1. "Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қыркүйектегi N 1135 P961135_ қаулысына сәйкес қысқарту есебiнен Ақмола қаласында штат саны 40 адам болатын "Жаңа астана" кеденi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне "Жаңа Астана" кеденi үшiн қажеттi қаражат бөлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi "Жаңа Астана" кеденiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн "ЦЕСИНТОРГ" ЖШС-пен әкiмшiлiк, шаруашылық-қоймалық және басқа да үй жайларды жалдауға белгiленген тәртiппен шарт жасассын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi