"Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылы 20 желтоқсандағы N 2697 U952697_ Заң күшi бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ереженi бекiту жайында" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 қарашадағы N 1302 P941302_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Ереже мәтiнiндегi "Министрлер Кабинетi", "Министрлер Кабинетiнiң", "Жоғарғы Кеңестiң" деген сөздер "Үкiметi", "Үкiметiнiң", "Парламентiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 2-абзацындағы "темiр жол қатынасы жолдарын және оларға арналған ғимараттарды салуды, пайдалану мен ұстауды," деген сөздерден кейiн "сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалануды бақылауды," деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы "оның банк мекемелерiнде" деген сөздерден кейiн "белгiленген тәртiппен" сөздерiмен толықтырылсын;
7-тармақта:
жетiншi абзац "көлiк және байланыс" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ әуе кеңiстiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттiк басқару, әуе кеңiстiгiн пайдалану жұмысын үйлестiру мен бақылау";
8-тармақта:
екiншi абзацтағы "жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен байланыс" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ кеңiстiгiн пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
он үшiншi абзацтағы "көлiк-коммуникациялар" деген сөздерден кейiн "әуе кеңiстiгiн пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
он бесiншi абзацтағы "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "заңдарымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
он алтыншы абзацтағы "жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен байланыс" деген сөздерден кейiн "әуе кеңiстiгiн пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма бiрiншi абзацтағы "Министрлер Кабинетi жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
жиырма бесiншi абзацтағы "жол шаруашылығында" деген сөздер "сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалану кезiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"белгiленген тәртiппен әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметке рұқсат беру мен тоқтатуға";
14-тармақта:
бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Министрлiкте құрамында Министр (алқа төрағасы), Министрлер орынбасарлары, лауазымы бойынша комитеттер мен департаменттердiң басшылары, сондай-ақ көлiк-коммуникация кешенiндегi басшы қызметкерлерi бар алқа құрылады.
Министрлiктiң алқа құрамының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi,";
үшiншi тармақтағы "қызметiнiң" деген сөзден кейiн "және әуе кеңiстiгiн пайдаланудың" деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақта:
екiншi абзацтағы "әуе" деген сөз алынып тасталсын;
екiншi абзацтағы "туралы Ережелердi деген сөздерден кейiн "Әуе
кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi
комитетi туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
"Министрлiктiң жанындағы Әуе кеңiстiгiн пайдалану және
азаматтық авиация қызметi жөнiндегi Комитетi iс-қимыл жасайды.
Комитеттi Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Үкiметi қызметке тағайындайтын және босататын Төраға басқарады.";
бiрiншi және екiншi абзацтар тиiсiнше екiншi және үшiншi
абзацтар болып есептелсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары