Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 298 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 23 қыркүйек N 1154. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.06.30. N 1037 қаулысымен. ~P971037

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мен импортының тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 298 P960298_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 11, 83-құжат) "Экспорты лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi" деген

 

4-қосымшаға мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

     "Сирек, жерде сирек кездесетiн металлдар, өндiрiске арналған

шикiзат, балқымалар, қосылыстар мен бұйымдар" деген жолдар бойынша:

     2-бағанда:

     "2804 (280470000 басқа), 280540100" кодтары алынып тасталсын;

     "280450, 280490" кодтарымен толықтырылсын.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi