Акцизделетiн тауарларды жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен мiндеттi түрде таңбалауды енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 31 желтоқсан N 1749. Күші жойылды - ҚРҮ-нің 1999.04.19. N 431 қаулысымен. ~P990431

Күшін жойған

      Акциздердiң толық алымын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетiн тауарлардың кейбiр түрлерiн заңсыз әкелуге, өндiруге және сатуға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Акцизделетiн тауарларды жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен:
      1997 жылдың 10 қаңтарынан бастап - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi бекiткен тәртiппен, 1-қосымшаға сәйкес акцизделетiн тауарларды;
      1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап - 1 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында өндiрiлген темекi өнiмдерiн;
      1997 жылдың 1 сәуiрiнен бастап - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi Кеден комитетiмен бiрлесiп бекiткен тәртiппен, 2-қосымшаға сәйкес акцизделетiн тауарларды мiндеттi түрде таңбалау енгiзiлсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 3-абзацы өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.02.26.
               N 273 қаулысымен. P970273_
      2. 1995-1996 жылдардағы үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен таңбаланған отандық және импорттық өндiрiстiң акцизделетiн тауарларын;
      1997 жылдың 10 қаңтарынан бастап - 1-қосымшаға сәйкес акцизделетiн тауарларды;
      1997 жылдың 1 қазаннан бастап - 1-қосымшаға сәйкес темекi өнiмдерiн және - 2-қосымшаға сәйкес акцизделетiн тауарларды.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 3-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
               1997.02.26. N 273 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 3 абзацы қайтадан жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
               1997.07.24. N 1167 қаулысымен. P971167_
 
      3. Көрсетiлген тауарларды отандық өндiрушiлер мен импорттаушылар акцизделетiн тауарларды таңбалау үшiн жауапты болып табылады деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң Банкнот фабрикасы отандық және импорттық акцизделетiн тауарларға арналған акциздiк алым маркаларын дайындаушы - кәсiпорын болып табылады деп белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi мен мемлекеттiк кеден комитетi:
      бұл жағдайда алкоголь өнiмдерi үшiн иридисценттi қағаздарды қолдану және сериялары мен жетi орынды реттiк номердi мiндеттi түрде кiргiзу арқылы маркалар дайындауды көздей отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң Банкнот фабрикасымен отандық және импортталатын акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларын дайындауға шарт жасассын. Акциз ставкаларындағы елеулi айырмашылықты ескере отырып, шараптар мен күшейтiлген сусындарға арналған жеке акциздiк таңбалар жасау көзделсiн;
      жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларын әзiрлегенi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасымен есеп айырысу: отандық акцизделетiн тауарлар үшiн - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң арнаулы шотына акциз маркаларын сатудан түсетiн қаражат есебiнен; импортталатын акцизделетiн тауарлар үшiн - импорттаушылардың қаражатының есебiнен жүргiзiлсiн;
      одан әрi бақылауды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiне нөмiрлерi мен нақты импорттаушыларды көрсете отырып сатылған акциз маркаларының /оның iшiнде 1995-1996 жылдарғы үлгiлерi/ саны туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiне ай сайын мәлiмет тапсырып отырсын;
      бiр апта мерзiм iшiнде 1995-1996 жылдардағы үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен таңбаланған және акцизделетiн тауарларды өндiрудi, әкелудi және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларда қалған отандық және импортталатын акцизделетiн тауарларға түгендеу жүргiзудiң тәртiбiн әзiрлесiн және оны бекiтсiн;
      тауар өндiретiн тұлғалар мен импорттаушылардан импортталатын акцизделетiн тауарлар жөнiндегi контрактiлерге мiндеттi түрде есеп жүргiзе отырып, жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркасын алуға тапсырыс (оның iшiнде түгендеу жүргiзу үшiн қажет) жинауды қамтамасыз ететiн болсын.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.02.26.
               N 273 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 2 абзацы сөйлеммен толықтырылды - ҚРҮ-нiң
               1997.07.24. N 1167 қаулысымен. P971167_
      6. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен есеп айырысу кезiнде қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң Банкнот фабрикасы жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларына баға қолданылуының дұрыстығын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      7. Жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларының құны:
      отандық акцизделетiн тауарларға - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi осы қаулының 5-тармағының негiзiнде жасалған келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң Банкнот фабрикасымен есеп айырысуларда қолданылатын бағалардың мөлшерiнде;
 
 
                  ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың 4-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
               1997.02.26. N 273 қаулысымен. P970273_
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың 4 абзацы өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.12.
               N 957 қаулысымен. p970957_
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың 3,4-абзацтары алып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1998.12.02. N 1224 қаулысымен. P981224_
 
      8. Жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетiн тауарларды өндiрудi, әкелудi және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар:
      1-қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен таңбалануға жататын отандық өндiрiс тауарларына - 1997 жылдың 10 қаңтарындағы жағдай бойынша;
      1-қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен таңбалануға жататын отандық өндiрiстiң темекi өнiмдерiне - 1997 жылдың 1 шiлдедегi жағдай бойынша;
      2-қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен таңбалануға жататын импорттық өндiрiстiң, оның iшiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер өндiрiсiнiң тауарларына - 1997 жылдың қазандағы жағдай бойынша түгендеу жүргiзсiн.
      ЕСКЕРТУ. 8-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.02.26.
               N 273 қаулысымен. P970273_
      9. Акцизделетiн тауарларды өндiрудi, әкелудi және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларда түгендеу жүргiзiлген күнгi қалдық акцизделетiн тауарлар таңбаланған 1995-1996 жылдардағы үлгiдегi акциздiк алым маркаларының құны (олар бойынша төленген қосылған құнға салынатын салықты қоспағанда), сондай-ақ түгендеу жүргiзiлген күнi тауар өндiрушiлер мен импорттаушыларда қалған 1995-1996 жылдардағы үлгiдегi пайдаланылмаған акциздiк алым маркаларының құны өндiрiс пен айналымның шығынына жатқызуға жатады.
      10. Жаңа үлгiдегi акциздiк маркалармен таңбалануға жататын

 

тауарларды әкелудiң және сатудың ережесiн бұзу бұл тауарларды

тәркiлеу арқылы қолданылып жүрген заңдар бойынша тиiстi

жауапкершiлiкке алып барады.

     11. Акцизделетiн тауарларды өндiрудi, әкелудi және сатуды

жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар алынған жаңа үлгiдегi

акциздiк алым маркаларын жоғалтқан, ұрлаған және с.с. жағдайда

белгiленген тәртiппен бюджетке акциз төлеу жөнiнде жауапкершiлiкте

болады.

     12. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр

шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.

     13. Осы қаулы жариялауға жатады.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрiнiң

      бiрiншi орынбасары

                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1996 жылғы 31 желтоқсандағы

                                         N 1749 қаулысына

                                             1-қосымша


           Жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен мiндеттi

       түрде таңбалауға жататын отандық акцизделетiн тауарлардың

                              ТIЗБЕСI


     Арақ

     Спирттiң барлық түрi

     Ликерлер, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар мен

бальзамдар

     Коньяк

     Шампан

     Шарап

     Темекi өнiмдерi (мынадай атауларды қоспағанда: "Қазақстан",

"Медеу", сүзгiсiз барлық сигареттер мен "Полет", "Прима",

"Беламор-Канал" класындағы папиростар)







. Ескерту. Мiндеттi түрде таңбалау 1997 жылдың 1 шiлдесiнен

бастап енгiзiледi.



     ЕСКЕРТУ. 1-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.02.26.

              N 273 қаулысымен.

                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1996 жылғы 31 желтоқсандағы

                                         N 1749 қаулысына

                                             2-қосымша


         Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн және

         жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен мiндеттi

           түрде таңбалауға жататын акциздiк тауарлардың

                             ТIЗБЕСI

___________________________________________________________________

Сыртқы экономикалық қызметтiң       |Тауардың атауы

тауарлық номенклатурасының коды     |

___________________________________________________________________

2204-тен                            |Шарап, шампан шарабы

(2204 30-дан басқасы), 2205,        |

2206 00



                          |

___________________________________________________________________

2207, 2208-ден


                  |Спирттiң барлық түрi,

                                    |күшейтiлген сусындар,

                                    |күшейтiлген шырындар,

                                    |бальзамдар, арақ, ликер-арақ

                                    |өнiмдерi, коньяктар

___________________________________________________________________

2402


                            |Темекi өнiмдерi, темекiсi бар

                                    |басқа да өнiмдер

___________________________________________________________________




. Ескерту. Тауарлардың номенклатурасы кодпен де, тауарлардың

атауымен де айқындалады.

     ЕСКЕРТУ. 2-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.12.

              N 957 қаулысымен.


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1996 жылғы 31 желтоқсандағы

                                         N 1749 қаулысына

                                             3-қосымша


            Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi

                 жойылған кейбiр шешiмдерiнiң

                          ТIЗБЕСI



 
       1. "Қазақстан Республикасының аумағында акциздiк алым маркаларын енгiзу және таңбалауға, жататын, акцизделетiн тауарларды сату туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 592 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 16, 179-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 592 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 73 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 6, 27 құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 қазандағы N 1226 қаулысының 7-тармағы.
      4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 592 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 маусымдағы N 750 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 28, 247-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы және күшiн жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 тамыздағы N 1031 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 39-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 592 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1094 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 27, 327-құжат).