Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк өрт қадағалау мен өрттен қорғауды ұйымдастыру тәртібi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегi N 430 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 20, 192-құжат):
қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы";
1-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Республиканың елдi мекендерi мен объектiлерiнде мемлекеттiк өрт қадағалау мен өрт сөндiру Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметiнiң бас басқармасы мен олардың бөлiмшелерiне жүктелетiн болып белгiленсiн";
"өрттен қорғау" деген сөздер "Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "Iшкi iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi" деген сөздер "облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екiншi абзацындағы "республикалық" деген сөз "жергiлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк өрт қадағалау мен өрттен қорғауды ұйымдастыру тәртібi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегi N 430 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк өрт қадағалау туралы Ережеде:
2-тармақтағы "өрттен қорғау" деген сөздер "Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн нормативтiк актiлердi жасау және келiсу;
Қазақстан Республикасының аумағында болған барлық өрттердi (олардан келген зардаптарды) мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асыру";
мына мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13. Объектiлер, олардың өрт қауiптiлiгiнiң маңыздылығы мен дәрежесiне қарай I, II, III, және IҮ топтарға бөлiнедi, Мұндай объектiлердiң тiзбесiн мемлекеттiк өрт қадағалау органдары айқындайды. IҮ топқа қатысты объектiлер мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының жыл сайын паспорттау жүргiзуiне жатады. Осы объектiлердi паспорттаудан өткiзуге байланысты қызметтер ақылы негiзде жүзеге асырылады. Паспорттау жүргiзу туралы Ереженi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi жасайды және бекiтедi".
3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi
N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) 1-қосымшасында: 6-тармақтың төртiншi абзацындағы "және монтаждық" деген сөз алынып тасталсын; 10-тармақтың екiншi абзацындағы "ретке келтiру" деген сөздiң алдынан "монтаждау" деген сөз қосылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары