"Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру, сондай-ақ қалаларды, елдi мекендердi өрттен қорғауды арттыру және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң әскери даярлығын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1.
(1-тармақтың күші жойылды - Қазақстан Республиксы Үкіметінің 2005.06.30. N 662
қаулысымен
.)
2.
(2-тармақтың күші жойылды - Қазақстан Республиксы Үкіметінің 2005.06.30. N 662
қаулысымен
.)
3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) 1-қосымшасында:
6-тармақтың төртiншi абзацындағы "және монтаждық" деген сөз алынып тасталсын;
10-тармақтың екiншi абзацындағы "ретке келтiру" деген сөздiң алдынан "монтаждау" деген сөз қосылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары