулысымен. P020038_
      3. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi 1997 жылдың 25 қаңтарына дейiнгi мерзiмде қорғалу дәрежесi бар сапа және сәйкестiк сертификаттарының нысандарын бекiтсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Республикалық астық инспекциясы 1997 жылдың 25 қаңтарына дейiнгi мерзiмде сынақ орталықтарын құрсын және оларды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi кейiннен тiркеуi үшiн қауiпсiздiк көрсеткiштерi бойынша сертификациялық сынақтар жүргiзуге арналған қажеттi арнаулы жабдықтармен жарақтандырсын.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекциясы, "Агрохим" республикалық ғылыми-технологиялық орталығы және оның химияландыру жобалау-зерттеу станциялары, Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы 1997 жылдың 25 қаңтарына дейiнгi мерзiмде астық инспекциялары сынақ орталықтарының жанынан фитосанитарлық куәлiк, ауыр металдар тұздары мен пестицидтердiң бар-жоғы туралы куәлiк және шығу тегi туралы сертификат беру жөнiнде бөлiмше ұйымдастырсын.
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Республикалық астық инспекциясы бұл бөлiмшелердiң жұмысын ұйымдастыру үшiн жұмыс орынжайын ұсынсын.
      6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi тек мал азықтық астыққа ғана мал дәрiгерлiк сертификат берудi жүзеге асырсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.05.23. N 700
               қаулысымен. P010700_
      7. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi оларды ресiмдеуге кететiн шығынның нақты деңгейiне сүйенiп, астықтың және оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң экспортына арналған рұқсат ету құжаттарын беруге үстемдiктi құқы бар ұйымдардың қызметiне ақы белгiлеудiң тәртiбi туралы әдiстеменi бекiтсiн және 1997 жылдың 25 қаңтарына дейiнгi мерзiмде бекiтiлген әдiстемеге сәйкес бұл қызметтерге тарифтер енгiзсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi 1997 жылдың 25

қаңтарына дейiнгi мерзiмде астықтың және оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң
экспорты үшiн қажеттi мiндеттi құжаттардың тiзбесiн жергiлiктi
жерлердегi кеден органдарына беретiн болсын.
     Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі астық сапасы 
сертификатының нысанын, оны берудің және қолданудың тәртібін бекітсін.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 9-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 2001.05.23. N 700   
              қаулысымен.  

P010700_

 
     
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары