Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Респбуликасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 қазан N 1285

Қолданыстағы
      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан

Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заң күшi
бар Жарлығын  

U962828_

  орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 
Үкiметi қаулы етедi:
     Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған
ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң
тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi 
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1996 жылғы 18 қазандағы
                                           N 1285 қаулысымен
                                              Бекiтiлген

            Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және
            пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң
            мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң тәртiбi туралы
                               ЕРЕЖЕ 



      1. Осы Ереже зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды көмудiң мемлекеттiк кадастрын (бұдан әрi - мемлекеттiк кадастр) жүргiзудiң тәртiбiн анықтайды және Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жер қойнауын пайдаланушыларға мiндеттi болып табылады.
      2. Мемлекеттiк кадастрды жүргiзу жер қойнауларының мемлекеттiк қорын есепке алу жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
      3. Мемлекеттiк кадастрды Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң органдары республикалық және аймақтық жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау, бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында жүргiзедi. Мемлекеттiк кадастр жедел ақпарат алу, қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында шешiмдер қабылдау, жеке ұйымдар, аймақтар және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша зиянды заттар радиоактивтi қалдықтар және пайдаланылған ағын су көмiлген жерлердiң жай-күйiне жоспарлы бақылау жүргiзу үшiн негiзгi құжат ретiнде қызмет етедi.
      Мемлекеттiк кадастрдың мәлiметтерi жер қойнауы туралы бiртұтас сандық ақпарат жүйесiне (мәлiметтер банкiне) енгiзiледi және жер қойнауы мемлекеттiк мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
      4. Мемлекеттiк кадастрдың есепке алуына зиянды заттарды радиоактивтi қалдықтарды көму объектiлерi мен пайдаланылған ағын су жер қойнауына сiңiрiлетiн жерлер жатады.
      5. Мемлекеттiк кадастр:
      зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көметiн объектiлердiң және пайдаланылған ағын су келiп құйылатын жерлердiң жалпы сипаттамасын: орналасқан орны, пайдалану мерзiмi, оларды ұстауға шығындар, қоршаған орта және жер қойнауы мониторингiнiң бақылау жүйесiнiң болуын және орналасуын және т.б.;
      зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму объектiлерiнiң және пайдаланылғаны ағын су келiп құйылатын жерлердiң физикалық сипаттамасын: оқшаулау сипаттамасын тау жыныстарының түрiн, шоғырлар тереңдiгiн және қабат-коллектордың тиiмдi қуатын, оның алаңын, кеуектiлiк коэффициентiн, төселетiн және бөгелетiн су бөгеттерiнiң сипаттамасын, жер асты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, ағызылған суды сақтау және басқа да сапалық және сандық көрсеткiштерiн, көмудiң және ағызудың кен-техникалық, арнайы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын;
      зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар және пайдаланылған ағын су пайда болатын ұйымдар туралы мәлiметтердi: орналасқан жерiн және қарасты мекемесiн, лицензиялардың, контрактiлердiң, кен және жер бөлiнiстерiнiң болуын және тiркеу нөмiрлерiн;
      зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың және пайдаланылған ағын судың сипаттамаларын: өнiм атауын, нәтижесiнде өнiм пайда болатын технологиялық өндiрiс немесе процесс, физикалық сипаттамасын (толық химиялық құрамын, улы компоненттердiң мөлшерi, өрт-жарылыс қауiптiлiгi, ерiгiштiгi, сақтау кезiнде басқа заттармен сайысушылығы, негiзгi ластайтын радионуклидтер, олардың белсендiлiгi және басқа сипаттамалары), тасымалдау жүйесiнiң сипаттамасын қамтуға тиiс.
      6. Мемлекеттiк кадастр зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар және пайдаланылған ағын сулар үшiн Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi әзiрлеп, бекiтетiн жеке-жеке нұсқаулық талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
      7. Осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген мәлiметтер жыл сайын (есеп жылынан кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсаны iшiнде) 1-қаңтарға қарасты жағдай бойынша екi данада Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң органдарына зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар және пайдаланылған ағын су пайда болатын ұйымдардан және зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды көму объектiлерiнен келiп түседi. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң органдарында ұйымдардан келiп түскен мәлiметтер негiзiнде әкiмшiлiк облыстар және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша жиынтық мемлекеттiк кадастрлар жасалынады.
      8. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi мемлекеттiк кадастрдың дұрыс толтырылуына жауап бередi және:
      ұйымдардан мәлiметтердiң уақтылы келiп түсуiне бақылауды;
      мемлекеттiк кадастр материалдарын жинауды, есепке алуды, жүйелеудi және сақтауды;
      есептеу техникасын пайдалану арқылы және жер қойнауын пайдаланушыларға анықтама-ақпараттық қызмет көрсету негiзiнде мемлекеттiк кадастрдың мәлiметтерiн өңдеудiң автоматтық жүйесiн құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
      9. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлiгiне жыл сайын зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды көму объектiлерiнiң нақтыланған мемлекеттiк кадастрын тапсырады.