Қазақстан Республикасындағы тауарлардың /жұмыстар, қызмет көрсетулер/ экспорты мен импортының тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 12 наурыз N 298. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.06.30. N 1037 қаулысымен.

      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және табиғи монополияшы субъектiлердiң қызметiне бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 44, 474-бап) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      1-тармақтың үшiншi абзацындағы "су шаруашылығы жүйелерiн" сөздерiнен кейiн "аэронавигацияны, әуе қозғалысын басқаруды" сөздерiмен толықтырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi