"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заң күшi бар Жарлығын U962828_ жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Берiлiп отырған Қазақстан Республикасында пайдалы қазба қорларының мемлекеттiк балансын жүргiзудiң тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы N 1287 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасында пайдалы қазба қорларының мемлекеттiк балансын жүргiзудiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының аумағындағы пайдалы қазбалардың мемлекеттiк балансын жүргiзудiң бiрыңғай тәртiбiн (бұдан әрi - мемлекеттiк баланс) белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасының минералды-шикiзат базасының әрбiр жылдың 1 қаңтарына қарағандағы жалпы ахуалы туралы толық және сенiмдi мәлiметтер алу - пайдалы қазба қорларын есепке алудың негiзгi мақсаты болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының пайдалы қорлары жөнiндегi Мемлекеттiк комиссиясы (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының ҚМК) белгiленген тәртiпте бекiткен, бұрын бұрынғы КСРО пайдалы қазба қорлары жөнiндегi Мемлекеттiк комиссиясы (бұдан әрi - КСРО ҚМК), пайдалы қазба қорлары жөнiндегi аумақтық комиссиялар (бұдан әрi - ҚАК) бекiткен Қазақстан Республикасының жер қойнауында барланған пайдалы қазбалардың барлық түрлерiнiң қорлары оның iшiнде мұнай, мұнайда ерiтiлген бос газ, конденсат, сондай-ақ йод, бром және өнеркәсiп, оның iшiнде мұнай суларында бар басқа бағалы компоненттер;
кен орындарын пайдаланған кездегi жер қойнауындағы пайдалы қазбаны өндiрудiң және шығындардың, сондай-ақ өндiру процесi кезiнде қорлар оларды асыра бағалау, өткiзiлген пайдалану және барлау жұмыстарының нәтижесiндегi және басқа себептерден болған өзгерiстерiнiң мәлiметтерi - мемлекеттiк баланста есепке алынуға тиiс.
4. Барлау лицензиясы, бiрiктiрiлген барлау және өндiру лицензиясы бойынша жұмыстар жүргiзiлген жағдайда потенциалды коммерциялық объектiлердi сынама пайдалануға Құзыреттi орган Қазақстан Республикасының ҚМК немесе ҚАК-тың алдын ала сараптау қорытындылары бойынша олардың қорларын мемлекеттiк балансқа қойғанға дейiнгi мерзiмге рұқсат бередi.
5. Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттiк баланспен есепке алу Қазақстан Республикасының ҚМК бекiтетiн пайдалы қазба кен орындары қорларының классификациясына сәйкес жүргiзiледi.
6. Пайдалы қазба қорларының ахуалы мен қозғалысын есепке алу:
кен орындары, қажет болған кезде - учаскелер (мұнай және газ үшiн - тоғырлар), жеке кенiш алқаптары, шахта алқаптары және т.б.;
пайдалы қазбалардың негiзгi типтерi және сорттары - бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттiк баланспен есепке алынуға тиiс пайдалы қазба қорлары:
өндiрiлген және өңдеуге жiберiлген;
өндiру барысында жоғалған;
жер қойнауында қалдырылған - болып бөлiнедi.
Бекiтiлген пайдалы қазба қорларынан кейiнгi геологиялық-барлау жұмыстары және пайдалану кезiнде ауытқу қосу және алу белгiлерiмен есептелiнедi.
8. Қазақстан Республикасының ҚМК және ҚАК, КСРО-ның ҚМК бекiткен қосалқы пайдалы қазбалар және компоненттердiң, оның iшiнде бытыраңқы таралған элементтердiң қорлары есепке алынуға тиiс, олардың өндiру, байыту және әрi қарай өңдеу барысында алыну дәрежесiне тәуелсiз.
9. Өндiрiлген және өңделген баланстағы пайдалы қазба қорларын шығарып тастау оларды толық есептеп алу арқылы жүзеге асырылады.
10. Өндiрiлген және арнайы үйiндiлерге жинақталған пайдалы қазба қорлары, өңдеу қалдықтары техногендi, минералды құрылымдардың арнайы есебiне қойылады.
11. Баланстық мағынасын жоғалтқан пайдалы қазба қорларын ресiмдеу Қазақстан Республикасының ҚМС немесе ҚАК шешiмi бойынша жүргiзiледi, ал баланстық мағына алған немесе арнайы үйiндiлерден алынғандарды есепке алуды жер қойнауын пайдаланушы өз бетiнше жүргiзедi.
12. Пайдалы қазба қорлардың, оларды төменгiден неғұрлым жоғары категорияларға ауыстыру процесiнде Қазақстан Республикасының ҚМК немесе ҚАК белгiлеген категориялардың сенiмдiлiк дәрежесiнiң нормативтiк олқылықтар шегiндегi әртүрлi мағынада расталмауын жер қойнауын пайдаланушы өз бетiнше ресiмдейдi, ал қорлар нормативтiк олқылықтардан асатын алу белгiсiмен расталмаған жағдайда мемлекеттiк балансқа түзетулер енгiзуге Қазақстан Республикасының ҚМК немесе ҚАК рұқсаты болған кезде рұқсат етiледi.
13. Пайдалы қазба қорларын қайта бекiту олар өзгерген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ Құзыреттi орган бастамасымен жасалынады.
14. Өндiру кәсiпорны жойылған немесе консервацияланған кезде баланстағы пайдалы қазба қорларын шығарып тастау немесе оларды баланстан тыс топқа ауыстыру Қазақстан Республикасының ҚМК немесе ҚАК шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
15. Пайдалы қазба қорларының мемлекеттiк балансы бойынша статистикалық есеп нысандарын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистикалық органы бекiтедi.
16. Пайдалы қазба қорларының мемлекеттiк балансын жер қойнауын қорғау және пайдалану жөнiндегi өкiлеттi орган ағымдағы жылдың 1 тамызына дейiнгi мерзiмде жер қойнауын қорғау және пайдалану жөнiндегi аумақтық басқармалар тапсырған әкiмшiлiк облыстар бойынша пайдалы қазба қорларының балансы негiзiнде жасайды.
17. Әкiмшiлiк облыстар бойынша пайдалы қазба қорларының баланстарын ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде жер қойнауын пайдаланушылар тапсырған пайдалы қазба қорларының есептiк баланстары негiзiнде жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi аумақтық басқармалар жасайды.
18. Әкiмшiлiк облыстары бойынша пайдалы қазба қорларының мемлекеттiк және есептiк баланстары мемлекеттiк және есептiк баланстар жасау жөнiндегi Нұсқауға сәйкес жасалады.
19. Жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазба қорларының есептiк баланстарын жер қойнауын қорғау және пайдалану жөнiндегi аумақтық басқармаларға ағымдағы жылдың 15-ақпанына дейiн тапсырады. Жер қойнауын пайдаланушылар есептiк баланстарды алғашқы есепке алудың, жылдық есептiң және қорларды қайта есептеудiң, Қазақстан Республикасының ҚМК немесе ҚАК хаттамаларының мәлiметтерi бойынша жасайды.
20. Барланудағы және пайдаланудағы кен орындарындағы пайдалы қазба қорларын есепке алудың дұрыстығын және уақыттылығын лицензия иелерi қамтамасыз етедi.
21. Мемлекеттiк баланстағы пайдалы қазба қорларының дұрыстығын және уақыттылығын Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлеттiк берген жер қойнауын қорғау және пайдалану жөнiндегi республикалық және аумақтық органдар қамтамасыз етедi.