Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 21 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 477 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 Z952529_ Конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 21, 124-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      30-баптың 2-тармағы:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтер үшiн (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр энергиясы, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту), ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде тұратындарға сондай-ақ отын үшiн алдын ала ақшалай төлем түрiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен жеңiлдiктер беруге жол берiледi".
      2-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 U952694_ Конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 147-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 67-баптың 5-тармағы:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтер үшiн (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр энергиясы, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту), ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде тұратындарға сондай-ақ отын үшiн алдын ала ақшалай төлем түрiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен жеңiлдiктер беруге жол берiледi.".
      2. 69-баптың 6-тармағы:
      "төлеу жөнiндегi" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтер үшiн (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр энергиясы, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту), ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде тұратындарға сондай-ақ отын үшiн алдын ала ақшалай төлем түрiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен жеңiлдiктер беруге жол берiледi".
 

     Қазақстан Республикасының

           Президентi