ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.08.21. N 1095
қаулысымен. P011095_
1. Берiлiп отырған Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдауды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы ереже; <*>
жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен
халықаралық тасымалдаумен айналысатын субъектiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн. <*> 2. "Қазақстан Республикасында жолаушы мен жүктi тасымал жасауға байланысты коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 2 сәуiрдегi N 251 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 122-құжат) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1621 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы ЕРЕЖЕ <*> ЕСКЕРТУ. Атауы мен мәтiнiне сөздер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1999.03.19. N 277 қаулысымен. P990277_ ЕСКЕРТУ. Мәтiнiнде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.08.21. N 1095 қаулысымен. P011095_ I. Жалпы ережелер
1. Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi халықаралық тасымалдауды лицензиялауды қызметтiң осы түрiн мемлекеттiк реттеу, көлiктiк қызмет көрсету рыногының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және оларды тұтынушылардың мүдделерiн қорғау, көлiк, лицензия, монополияға қарсы заңдарды, экологиялық нормалар мен қозғалыс қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Көлiктiк бақылау комитетi мен оның аумақтық органдары (бұдан әрi Көлiктiк бақылау комитетiнiң органы) жүргiзедi. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.03.19. N 277 қаулысымен.
P990277_
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 2001.08.21. N 1095
қаулысымен. P011095_
2. Меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi халықаралық тасымалдау лицензиялауға жатады. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1999.03.19. N 277
қаулысымен. P990277_
3. Жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдау кезiнде лицензиялауды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға лицензия болғанда ғана рұқсат етiледi. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1999.03.19. N 277
қаулысымен. P990277_
4. Жолаушыларды немесе жүктердi, қауiптi жүктердi халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын адамда лицензия немесе оның бар екендiгiн растайтын құжат (лицензиялық карточка) болуы тиiс. <*>
<*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.23.
N 251 қаулысымен. P980251_
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.03.19. N 277 қаулысымен.
P990277_
5. Лицензияларды беру қызметтiң осы түрi үшiн заңдармен
белгiленген талаптарға жауап беретiн барлық адамдарға арналған тең негiздер мен шарттарда жүзеге асырылады. Лицензияны басқа тұлғаларға беруге тыйым салынған. Автокөлiк құралдарын сенiмхатсыз басқару жалға беру құқығында басқа тұлғаларға беру кезiнде лицензия осы Ережеде көзделген тәртiппен сенiлген тұлғаға немесе жалға алушыға берiледi. II. Лицензияларды берудiң шарттары мен тәртiбi 6. Көлiк инспекциясының органдары лицензияны қызметтiң өтiнiш жасалған түрiне және халықаралық тасымалдаудың ерекшелiктерiне қарай олардың мынадай қолданылу аясын көрсете отырып бередi: <*> жүктердi халықаралық тасымалдауға арналған - "Г"; <*> жолаушыларды халықаралық тасымалдауға арналған - "П"; <*> жүктер мен жолаушылар тасымалдауға арналған "ПГ"; <*> қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған - "ОГ"; қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған лицензияларда оның мынадай қолданылу аймақтары бекiтiледi: <*> қалалық және қала маңындағы тасымалдар; облысiшiлiк тасымалдар; облысаралық тасымалдар; халықаралық тасымалдар.
Қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған лицензияда тасымалдауға лицензия берiлген қауiптi жүктiң түрi мiндеттi түрде көрсетiледi.
<*>
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.03.19. N 277 қаулысымен.
P990277_
7. Лицензиялық алымды заңды және жеке тұлғалар лицензия алғанға дейiн енгiзедi.
Лицензия беруден алынған қаражат салық заңдарына сәйкес төленедi. <*>
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1999.03.19.
N 277 қаулысымен. P990277_
8. Лицензия бланкiсi бағалы қағаз деңгейiнде қорғанымдық дәрежеге ие, қатаң есептiлiк бланкiсi болып табылады, есептiк сериясы, нөмiрi бар және баспаханалық тәсiлмен әзiрленедi.
Лицензиялық құжаттардың бланкiлерiн, берiлген лицензиялардың көшiрмелерiн есепке алу мен сақтау және оларды тiркеу Көлiктiк бақылау комитетiнiң органдарына жүктеледi. <*>
9. Өтiнiш жасаушы лицензия алу үшiн Көлiктiк бақылау комитетiнiң органына мыналарды табыс етедi:
а) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
б) лицензиялық алымды енгiзгенiн растайтын құжаттар; <*>
в) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
г) техникалық паспорттың көшiрмесi;
д) автокөлiк құралдарының тiзiмi;
е) қауiптi жүктi тасымалдауға, лицензия алу үшiн қауiптi жүктердiң нақты түрлерiн тасымалдауды жүзеге асыруға көлiк құралдарының техникалық жарамдылығы туралы куәландырушы құжаттар;
ж) автокөлiк құралдарының жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауға жiберiлгенi туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшiрмесi. <*>
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгердi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1999.03.19.
N 277 қаулысымен. P990277_
10. Лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм қажеттi құжаттарды алған күннен бастап 30 күннен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он күннен аспайтын уақыт iшiнде қабылданады. <*>
Қосымша, оның iшiнде тәуелсiз сараптама жүргiзу қажет болған жағдайда шешiм сараптама қорытындысын алған соң 10 күн мерзiмде, бiрақ өтiнiш берген күннен бастап 30 күннен кешiктiрiлмей қабылданады.
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ толықтырылды- ҚРҮ-нiң 1999.03.19. N 277
қаулысымен. P990277_
11. Егер:
- өтiнiш берушi өтiнiш берушi мен қызметтiң осы түрi үшiн белгiленген бiлiктiлiк талаптарына жауап бермесе;
- көлiк құралына жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асырушы субъектiлердiң осы санаттары үшiн заңдармен тыйым салынса;
- осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар табыс етiлмесе;
- өтiнiш берушi лицензиялық алымды енгiзбесе; <*>
- өтiнiш жасаушыға қатысты тасымалдау қызметiнiң осы түрiмен айналысуға оған тыйым салған соттың шешiмi болса, лицензия берiлмейдi.
Өтiнiш жасаушыға аталған кедергiлердi жойған кезде өтiнiш осы Ережеде көзделген тәртiпте қаралады.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 2001.08.21. N 1095
қаулысымен. P011095_
12. Лицензия беруден:
а) өтiнiш жасаушыға лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру құқығын берудiң орынсыздығы;
б) оларды өндiруге немесе сатуға лицензия талап етiлетiн тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) рыноктың молдығы:
в) рынокта монопольды жағдайда қамтамасыз ету;
г) өтiнiш берушiнiң жеке басының қасиеттерi мен iскерлiк беделiн, оның iшiнде бұрынғы сотталушылығына, тасымалдау қызметiн жүзеге асыруға бұрынғы тыйым салуларға бұрынғы лицензияларды қайтып алуға байланысты күдiктенулер, егер бұл тыйым салулар мен қайтып алулар заңмен белгiленген тәртiпке сәйкес өзiнiң қолданысын тоқтатқан (өтеген) болып саналу себептерi бойынша бас тартуға тыйым салынады.
13. Лицензия берудi:
- алынған лицензияға сәйкес өндiрiлген жұмыстарды, қызмет көрсетулердi белгiлi бiр тұтынушыларға сату туралы;
бұрын белгiленген бағалар бойынша өндiрiлген жұмыстар мен қызмет көрсетулерге белгiлi бiр тарифтер тағайындау туралы талаптармен байланыстыруға тыйым салынады.
Лицензия беруден бас тартқан кезде өтiнiш жасаушыға лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
14. Лицензиар:
а) Лицензиат лицензиялық, көлiктiк және монополияға қарсы заңдардың талаптарын орындамаған;
б) лицензиат лицензияның қолданысын тоқтатқандығы себептерiн жоймаған;
в) сот лицензиатқа оның лицензиямен жүзеге асыруға ие болған қызмет түрiмен айналысуға тыйым салған жағдайларда белгiленген тәртiппен лицензияны қайтып алу мүмкiн.
Лицензиар белгiленген тәртiппен себептерiн көрсетiп алты айға
дейiн мерзiмге лицензияны тоқтата тұруға құқылы, бұл жөнiнде ол лицензиатқа 3 күндiк мерзiмде хабарлайды. Тоқтата тұрудың себептерi жойылған және Көлiк инспекциясының органдары тиiстi шешiм қабылдаған соң лицензия қайта қолданысқа енгiзiлген болып саналады, бұл жөнiнде ол лицензиатқа 3 күндiк мерзiмде хабарлайды. 15. Лицензия: а) лицензия берiлген мерзiм бiткен; б) лицензия қайтып алынған; в) лицензия берiлген заңды немесе жеке тұлғалар қызметiн тоқтатқан; г) <*> ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 2001.08.21. N 1095 қаулысымен. P011095_
16. Заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе азаматтың кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқан кезде лицензияны қолданылу тоқтатылады.
