Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1749 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 24 шiлдедегi N 1167

      Акцизделетiн тауарларды таңбалаудың тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Акцизделетiн тауарларды жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен мiндеттi түрде таңбалауды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1749 қаулысына P961749_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 5181-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

 

     2-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

     "1997 жылғы 1 қазаннан бастап 1-қосымшаға сәйкес темекi

өнiмдерiн және 2-қосымшаға сәйкес акцизделетiн тауарларды";

     5-тармақтың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлемдермен

толықтырылсын:

     "Акциз ставкаларындағы елеулi айырмашылықты ескере отырып,

шараптар мен күшейтiлген сусындарға арналған жеке акциздiк таңбалар

жасау көзделсiн".


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрiнiң

      бiрiншi орынбасары