Шаруашылық жүргiзу құқындағы мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы Банкiнiң Жарғысын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қараша N 1339

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы"

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге
асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1995 жылғы 31 тамыздағы N 2445  

K952445_

  қаулысын (Қазақстан 
Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 
107-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi 
қаулы етедi:
     Шаруашылық жүргiзу құқындағы мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы Банкiнiң қоса
берiлiп отырған Жарғысы бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасының Ұлттық       Қазақстан Республикасы
Банкiмен                               Үкiметiнiң
Келiсiлген                             1996 жылғы 1 қарашадағы
Қазақстан Республикасының Ұлттық       N 1339 қаулысымен
Банкi төрағасының                      Бекiтiлген
орынбасары Г.Марченко___________

        Шаруашылық жүргiзу құқындағы Мемлекеттiк кәсiпорын -
          Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тұрғын үй
             құрылысы Банкiнiң  (Тұрғынүйқұрылысбанкi)
                              ЖАРҒЫСЫ

                   I. Жалпы ережелер



      Осы Жарғы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының Z952444_ және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнiң негiзiнде әзiрлендi.
      Жарғы шаруашылық жүргiзу құқындағы Мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тұрғын үй құрылымы Банкiнiң (бұдан әрi - Тұрғынүйқұрылысбанкi) құқықтық мәртебесiн, функцияларын және қызметiнiң негiзгi принциптерiн айқындайды.
      1. Тұрғынүйқұрылысбанкi
      Қазақстан Республикасының бiрыңғай банктiк жүйесiне кiредi және екiншi деңгейдегi банк болып табылады. "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы Банкiнiң мәселелерi" атты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 56 P940056_ қаулысының негiзiнде құрылған.
      Тұрғынүйқұрылысбанкiн құрудың мақсаты тұрғын үй саласын және оны қаржыландыру мен кредиттендiрудiң бiрыңғай жүйесiн дамыту болып табылады. Тұрғынүйқұрылысбанкi халықтың қалың тобына, бiрiншi кезекте халықтың әлеуметтiк қорғалатын, тұрмыс деңгейi төмен және өте мұқтаж жiгi санаттарының тұрғын үй салуы, қайта жаңартуы, жөндеуi, сатып алуы үшiн орта және ұзақ мерзiмдi кредиттерге жол ашуды қамтамасыз етедi, коммерциялық және басқа құрылыс салушыларды кредиттендiрудi жүзеге асырады.
      Тұрғынүйқұрылысбанкi "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 U931344_ Жарлығын орындауды жүзеге асырады, индекстелетiн ұзақ мерзiмдiк, оның iшiнде жеңiлдiктi процент ставкалары бойынша ипотекалық кредиттiң әртүрлi нысандарын берудi жүргiзедi, халықтың қаражатын сақталуы мен қайтарылуын мемлекет кепiлдендiретiн жинақтау тұрғын үй шотына тартады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң құрылтайшысы болып табылады.
      3. Тұрғынүйқұрылысбанкi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметтерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген басқа да заң актiлерiн, халықаралық нормаларды, Үкiметтiң, Ұлттық Банктiң нормативтiк актiлерiн және осы Жарғыны басшылыққа алады.
      4. Тұрғынүйқұрылысбанкi осы Жарғыға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға болып табылады.
      Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң ашылғаны туралы хабар баспасөзде жарияланады.
      5. Тұрғынүйқұрылысбанкi операцияларды ақылы негiзде жүзеге асырады, бөлектенген мүлiкке ие болады, өзiнiң атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды сатып ала алады, сотта талапкер әрi жауапкер болуға жауапкершiлiк жүктейдi.
      6. Тұрғынүйқұрылысбанкi ұлттық банктiң келiсiмiмен, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, алдына қойылған мiндеттердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында да, одан сыртқары жерлерде де өзiнiң филиалдарын, еншiлес банктерiн және өкiлдiктерiн құрады.
      Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң филиалдары заңды тұлға болып табылмайды және олардың дербес балансы болмайды, олар жасайтын шаруашылық қызметтiң жеке баланстары Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң жиынтық баласына кiргiзiледi.
      Филиалдар өздерiнiң қызметiн оларға Тұрғынүйқұрылысбанкi берген құқықтардың шегiнде және Тұрғынүйқұрылысбанкi басқармасы бекiткен осы мекемелер туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, өздерiнiң жоғары тұрған органдарына ғана есеп бередi.
      Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң шет елдерде ашылған филиалдарының қызметiн олар орналасқан елдiң орталық банкi осы елде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес реттейдi.
      7. Тұрғынүйқұрылысбанкi қолданылып жүрген банк заңдарына сәйкес басқа заңды тұлғалардың жарғылық қорларына қатыса алады.
      8. Тұрғынүйқұрылысбанкi өзiнiң мiндеттемелерi бойынша иелiгiндегi барлық мүлкiмен жауап бередi.
      Мемлекет Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң мiндеттемелерi бойынша оның Жарғылық қорына салынған қаражаттардың шегiнде жауап бередi. Үкiмет бөлек шешiммен оның мiндеттемелерi бойынша қосымша жауапкершiлiктi өзiне қабылдай және банкке жүктей алады.
      9. Тұрғынүйқұрылысбанкi клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары, шоттары мен салымдары бойынша құпияны сақтауға кепiлдiк бередi.
      Тұрғынүйқұрылысбанкi клиенттерiнiң операциялары мен шоттары бойынша анықтамалар шоттардың иелерiнен немесе олардың заңды өкiлдерiнен басқа заңда белгiленген тәртiппен соттарға, жауап алу, тергеу және прокуратура органдарына, аудиторлық ұйымдарға, сондай-ақ салық салу мәселелерi бойынша салық органдарына ғана берiледi.
      Клиенттердiң Тұрғынүйқұрылысбанкiндегi ақша қаражаттары мен басқа да мүлкi қолданылып жүрген заңдарда көзделген негiзде және тәртiппен ғана тұтқындалуы мүмкiн және өндiрiп алу қолданылуы мүмкiн.
      10. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, мөрi, қазақ және орыс тiлiнде өзiнiң атауы жазылған мөртабандары, бланкiлерi, эмблемасы болады.
      Тұрғынүйқұрылысбанкi Басқармасының орналасқан жерi -
      Қазақстан Республикасы, 480072, Алматы қаласы,
      Шевченко көшесi, N 100-үй.
      Тұрғынүйқұрылыс банкiнiң атауы:
      - қазақ тiлiнде: Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкi; қысқарған атауы; Тұрғынүйқұрылысбанкi;
      - орыс тiлiнде: государственный Банк жилищного строительства Республики Казахстан;
      - қысқарған атауы: Жилстройбанк.

                II. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң мiндеттерi

      11. Тұрғынүйқұрылысбанкi халықтың жiктерiн өздерiнiң тұрғын үй жағдайларын, бiрiншi кезекте өз қаражаттары, сондай-ақ кәсiпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар мен қаржы институттары есебiнен шешуге тартуға жәрдемдеседi, ол азаматтар үшiн олардың қалаулары бойынша тұрғын үй жинақтау шоттарын ашады және тұрғын үй шараларына ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi ипотекалық кредиттер берудi жүзеге асырады.
      12. Тұрғынүйқұрылысбанкi халыққа, сондай-ақ олардың меншiк нысанына қарамастан тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй сату, сондай-ақ әлеуметтiк, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымын дамыту саласында жұмыс iстеп жатқан кәсiпорындар мен ұйымдарға қаржыландыру мен кредиттендiру, есептесу, кассалық қызмет көрсету және басқа да банк қызметтерiн көрсету жолымен Мемлекеттiк тұрғын үй саясаты бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады.

            III. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң меншiк қаражаты

      13. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң меншiк қаражаты жарғылық, резервтiк және басқа қорлардан құралады.
      14. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң Жарғылық қоры республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражаттардың есебiнен қалыптастырылады және 324 миллион теңгенi құрайды.
      Жарғылық қордың мөлшерiн өзгерту қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
      15. Тұрғынүйқұрылысбанкi оларды заңды және жеке тұлғалардың арасында тарату үшiн белгiленген тәртiппен облигациялар мен басқа да бағалы қағаздар (акциядан басқа) шығаруға құқылы.
      16. Резерв қоры Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң пайдасының есебiнен банктiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты шығындарды жабу үшiн құрылады. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң шығындары резерв қоры қаражаттарының есебiнен, ал олар жетiспеген кезде Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң басқа да меншiк қаражаттарының есебiнен өтеледi.
      17. Жинақтау және тұтыну қоры жаңа техникаларды енгiзу жөнiндегi шараларды қаржыландыру, жабдықтар мен негiзгi құралдарды алу, мекемелердiң құрылысын салу үшiн, сондай-ақ Тұрғынүйқұрылысбанкi қызметкерлерiнiң әлеуметтiк мұқтаждарына арналған.

              IY. Клиенттердiң мүдделерiн қамтамасыз ету

      18. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 1996 жылғы 29 ақпанда бекiткен Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге сәйкес Тұрғынүйқұрылысбанкi өзi балансының құрылымын реттеу жолымен өзiне қабылдаған өзiнiң капиталының жеткiлiктiлiгiн үнемi ұстап тұру, бiр клиентке арналған ең жоғары тәуекелдiң мөлшерiн сақтау, қаражаттар мен мiндеттемелердiң және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес басқа да талаптардың өтiмдiлiгiн бақылау мiндеттемелерiн уақытылы және толықтай орындауға мiндеттенедi.
      19. Тұрғынүйқұрылысбанкi банктiк қызметтi жүзеге асыруға

байланысты шығындарды жабу мақсатында Пруденциалдық нормативтер
туралы ережеге сәйкес ең төменгi резервтiк талаптарының белгiленген
мөлшерiнде тартылған ақша қаражаттарының бөлiгiн Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкiне сақтауға беруге мiндеттенедi.

          Y. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң кредиттiк ресурстары

     20. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң кредиттiк ресурстары;
     а) меншiк қаражатының (алынған негiзгi қорлардың құнын, басқа
банктердiң пайлары мен акцияларына салымдарды және олар
жұмылдырылған қаражаттарды алып тастағандағы);
     б) мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден алынған қаражаттардың;
     в) жұмыспен қамту қоры қаражаттарының;
     г) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кредиттiк ресурстарын
реттеу қоры қаражаттарының;
     д) клиенттердiң шоттардағы қаражаттарының;
     е) басқа банктер кредиттерiнiң;
     ж) басқа да тартылған қаражаттардың есебiнен қалыптастырылады.


      21. Тұрғынүйқұрылысбанкi тұрғын үй нарығын дамыту үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша өз кепiлдiгiмен және Үкiметтiң кепiлдiгiмен шетелдiк банктер мен басқа да қаржы ұйымдарының кредиттiк ресурстарын тарта алады.
      Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң операциялық жыл iшiндегi бөлiнбеген, бюджетке төленетiн төлемдердi төлегеннен кейiнгi қалған пайдасы кредиттендiру ресурсы ретiнде пайдаланыла алады.