Лицензияны жоғалтқан кезде лицензиат көшiрмесiн алуға құқылы. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша он күннiң iшiнде лицензияның көшiрмесiн берудi жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейдi.
Лицензиясы бар жеке тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бiр ай мерзiмде осы туралы лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетiлсе) өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бiр айдың ішiнде лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтініш берген күннен бастап 10 күннiң ішiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым төленеді. <*>
ЕСКЕРТУ. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 2001.08.21. N 1095
қаулысымен. P011095_
III. Жауапкершiлiк және бақылау
17. Егер лицензиат арналған лицензияны алғаннан кейін жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға кiрiспесе немесе тасымалдауды тоқтатса, оның өндiрiлген ақысын қайтару немесе қайта есептеу жүргiзiлмейдi. <*>
ЕСКЕРТУ. 17-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1999.03.19.
N 277 қаулысымен. P990277_ ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 2001.08.21. N 1095 қаулысымен. P011095_ 18. Лицензиялық тәртiп белгiленген қызметке қатысты лицензиясы жүзеге асырудан алынған кiрiс, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес салық инспекциясы органдарының алып қоюына жатады. 19. Көлiк инспекциясының органдары лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Бақылаудың тәртiбi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiлеген тәртiпте бекiтiлген нұсқаулықтармен орнатылады. 20. Лицензияның қызметiн тоқтатуға байланысты даулар заңдарда белгiленген тәртiпте шешiледi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1621 қаулысымен бекiтiлген Жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдаумен айналысатын субъектiлерде қойылатын бiлiктiлiк талаптары <*> ЕСКЕРТУ. Атауы өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.03.19. N 277 қаулысымен. P990277_
Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi халықаралық тасымалдаумен айналысатын субъектiлер мынадай бiлiктiлiк талаптарына сай болуға тиiс: <*>
ЕСКЕРТУ. 1-абзац өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.03.19. N 277 қаулысымен.
P990277_
жүргізушілердің белгіленген еңбек және демалыс режимін орындау және қоғамның, қоршаған ортаның, азаматтардың өмiрi мен денсаулығын, сондай-ақ тұтынушылар құқықтарының сапасы мен қорғалуын қамтамасыз ететiн көлiк қызметiн көрсету өндiрiсiнiң шарттарын сақтау; <*>
ЕСКЕРТУ. 2-абзац өзгердi - ҚР Үкіметінiң 2001.08.21. N 1095
қаулысымен. P011095_
Қазақстан Республикасының көлiк, салық және монополияға қарсы заңдарының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдер мен конвенциялардың ережелерiн сақтау;
сақтандырудың мiндеттi түрлерiн қамтамасыз ету;
жолаушылар мен жүктердi тасымалдау ережелерiнiң талаптарымен айқындалған кәсiби жарамдылық.
Аттестация жүргiзу мен қажеттi бiлiмдердiң көлемiн (бағдарламаларын) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiлейдi; <*>
ЕСКЕРТУ. 6-абзац өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.03.19. N 277 қаулысымен.
P990277_
ЕСКЕРТУ. 6-абзац өзгердi - ҚР Үкіметінiң 2001.08.21. N 1095
қаулысымен. P011095_
автокөлiк құралдарының жолаушылар мен тамақ өнiмдерiн тасымалдауға жарамдылығы туралы санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк актiлерге сәйкес аталған органдардың жүктердi тасымалдау кезiнде талап етiлетiн қорытындысы болуы;
көлік құралының жүргізушісі ретінде кемінде үш жылдық үзіліссіз жұмыс өтілі, ал қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия алған кезде қауіпті жүктердің тасымалдарына рұқсат алу үшін арнайы дайындықтан өткені туралы куәлігі болуы тиіс. Жүктерді тасымалдау (қауiптiлерінен басқа) рұқсат етiлген ең үлкен салмағы 7,5 тоннадан аспайтын көлiк құрылымын жүзеге асырылатын жағдайларда, жүргiзушілердiң жасы 18-ден кем болмауы тиiс. Егер тасымалдарды ұйымдастыру технологиясымен көлiк құралын басқаруға екi жүргiзушi көзделген болса, онда оның бiреуi 21 жастан кiшi болмауы тиiс.
ЕСКЕРТУ. 8-абзац жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 2001.08.21. N 1095
қаулысымен. P011095_