          YI. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң операциялары

      22. Тұрғынүйқұрылысбанкi операциялар жүргiзу және ақша қаражаттарын сақтау үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң мекемелерiнде және басқа банктерде корреспонденттiк шоттар ашады.
      Тұрғынүйқұрылысбанкi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бойынша мынадай операцияларды:
      заңды және жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауды;
      банктердiң және банктiк емес қаржы мекемелерiнiң корреспонденттiк шоттарын, сондай-ақ банктердiң металдық шоттарын ашуды және жүргiзудi;
      кассалық операцияларды: банкноттар мен монеттердi қабылдауды, қайта санауды, майдалауды, айырбастауды, қаттауды және сақтауды;
      аудару операцияларын: заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын аудару жөнiндегi тапсырмаларын орындауды;
      есептеу операцияларын: заңды жеке тұлғалардың вексельдерi мен басқа да қарыздық мiндеттемелерiн есепке алуды (дискот);
      несиелiк операцияларды: ақшалай нысанда кредиттер ұсынуды;
      инвестицияланатын қаражаттардың иелерi мен иелiк етушiлерiнiң тапсырмалары бойынша күрделi салымдарды қаржыландыруды;
      сенiмдiк (трастық) операцияларды: сенiм артушының мүддесiне және тапсырмасы бойынша ақша қаражаттарын басқаруды;
      клирингтiк операцияларды: төлемдердi жинауды, тексерудi, сұрыптауды және растауды, сондай-ақ олардың өзара есебiн жүргiзудi және клирингтiң қатысушыларының таза позицияларын айқындауды;
      сейфтiк операцияларды: сейф жәшiктерiн, шкафтарын және бөлмелердi жалға берудi қоса есептегенде клиенттердiң бағалы қағаздарын, құжаттары мен бағалы заттарын сақтау жөнiнде қызметтер көрсетудi;
      ломбардтық операцияларды: сақталатын, жеңiл сатылатын бағалы қағаздар мен жылжымалы мүлiктердiң кепiлдiгiмен қысқа мерзiмдi кредиттер ұсынуды;
      чектарды эмиссиялауды;
      инкассаға қабылдауды, акцептi, төлем құжаттарын төлеудi және растауды;
      төлем карточкаларын шығаруды;
      қымбат бағалы металдарды (алтын, күмiс, платина, платина топтарының металдары), сондай-ақ қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастардан тұратын зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлдiкке қабылдау, есепке алу, сақтау және сату жөнiндегi операцияларды жүргiзудi;
      кепiлдiк операцияларын: үшiншi тұлғалар үшiн ақша нысанында орындауды қарастыратын кепiл, кепiлдiктер мен басқа да мiндеттемелер берудi;
      жалға берушiнiң жалға берген мүлкiне меншiк құқығын шарттың (лизингтiң) қолданылуының барлық мерзiмiнде сақтау арқылы мүлiктi жалға берудi;
      өз бағалы қағаздарын (облигацияларды, вексельдер мен депозиттiк сертификаттарды) эмиссиялауды;
      факторингтiк операцияларды: төлемеу тәуекелiн қабылдау арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алушыдан төлемдi талап ету құқығын алуды;
      форфейтингтiк операцияларды (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алушының қарыздық мiндеттемесiн вексельдердi сатушыға айналымға салмай, сатып алу жолымен төлеудi;
      бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтер жүргiзудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес бағалы қағаздар нарығында кәсiпқойлық қызметтердi жүзеге асырады.

                  YII. Клиенттермен қарым-қатынас

      23. Тараптардың өзара мiндеттемелерi мен экономикалық жауапкершiлiгi, несие бойынша проценттiк ставка мен кепiлдiк, Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң клиенттерiне ақпарат беруi және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа талаптар айқындалатын банк қызметiн көрсетуге арналған шарт Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң клиенттермен қарым - қатынасының құқықтық негiзi болып табылады.
      24. Тұрғынүйқұрылысбанкi алынған кредиттердi уақтылы қайтару жөнiндегi өздерiнiң мiндеттемелерiн орындамаған заем алушыларға Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес төлем қабiлетi жоқ заем алушыны банкрот деп тану туралы сотқа талап-арыз

беруге құқықты. Клиенттерге қажеттi несиенi беру мерзiмдерiн бұзғаны
үшiн Тұрғынүйқұрылысбанкi шартта белгiленген тәртiппен
жауапкершiлiкте болады.
     25. Қаражаттарды клиенттердiң шотынан шығарып тастау және
клиенттiң шотына қабылдау қолданылып жүрген нормативтiк актiлерге
сәйкес жүзеге асырылады.

          YIII. Пайдалардың құрылуы және оны бөлу


     26. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң пайдасы оның қызметiнiң барлық
түрлерiнiң кiрiстерi мен шығыстарынан алынған айырмашылық ретiнде
құрылады. Пайдаларды бөлу Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң таза кiрiсiн
құрайтын салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдердi төлегеннен кейiн
жүзеге асырылады.
     Таза кiрiстер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес
Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң Басқармасы айқындаған тәртiппен
пайдаланылады.

           IХ. Құрылымдары мен басқару органдары



      27. Қазақстан Республикасының Үкiметi Жарғыны бекiтедi және оған заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарында тiркелетiн өзгерiстер енгiзедi.
      28. Тұрғынүйқұрылысбанкi департаменттерi, басқармалары, филиалдары мен жергiлiктi жерлердегi өкiлдiктерi құрылымдық бөлiмшелерi болып табылатын бас банктен тұрады.
      Өзiнiң қызметiн жүзеге асыруы үшiн Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң Басқармасы, директорлығы, Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң жоғары тұрған орындары тағайындайтын жергiлiктi жерлердегi ведомстволық бағынысты органдарының басшылығы болады.
      29. Төраға - Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын

Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң президентi басқаратын Басқарма
Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң жоғары басқару органы болып табылады.
     30. Атқарушы директор (Басқарма Төрағасының бірiншi орынбасары)
басқаратын Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң Директорлығы
Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң жедел басқару органы болып табылады.
     31. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң әкiмшiлiгi мен еңбек ұжымының
арасындағы қарым - қатынас еңбек заңымен және ұжымдық шартпен
реттеледi.

            Х. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң Басқармасы және
                       оның өкiлеттiктерi

     32. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң Басқармасы:
     а) тұрғын үй саласында бiртұтас мемлекеттiк қаржы - кредит
саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
     б) Тұрғынүйқұрылысбанкi әзiрлеген, оның қызметiне қатысты
нормативтiк актiлердi бекiтедi;
     в) жұмыс туралы есептi, банк қызметiнiң жылдық балансын,
пайдалар мен шығындар туралы есептi қарайды;
     г) департаменттердiң құрылымын бекiтедi және директорларын
тағайындайды;


      д) Басқарма егер мәжiлiске үштен екiсiнен кем емес мүшелер қатысса оның қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша шешiм қабылдауға құқылы. Басқарманың әрбiр мүшесi бiр дауысқа ие болады. Шешiмдер қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Басқарма Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады.
      33. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң Басқармасы 9 адамнан тұрады.
      Тұрғынүйқұрылысбанкi Басқармасының құрамына: Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң Төрағасы, оның бiрiншi орынбасары - атқарушы директор, екi орынбасары - Тұрғынүйқұрылысбанкi департаменттерiнiң директорлары, Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң банк операцияларын жоспарлау және дамыту департаментiнiң директоры, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнен екi өкiл, Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгiнен бiр-бiр өкiлден кiредi.
      Басқарманың Төрағасы мен мүшелерiн алты жылға Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.
      Тұрғынүйқұрылысбанкi Басқармасының мүшелiгiне Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнен, Қаржы, Экономика министрлiктерiнен, Тұрғынүйқұрылысбанкiнен кандидатураларды тиiсiнше министрлер мен Басқарма Төрағасы ұсынады.
      34. Тұрғынүйқұрылысбанкi Басқармасының Төрағасы Тұрғынүйқұрылысбанкi қызметiнiң мәселелерi бойынша жедел және атқарулық - өкiмдiк шешiмдер қабылдау, Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң атынан контрактiлер жасасу, барлық заңдық рәсiмдерде Тұрғынүйқұрылысбанкiн өкiлдендiру өкiлеттерiне ие.
      Тұрғынүйқұрылысбанкi Басқармасының Төрағасы Тұрғынүйқұрылысбанкi Директорлығының мәжiлiсiн жүргiзуге құқылы.
      Тұрғынүйқұрылысбанкi Басқармасының Төрағасы өзiнiң өкiлеттiктерiнiң шегiнде Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң және оның барлық жүйесiнiң қызметi үшiн жауапкершiлiкте болады.
      Тұрғынүйқұрылысбанкi Басқармасының Төрағасы болмаған уақытта Басқарманың жұмысына оның орынбасары басшылық етедi.

        ХI. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң директорлығы және
                    оның өкiлеттiктерi

      35. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң директорлығы:
      а) осы Жарғыға сәйкес Тұрғынүйқұрылысбанкi Басқармасының қарауына жататын барлық мәселелердi алдын ала қарайды, олар бойынша тиiстi материалдар, ұсыныстар және шешiмдердiң жобаларын әзiрлейдi;
      б) Орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерi мен Тұрғынүйқұрылысбанкi филиалдарының қызметiне басшылық жасау мәселелерiн шешедi;
      в) Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң қолданылып жүрген заңдарды сақтауын бақылайды және құпиялық режимiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
      г) кiрiс, шығыс және пайда жоспарларын, Тұрғынүйқұрылысбанкi қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттарын бекiтедi;
      д) Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң операциялары бойынша проценттiк ставкаларды белгiлейдi.
      36. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң қаржылық операциялық жылы 1 қаңтардан басталады және 31 желтоқсанда аяқталады. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң жылдық балансы Басқарма бекiткеннен кейiн баспасөзде жарияланады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қаржы министрлiгiне ұсынылады. Есепке алу мен есеп беру, Тұрғынүйқұрылысбанкi қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау, сондай-ақ құжаттарды есепке алу және сақтау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

          ХII. Тұрғынүйқұрылысбанкi қызметiн тексеру және
                         тексерiс жүргiзу

      37. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң шаруашылық-қаржы қызметiн тексерудi қолданылып жүрген заңға сәйкес аудит жүргiзуге құқықты аудиторлық фирма жүзеге асырады.
      38. Аудиторлық фирма жыл сайын Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң заңдар мен оның қызметiн реттейтiн басқа да актiлердi сақтауын, банк iшiндегi есеп пен бақылаудың жолға қойылуын, Тұрғынүйқұрылысбанкi жыл iшiнде жүргiзген кредиттiк, есеп айырысу, валюталық

операцияларды тексередi.
     Аудиторлық тексерулер Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң Басқармасы
бекiткен жоспар бойынша жүргiзiледi.
     39. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң қызметiн бақылауды қолданылып
жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық Банкi, қаржы
және басқа да органдар жүзеге асырады.

         ХIII. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң қызметiн қайта
                   ұйымдастыру және тоқтату

     40. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң қызметiн тоқтату ұйымдастыру немесе
тарату нысанында жүзеге асырылады.


      41. Тұрғынүйқұрылысбанкiн қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      Тұрғынүйқұрылысбанкiн қайта ұйымдастыру кезiнде оның құқықтары, мiндеттемелерi, мүлкi және ақша қаражаттары Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң құқыққабылдаушыларына көшедi.
      42. Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен және жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша тоқтатылады.
      Таратылған Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң мүлкi еңбекақы төлеу жөнiнде қызметкерлермен есеп айырысқаннан, салымшылардың, бюджеттiң, банктердiң, Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң облигациялары мен өзге де бағалы қағаздарының иелерiнiң алдындағы мiндеттемелер орындалғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiледi.
      Тұрғынүйқұрылысбанкi қызметiнiң тоқтатылуы туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.